Айдарбаева Гауһар Болатқызы биология пәнінің мұғаліміСабақтың тақырыбы: Ас қорыту мүшелерінің құрылысы
Мақсаты:
Білімділік: Ас қорыту жүйесі құрылысының ерекшелігін және олардың адам ағзасында орналасуын көрсете түсіндіру.
Дамытушылық: Электронды көрнекіліктен бейнетаспаларды пайдалана отырып, оқушылардың көру, есте сақтау, есту, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Тамақ ішу режимін, санитарлық гигиеналық дағдыға үйрету, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: Ауызша түсіндіру, салыстыра баяндау, сұрақ-жауап,
биологиялық, сызықтық диктант, семантикалық карта,
кестелер мен сурет арқылы көрсету.
Сабақтың құрал-жабдықтары: Электронды көрнекілік, слайдтар, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылардың сабаққа дайындығы мен қатысымын тексеру.
Үй тапсырмасын тексеру кезеңінде оқушыларға бес түрлі тапсырма беріледі.
№1 тапсырма: Адасқан әріптер
1.Са урыоқт — (Ас қорыту)
2.Кітркеоқ разтта — (Қоректік заттар)
3.Менрефретт- (Ферменттер)
4.Зурынә — (Нәруыз)
5.Міскөру — (Көмірсу)
6.Мйа — (Май)
7.Инматив — (Витамин)
8.Дыреналим ратзат — (Минералды заттар)
9.Тікмісөкід тқама — (Өсімдікті тамақ)
№2 тапсырма: Сәйкесін тап
1.Ферменттер а)организмдегі негізгі құрылыс материалы
2.Нәруыздар ә)организмдегі негізгі энергия көзі
3.Көмірсулар б)нәруыз текті зат
4.Майлар в)өсімдікті,жануартекті тамақ өнімдері
5.Витаминдер г)әрі құрылыс материалы,әрә энергия көзі
6.Тағамның құрамы д)организмнің тіршілік әрекетіне қажет органикалық заттардың
жеке тобы
Жауаптары:
1-б, 2-а, 3-ә, 4-г, 5-д, 6-в.
№3 тапсырма: Семантикалық карта.
Тағамдық заттардың қызметінің түрлері
|
Қызметі
|
1.Энергетикалық
2.Құрылыстық
|
Организмдерге күш беруші
|
№4 тапсырма
Биологиялық диктант
1.Тамақ өнімдерінің едәуір қарапайым организмге сіңірілетін заттарға ….. және …..процестерді …… деп аталады. 2.Өзгеріссіз қанға сіңірілетін заттар ……., ……. 3.Адам организміне орташа алғанда ….., ……, ……, ……., …… болатыны есептелген. 4.Органимдегі негізгі энергия көзі ….. тәуліктік қажеттілігі …… 5.Адамның …… тәуліктік қажеттілігі 100г болып келетін және көмірсуда, майда ….айнала алмайды.6.Витаминдердің жеткіліксіз мөлшерінен организм әлсіреп, әртүрлі аурулар ….. пайда болады.7 …… сүйек пен тіс құрамына кіретін, зат алмасуға қатысатын қоректік зат. 8.Организмде …… әртүрлі заттардың еріткіш рөлін атқарады, көптеген химиялық реакциялар ….. қатысуына байланысты.
Жауаптары.
1.(ұсақталу және ыдыр ,ас қорыту)
2.(су, минералды тұздар)
3.(15-20% нәруыз, 0,6% көмірсу, 19% майлар, 5,8% минералды тұздар, 60-65% су)
4.(көмірсу,400-500г)
5.(нәруызға)
6.(авитаминоз)
7.(минералды тұз)
8.(су)
№5 тапсырма: Сызықтық диктант.
1.Ірімшік, май, сүт, ет-қоректік заттар.
2.Қоректік заттар организмді энергетикалық және құрылыстық қызметін атқарады.
3.Кеңірдек ас қорыту жүйесінің бір бөлігі болып табылады.
4.Тіс эмалі құрамында калций тұздары кіреді
5.Сүт пен тауық сорпасын қанға тікелей жібергенде адам өледі
6.Өсімдіктекті тағамды минералды тұз, витамин.
7.Жұтқыншақ ас қорыту жолы тыныс алу жолымен бірігеді.
Жауаптары: 2,4,5,6,7.
Сергіту сәті «Пайдалы тағам» кестесінен артығын алып таста.
VII қысқы Азиада ойындарына арналған: «Спортшы болу үшін» ағзаға пайдалы 10 тағам түрімен таныстыру.
3.Жаңа сабақ түсіндіру:
Ас қорыту мүшелері мен ас қорыту бездері қосылып ас қорыту жүйесін құрайды.
Ас қорыту мүшелері:
1.Ауыз қуысы 2.Жұтқыншақ 3.Өңеш 5.Тоқ ішек 4.Асқазан 6.Тоқ ішек
Ас қорыту жолының қабырғасы:
1. Ішкі қабат 2.Ортаңғы қабат 3.Сыртқы сірнелі қабат
Сілемейлі, бездер көп Бірыңғай салалы қабат Қан тамырлар мен лимфа.
Ауыз қуысы:
1.Алдыңғы: 2.Артқы: 3.Жоғары: 4.Төменгі:
Ерін мен ұрт Жұтқыншақ. Қатты жұмсақ таңдай Тіл мен ауыз түбі
Ас қорыту жолы:
1.Жұтқыншақ
Ұзындығы:11-13 м болатын бұлшық етті мүше тыныс алу және ас қорыту жолдары қиылысады.
2.Өңеш:
Ұзындығы:25м болатын ас қорыту мүшесі, 11 кеуде омыртқасында асқазанға ашылады.
Асқазан:
1.Кіреберіс 2.Шығу 3.Сопақша 4.Қиғаш 5.Сақина
саңылауы саңылуы Сфинктер бұлшық ет бұлшық ет тәрізді бұлшық ет
Ішектер:
Аш ішек Тоқ ішек
5-7м 1,5-2м
Аш ішек Соқыр ішек
Мықын ішек Жиек ішек
Бауыр безі Тік ішек
Ұлтабар
Ұйқы безі
4.Бекіту:
Тест тапсырмалары беріледі:
1. Адамның ас қорыту жолының ұзындығы:
а/ 3-5м ә/ 8-10м б/ 15-18м в/ 18-20м
2. Дәм сезу рецепторлары қайда орналасқан?
а/ жұмсақ таңдайда ә/ ұрттың сілемейлі қабығында
б/ тілде в/ көмейде
3. Ас қорыту және тыныс жолдары қай жерде қиылысады?
а/ ауыз қуысында ә/ жұтқыншақта
б/ өңеште в/ көмейде
4. Ас қорыту жолында асқазаннан кейін не орналасады?
а/ аш ішек ә/ тоқ ішек
б/ ұлтабар в/ бауыр
5. Тоқ ішектің бөлімдері:
а/ аш ішек, жиек ішек, тік ішек б/ соқырішек, жиек ішек, тік ішек
ә/ соқырішек, тік ішек, ұлтабар в/ ұлтабар, тік ішек, аш ішек
6. Аш ішек бөлімдері:
а/ ұлтабар, тік ішек, аш ішек б/ соқырішек, жиек ішек, тік ішек
ә/ ұлтабар, аш ішек, мықын ішек в/ соқырішек, тік ішек, ұлтабар
Жауабптары: 1 ә 2б 3ә 4б 5ә 6б
Сәйкесін тап:
Ас қорыту жолы
|
|
1.Ауыз қуысы
2.Асқазан
3.Аш ішек
|
а) сілекей бездері
б) бауыр безі
в) ұйқы безі
|
Жауаптары:1-а, 2-ә, 3-б
5.Бағалау:
Үйге тапсырмасы мен бекіту сұрақтарына жауап берген оқушылар бағаланады.
6.Үйге тапсырма беру: $45. оқып-түсінік айту.
Ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында былай делінген: «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді темекі мен ішімдікті тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтандыруымызға бағытталған.»
Сондықтанда, құрметті оқушылар адам денсаулығына зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, ұзақ өмір сүрейік деп, бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.