Без рубрики

Тренинг оқытудың тиімді құралы

Кызылорда көпсалалы гуманитарлық техникалық колледжі
оқытушы: Аманжолова Сабыркүл

Тренинг оқытудың тиімді құралы

Тренинг (ағылш. training, train – оқыту, тәрбиелеу) – білімді жетілдіруге бағытталған белсенді оқытудың әдісі.

Тренингтің даму тарихы оқыту тарихы сияқты мың жылға созылған. Дегенмен, тренингтің дамуын әлеуметтік псхолог Курт Левиннің шығармашылық зерттеу кезеңіне жатқызуға болады.

1946 жылы Курт Левин өзінің әріптестерімен бірге алғаш рет тренинг-топтарды (Т-топ) құрды.

Білім беру саласында оқушылардың әр пәнді игеруге деген құлшынысын арттыру үшін жаңа педагогикалық технологияны тиімді пайдалану қажет.

Оқу үрдістерінде тренинг түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез-келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдалану қажет.

Тренинг – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын, тренинг әрекетінің ең негізгі түрінің бірі – дидактикалық тренингтер. Дидактикалық тренинг тәрбиеленушінің жас ерекшелігіне сай, бағдарламадағы материалдарға, оның ішінде нақты сабақтың мазмұнына сай болып, тапсырманың мәнін ашады. Дидактикалық тренингтерді жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарына да пайдаланады. Дидактикалық тренинг барысында ете сақтау, көру, сезіну, қабылдау, ойлау, сөйлеу, процестері дамып, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге әртүрлі қимылдарды орындауға үйретеді.

Тренингтің құрылысын схема түрінде көрсетсек:

 

 

Тренинг

 

 

 

 

 

Тренинг мазмұнын таңдау

алгоритмі

 

Тренингтегі топтық жұмыстың

мақсаты

 

 

 

Тренинг топтарының түрлері

 

 

 

 

Тренингтік сабақтың құрылымы

 

 

 

Тренинг мазмұнын таңдау алгоритмі

Оқушылардың өмірінде кездесетін әр түрлі проблемалар іс-әрекет компоненттерінің дұрыс меңгерілмегендігін көрсетеді.

  • Біріншіден оқушылардың мәселелері жан-жақты анықталады.

  • Іс әрекетті меңгеру қажеттілігі ретінде осы мәселелердің негізінде психологиялық матрицасы құрылады

  • Одан тренинг мазмұны – тренингтік көшірмесі, колька түрінде алынып іс-әрекетін компонентіне оның әр бөлігіне сәйкес жаттығулармен, жағдаяттар таңданылады.

 

Тренингтегі топтық жұмыстың мақсаты

1.Психологиялық мәселелерді зерттеу мен шешуге көмектеседі

Психологиялық мәселелерді шешетін топтары (тренингтік топтардың түрлері)

2. Психикалық денсаулықты жақсарту.

Психикалық денсаулық пен өмірдің сапасын арттыру топтары (тренингтік топтардың түрлері)

3. Қарым-қатынастың психологиялық негіздерін зерттеу.

Әлеуметтік – психологиялық тренинг топтары

4.Өзін — өзі өзгерту мен мінез-құлықты коррекциялау мақсатында өзіндік санасының дамуы.

Өзіндік санасын дамытуға арналған тренингтік топтары

5. Тұлғалық өсуі мен өзіндік дамуына ықпал ету

Тұлғалық өсу топтары.

 

 

Тренинг топтарының түрлері

1.Психологиялық проблемаларды шешуге бағытталған топтар

2. психологиялық денсаулық өмір сапасымен топтары

3. Өзіндік сана сезімін дамыту тренинг топтары

4.Жеке басының өсу (өрлеуіне) бағытталған топтары.

 

Тренингтік сабақтың құрылымы.

  1. Ұйымдастыру сәті (демалу жаттығулары, амандасу рәсімдері).

  2. Негізгі бөлім (Жаңа материалды қабылдау – жаңа мазмұн енгізу).

  3. Қорытынды шығару (эмоциялық-реттеу түсінігі).

  4. Үй тапсырмасы (барлық кезде болмайды).

  5. Аяқтау рәсімі.

 

Сабақ үрдісінде пайдаланатын тренингтің бірнеше түрлерін атап көрсетуге болады:

 

«Ассоциация» ойыны

 

Қазір ойынды бастап жүретін адамды таңдап алайық. Жүргізуші болам деген бала ортаға шығады. Сонан соң, ойынға қатысушылардың әр қайсысы осы ойыншының неге ұқсайтынын (өсімдікке, затқа, жануарға, құсқа) (тек жағымды жағынан теңеу) қандай ой туғызатынын айтулары керек. Мысалы: Гүлнұр балапандарына жем тасыған қарлығашқа ұқсайды, себебі қашан да өзгелерге көмек көрсетеді. Жансараны бәйшешек гүліне ұқсатамын, себебі ол өте әдемі, нәзік. т.б.

 

Оқытушы: ойын үстінде қандай сезімде болдыңдар? Қандай теңеулер сендерді таңқалдырды? Неге?

 

Тренингті қорытындылау: Бүгінгі тренингті бағалап көрейік. Өз бағаларыңды бір қолдың саусақтарымен санақ бойынша бір мезгілде көрсетіңдер.

 

 

Тренинг тақырыбы: «Адам өзі үшін не білуі керек?»

 

Мақсаты: Оқушыларды өздеріне деген қызығушылығын туғызу. Өзін-өзі тану мен рефлексияға бағыттау.

Керекті құралдар: дәптер, қалам, қарындаш, алты түсті қағаз қиындылары.

Сабақ барысы.

 

1. Сабақты ұйымдастыру кезеңі. «Көңіл күй түсі» атты жаттығу. Түрлі түсті қағаз қиындыларын бір-біреуден таңдап алып, оны осы сәттегі көңіл күйлеріне байланыстыра отырып сипаттайды.

 

2. Өзіндік таңдау «Мен кіммін?», «Мен қандаймын?» тақырыбында жұмыс. (Оқушылар аз дегенде он түрлі жауапты жазып, тілек білдірушілер дауыстап оқиды). Балалардың жауабын жеңілдету үшін тақтаға сөздер тізімі жазылған плакат ілінеді.

 

Сөздер тізімі: сүйкімді, әлсіз, жағымды, әділ, мақтаншақ, еңбекқор, ақылды, мықты, қу, күлкілі, шыдамды, сенімді, жаңымсыз, ойшыл, жақсы, дені сау, сыпайы, ұялшақ, ұяң, сұлу, тәк мінезді, нәзік, күшті, қызғаншақ, белсенді, мейірімді, шыншыл, инабатты, қамқоршы, ұрысқақ, әуесқой, білімді, тапқыр, көпшіл, мінезі тұйық, т.б.

 

3. Жазбаша жұмыс «Аяқталмаған сөйлем»

 

Мына сөйлемді аяқтаңдар.

 

Менің ойымша, мен …

 

Өзгелер мені …

 

Мен келешекте …

 

 

Тренингті талдау: Бүгінгі сабақты бағалап көрейік. Әркім қоятын бағасын бір қолдың саусағымен санақ бойынша бір мезгілде көрсету керек. Не ұнады?, Жұмыс барысында қандай қиындықтар кездесті? Кімді бағалаған қиын, өзіңді ме, өзгелерді ме? Себебі не?

 

Қорытындылай келе, сабақта тренинг түрлерін пайдалану сабақ түрлері мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Тренингпен ұйымдастырылған сабақ балалрға көңілді, жеңіл келеді. Баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығы арта түседі. Демек, тренинг деген аты ғана, ал шынында да ол – сабақтың, еңбектің жиынтығы.

Оқушы үшін: Ақыл-ойы дамиды, оқуға қызығушылығы, белсенділігі, шығармашылығы артады, тұлғалық қасиеттері қалыптасады.

Мұғалім үшін: Тренинг түрінде оқыту жалықтырмайды, оқушы білімінің сапасын арттыруда, сабақты қызықты өткізуге, мұғалім үшін тиімді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. «Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар» Журнал Қ Р

  2. «Тәжірибелік психологиясы» Нұрмағамбетова

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.