Без рубрики

Сөз құрамы

ШҚО, Көкпекті ауданы,Көкжыра ауылы
«Амангелді орта мектебі»

Бастауыш сынып мұғалімі

Қажиғалиева Роза Газизовна

Модульдік сабақ Қазақ тілі 2-сынып

Сабақтың тақырыбы: Сөз құрамы.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Түбір мен қосымша туралы ұғымдарын кеңейту, сөздік құрамын байыту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Шапшандыққа, ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс.

Көрнекіліктер: Тірек сызбалар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, нөмір жазылған жиындар, сілтемелер.

 

Сабақтың барысы.

I Ұйымдастыру кезеңі.

II Психологиялық дайындық.

  1. Сабақтың мақсатымен таныстыру. Сыныпты 3 топқа бөлу. Ойын шартымен таныстыра отырып, әр топқа тапсырмалар беру.

А тобына – сөз құрамы

Б тобына – түбір

В тобына – қосымша

Топтар өз тапсырмаларына дайындалады. Дайындалып болған соң, төмендегі тәртіппен орын ауысады: бір үстелдің басына А-1,Б-1, В-1 тиыны барлар, келесі үстел басына А-2, Б-2, В-2, соңғы үстелге А-3, Б-3, В-3 тиыны барлар орын алмастырады.

Үстел басына жиналған әр топтың өкілдері өз тақырыптарын айтып шығады. Оқушылар өздерінің орындарына келеді. Әрбір топтан 1 оқушыдан шығып, өз тақырыптарын айтып шығады.

 

А тобының тірек-сызбасы

Сөз құрамы

 

Түбір Қосымша

бала, оқу, көл лар, шы, шік

 

Б тобының тірек-сызбасы

Түбір сөзі

 

Заттың аты Сапа аты

күн терең

қимыл атауы сөздің мағыналы бөлшегі

 

оқы ақылды

 

В тобының тірек-сызбасы

Қосымша

 

Жұрнақ Жалғау

Сөз мағынасын өзгертеді Сөз бен сөзді байланыстырады

 

әнші әнді, әнмен

Әр топтан сөйлеген оқушы мұғалім сұрағына жауап беріп отырады.

Модульге енген тақырыптарға байланысты оқулықтан жаттығу жұмысын жүргізу.

А тобы 245-жаттығу . Сөз түбірін тауып, тиісті белгімен көрсет: кезекші, сызғыш, оқыды.

Б тобы 255-жаттығу. Сөздерге қосымша қосып көшіріп жаз: орын-дық, теңіз-ші, етік-ші, қобыз-шы.

В тобы 263-жаттығу. Түбір сөзге тұсындағы жалғаулардың тиістісін жалға: ананың, наурыздың, Мараттың, аспанның, шөлдің.

Әр топтан бір оқушы тапсырманың орындалу барысын айтады.

Сергіту сәті.

  • Қазір балалар қандай мезгіл? (қыс)

  • Олай болса, әр топ қыс туралы жұмбақ ойлап, ішінен түбір және қосымшалы сөзді табамыз.

Енді мақал-мәтелдер ойлап көрелік.

Топпен шығармашылық жұмыс.

А тобы 266-жаттығу.

Суретке қарап шағын әңгіме құрау.

Б тобы 266-жаттығу.

Сөйлем құрау, сөз құрамына талдау.

В тобы 279-жаттығу.

Ребусты шешу. Сөйлем құрау.

Сабақты қорытындылау мақсатында сөз жұмбақ шешіледі.

Қорыту. Сұрақтар қою.

Бағалау.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.