Без рубрики

4-ке көбейту және бөлу жағдайларын бекіту

ШҚО, Көкпекті ауданы,Көкжыра ауылы,
«Амангелді орта мектебі»

Бастауыш сынып мұғалімі

Қажиғалиева Роза Газизовна

Айналмалы сынақ Математика 3-сынып

Сабақтың тақырыбы: 4-ке көбейту және бөлу жағдайларын бекіту.

Сабақтың мақсаты:

  1. 4-ке көбейту және бөлу жағдайларын пысықтау, сынақ өткізу.

  2. Ой-өрісін, пәнге қызығушылығын, таным белсенділігін арттыра отырып ойлау қабілетін дамыту.

Сабаққа қолданылатын әдістер: теориялық сұрақтар, тест, шығармашылық есептер.

Сабақтың түрі: Айналмалы сынақ.

Сабақтың барысы.

  1. Ұйымдастыру. Балалардың назарын сабаққа аудару. Топтарға бөлу.

  2. Білімді саналы және белсенді түрде меңгеруге даярлау.

 

  • Балалар бүгін біз 4-ке көбейту және бөлу туралы алған білімімізді тиянақтаймыз. Ол үшін айналмалы сынақ өткіземіз.

Бізде 3 стол №1, №2, №3. Топпен әр столға отырамыз да, ондағы тапсырмаларды орындаймыз, келесі столға ауысамыз, сөйтіп 3столға да барамыз. Әр столда 10-15 мин.

1 стол тапсырмасы: теориялық сұрақтар (жауап жазып қалдырамыз).

  1. 4-ке көбейту дегенді қалай түсінесің?

  2. 4-ті 0-ге көбейткенде мәні неше?

  3. 4-тен 2 бөлігі дегенді қалай түсінесің?

  4. 4-ті 1-ге көбейткенде неше?

  5. 4 төбесі бар қандай фигураны білесің?

2 стол тапсырмасы: Тест.

  1. 4*4

а) 8 ә) 16 б) 9

 

 

  1. 2*4 2+4

а) > ә) = б) >

3. (32:4)*4

а) 30 ә) 32 б)16

 

4. 6* =6*3+6

а) 2 ә) 5 б)24

5. 4*9-10

а) 26 ә) 36 б)18

6. 280см:4

а)70см ә) 91см б)75см

 

3 стол тапсымасы: Есептер шығару.

  1. 4 литрлік банкалармен 16 л күнбағыс майы және 20 л мақта майы сатып алынды. Неше банка май сатып алынды?

  2. Қарлығаштың 33 теңгесі бар еді. Оған анасы тағы 7 теңге берді. Ол оның бәріне бағалары бірдей дәптерлер сатып алды. Егер 1 дәптер 4 теңге тұрса, Қарлығаш неше дәптер сатып алған?

  3. Шыңғыстың 26 теңгесі бар еді. Ол әрқайсысы 5 теңге тұратын 4 қарындаш сатып алды.оның қанша ақшасы қалды?

4 стол тапсымасы: Шығармашылық тапсырма. (15 мин)

  1. 4 4 4 4 4 4 4 4 4 4=32

Бағалау: Орындаған тапсырмаларын жинап алып, мұғалім 4 тапсырмадан ортақ баға шығарады.

Үйге тапсырма: №5 4-тің кестесін қайталау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.