Без рубрики

Қайталау

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы/ауылы
№ 30 жалпы орта білім беретін мектебі/мекемесі
бастауыш сынып пәнінің мұғалімі
Нұртазина Эльмира Гусмаулемовна

Қызықты есептер 1 сынып

Тақырыбы: Қайталау.

Жол тәртібін білейік,

Аман –есен жүрейік.

Мақсаты: өткен тақырыптарды қайталау, бекіту;

Ой-өрістерін дамыту; жол ережелерін біліп сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық жағдай туғызу.1мин

  2. Үй жұмысын тексеру. 2мин

  3. -Басқа планеталық не деп айтты?

-Оған қандай ат қойдыңдар?

-Бүгінгі математика сабағында біз өткен тақырыптарды қайталаймыз. Осы уақытқа дейін не үйрендік?

  1. Балалар мектепте қандай тақырыпта суреттерді байқадыңдар?

Бүгінгі біздің сабағымыз да сол жол ережелеріне байланысты болады.

-Басқа планеталық та біздің жол ережелерін үйренгісі келеді.

-Қалай ойлайсыңдар, жол ережелерін не үшін сақтау керек?

-Дұрыс, балалар, көшеде сақ болу керек, абай болу керек.

-Қазір сендер қаншалықты абай бола аласыңдар соны тексереміз.

1 шапалақ-біртаңбалы сандар

2 шапалақ –екітаңбалы сандар

Біздің қаламызда сол сияқты біздің еліміздің қала, ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, яғни барлық жүргізушілер, көлік жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.

-Қандай көлік түрлерін білесіңдер?

Машиналар туралы есеп тыңдаңдар:

  • Қалаға қарай 3 жеңіл машина шықты, ол машиналарға қарсы 2 жеңіл машина және 3 жүк машина шықты. Қалаға қарай неше машина шықты? (3 машина)

  • Электричкада 7 вагон бар. Асан басынан санағанда 4-ші вагонға отырды, ал Үсен соңынан санағанда 4-ші вагонға мінді. Олар бір вагонға мінді ме, жоқ екі бөлек вагондарға мінді ме? (Бір вагонға мінді)

Осы тапсырманы орындағаннан кейін жазу шығады:

Жол тәртібін білейік,

Аман-есен жүрейік!-бұл бүгінгі сабағымыздың ұраны.

  1. Видео презентацияны көрсету.

-Балақайдың сендерге тапсырмалары бар.

  • Есептер шығару. Әр қатарға жеке есеп беру.(Қысқаша шарты бойынша есеп құрастырып, шешуін, жауабын жазу)

  • «Математикалық зебра» тапсырманы орындау. Қосу және азайту.

  • Жұптасып орындау: теңдеуді шешу.

  • Кесінді сызу.

 

  1. Сергіту сәті: қызыл –орындарына отыру, сары –ұндемей тұру, жасыл-орында тұрып жүгіру.

  2. Рефлексия: жасыл түсті-барлығы тсінікті болды

қызыл-кімге қиын болды

Сары түсті-не үйрендіңдер?

Үй тапсырмасы: 181 бет №3,№4

  1. Қорытындылау. Бағалау.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.