Без рубрики

Елбасы және ел тәуелсіздігі

Жаңақоған ауданы
52 Б.Аралбаев атындағы орта мектебі

Информатика пәні мұғалімі
Жәмиева Ардақ
24.11.2012 ж .7а сынып

Сабақтың тақырыбы: Елбасы және ел тәуелсіздігі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Қазақ елінің тәуелсіз ел болып қалыптасуында ерен еңбегімен әлемге

танылған тұңғыш елбасы туралы ақпарат беру

Дамытушылық:Оқушының ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытудың тиімді тәсілдерін қолданып, елбасы

және тәуелсіз ел туралы түсінігін арттыру

Тәрбиелік: Елбасы жайлы мәліметтер бере отырып жауапкершілік қасиеттері қалыптасқан қабілетті

тұлға қалыптастыру, адамгершілікке, инабаттылыққа, отан сүйгіштікке,

патриотизмге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Елбасы туралы жинақталған слайдтар,көркем әдебиеттер,оқулық,интерактивті тақта.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру әдісі, әңгімелеу әдісі, сұрақ-жауап әдісі, баяндау әдісі.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Қазастан Республикасының әнұранымен сабақты ашу

ІІ.Оқушылардың елбасы туралы білімдерін тексеру

1.Қазақтан Республикасының президенті кім?

2.Елбасы қай жылы ,қай жерде дүниеге келді?

3.Қазақстан тәуеілсіз ел болып қашан жарияланды?

4.Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл қашан тойланды?

5.Ел тәуелсіздігі ұғымын қалай түсінесің,?

6.Туған ел ,туған жер туралы мақал-мәтел айтыңдар?

 

 

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Қазақстан халқы 1 желтоқсан күні еліміз үшін елеулі оқиға-алғаш рет Тұңғыш Президент күнін атап өтеді.Бұл мерекенің шығу тарихы -1991 жылғы 1 желтоқсанда ,алғаш рет жалпыхалықтық сайлау өтіп,егемен Қазастанның негізін салушы –Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш президент болып сайланды.

Мемлекет басшысы 1991 жылғы 10желтоқсанда өткен ұлықтау рәсімінде Қазақстан Конституциясын қатаң сақтауға ,көпэтносты халқына адал қызмет етуге,азаматтардың еркіндігі мен құқықтарын кепілдендіруге ,Қазақстан Республикасының Президентіне жүктелген міндеттерді адал орындауға ант берді.

Одан кейінгі мемлекет құрылысының бысты жылдары Мемлекет басшысының берген антын тұтастай және толық орындағынын көрсетті

Тәуелсіз ел -тірегің

1991жылы

16 желтоқсан

ҚР Жоғары Кенесінің жетінші сессиясында “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі түралы” Коституциялық Заңы қабылданды

Тәуелсіздік – тәңірдің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы.

Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Жиырма жыл ішінде елдің әл-ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар жасадық.

Елімізді білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде

Н. Ә. Назарбаев.28 қаңтар, 2011 ж., Ақорда

Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің, келісімнің және жасампаздықтың
20 жылы

 

4 маусым Парламент отырысында Қазақстан Республикасының

мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды

Еуразиялық Қауіпсіздік Ынтымақтастық ұйымын-2010 жылы Қазақ елі басқарды .

ЕҚЫҰ-на 56 ел мүше,оның ішінде Солтүстік Амертка,Орталық Азия және Европа мемлекеттері бар.

 

 

 

 

Елбасының жазған еңбектері: Қазақстан жолы

Тәуелсіздік белестері ,Бейбітшілік кіндігі, Тарих толқынында ,Ғасырлар тоғысында, Сындарлы он жыл т.б.

Елбасы туралы мемлекет басшылары мен саясаткерлерінің пікірлері

Дж.Буш (АҚШ-тың экс-президенті): “Ол болашақты болжай алады”.

Маргарет Тэтчер( Англияның экс-премьер-министрі): “Назарбаев қалыпқа сыймайтын тұлға”

В.Ф.Янукович(Украина президенті): “Сіз салмақты, прогресшіл Қазақстан Президентісіз”

Намык Кемел Зейбек(Түркияның экс-мәдениет министрі,саясаткер):

Қазақстан ең алғаш тәуелсіздігін алғанда біз Қазақстан үшін Түркия үлгі боларлық мемлекет болады дедік,ал 17 жыл өткен соң біз Түркия үшін Қазақстан үлгі боларлық мемлекетке айналды деп мойындауға мәжбүрміз”.

Н.Назарбаев армандаған болашақ Қазақстан қандай?

Ол –ана тілінде еркін сөйлейтін,орыс тілін игерген,ағылшын тілін меңгерген ұрпақтың-Қазақстаны.

-Ұлты тату,этникалық толерантты-Қазақстан!

-Кез келген Қазақстан азаматы кез келген әлем еліне барып жұмыс істей алатын,

таласқа жарайтын ұрпақ тәрбиелеген-Қазақстан!

-Индустриялық-инновациясы өркендеген –Қазақстан!

-Терезесі тең,керегесі кең-өркениетті Қазақстан!

-Ауылы мен қаласы қатар өскен-қуатты Қазақстан!

Сабақты бекіту тапсырмалары :

1.Тәуелсіздік қай жылы қабылданды?

2.ЕҚЫҰ Қазақстан қай жылы басқарды ?

3.Биыл тәуелсіздігімізге неше жыл болады?

4. Елбасы туралы кино қалай аталады?

5. 1 желтоқсан неліктен Тұңғыш президент күні деп аталды?

6.Президент Резиденциясы қай қалада орналасқан?

Сабақты қорытындылау:

Бүгінде Қазақстан кемел ел,ынтымағы жарасқан мемлекетке айналды.Тарихта жеке адамның рөлін ешкім жоққа шығара алмайды.

Н.Назарбаев уақытын безбендеп,заманын таныған ,болашақты болжаған ірі саясаткер.

Елдің басшысы қандай болса,халқы сондай.

Н.Назарбаев –елі еріне,ері еліне сенген ұлы тұлға!

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.