Без рубрики

«Бөбек балабақшасы» МКҚК бос жұмыс орындарына конкурс жариялайды

«Бөбек балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бос жұмыс орындарына конкурс жариялайды:
1.Тәрбиеші – 1 орын
2.Бейнелеу өнері маманы-1орын
3. Көмекші тәрбиеші(қызметкердің бала күтімі демалысы уақытына) – 1 орын
4.Есепші-0,5орын
5.Орыс тілі маманы-(0,5 бірлік)-1 орын

Осы конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Тәрбиеші, бейнелеу өнері маманы, орыс тіл маманы, есепші міндетті түрде өз қызметтеріне сай жоғары немесе арнаулы орта білімді болуы, біліктілік талаптарға сай болуы, мүмкіндігіне қарай еңбек өтілінің, санатының және тәжірибесінің болуы. Тәрбиешінің көмекшілеріне көмекші тәрбиешіге байланысты біліктілік талаптарға сай болуы, мүмкіндігі болса, арнаулы орта педагогикалық білімдерінің болуы және Қазақстан Республикасының  Конституциясын,  «Білім туралы», «Балалар құқығы» туралы заңды және «Балалармен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру обьектілеріне қойылатын санитарлық эпедемиологиялық талаптарын», физиология және гигиенаны, педагогика , психология негіздерін білуі тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін мына құжаттар тіркелуі қажет:
1. Өтініш;
2. Түйіндеме;
3. Жеке басын куәландыратын куәлігінің көшірмесі;
4. Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ (тұрақты мекен-жайы мен байланыс   телефоны міндетті түрде);
5. Білімі жөніндегі іс-қағаздары (өтініш тапсырған қызметіне байланысты нотариуспен куәландырылған)
6. Еңбек кітапшасының көшірмесі;
7. Денсаулық жағдайы туралы анықтама (0-86 У үлгісіндегі анықтама)

Көрсетілген құжаттары түгел болмаған жағдайда құжаттары қайтарылып беріледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдіргендер үшін, жеке тұлғалардан қабылдау  http://www.45minut.kz БАҚ-да хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күн ішінде мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы, Досан Тәжиев  көшесі «Бөбек балабақшасы» МКҚК  ғимараты.  Анықтама телефоны: 21658

Конкурстық комиссия

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.