Без рубрики

Қарттар- тарих,қазына, ел қазығы

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Балаби ауылы
50 Абай атындағы орта мектебі

«Қарттар- тарих, қазына ,ел қазығы» мерекелік кеш сценарийМектеп тәлімгері Тажимова Дана Мейрбекқызы

Қарттар- тарих,қазына, ел қазығы

1-оқушы:

Қариялар көк бойлаған емендер,

Тамырларын ізде ағайын тереңнен

Желкілдеген жапырағы жас орман,

Келесің сен- келешегім деуменен.

2- оқушы:

Алатаудай кейпі биік қашанда,

Таң сызылып, күлер нұр шашарда

Бата бер деп бар адамдар жаяр қол,

Бір биіктен бір биікке асарда.

3- оқушы:

Қайран қазақ қарттары қадірменді

Сіздерге Алла биіктік бәрін берді,

Мына әлемге таба алмас адамзат

Өздеріңдей білікті тәлімгерді.

4-оқушы:

Сіздерсіздер бүгінгі ұлықпандар,

Мың жасаған ұрпақпен ұлық жандар

Қарттар тарих, қазына, ел қазығы

Ей, адамзат, осыны ұмытпаңдар.

5-оқушы:

Жылдар өтіп,бейнелер мұнарланып,

Жатқан менен жаңғырар жыр арналып,

Әруағыңның өзі де дүбірлетіп

Есімдерің аталар ұрандалып

6-оқушы:

Алдында ақыл берер қария ғой

Жақсылар жақсылыққа жария ғой

Жастарға ол парасатты кеңес берер

Сөзге бай ағып тұрған дария ғой.

7-оқушы:

Қарттар күні ұмытылмас ешқашан,

Қадірлі де құрметті ғой әрқашан

Жүрсін адам қарт кісіні аялап,

Жүрсін адам қарт кісіні мадақтап.

 

Жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар!

Бәріңе Қарттар күні құтты болсын,

Қариялар,денсаулығың мықты болсын.

Отбасың,бала – шағаң аман болып,

Жастарға мызғымыстай бақыт қонсын!

Сіздерді 1 Қазан Қарттар күнімен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасыларыңызға береке, бірлік, қуаныш тілейміз, балаларыңызды жақыннан көріп,немерелеріңіздің маңдайынан сипап жүре беріңіздер!

Бүгінгі «Қарттар-тарих,қазына,ел қазығы» тақырыбында өткізгелі отырған мерекелік кешке қош келдіңіздер!

Домбырашылар ансамблінің орындауында СЕКЕН ТҰРЫСБЕКОВТІҢ күйі «Көңіл толқыны». Жетекшісі ИБАДУЛЛАЕВА ФАТИМА.

Осы орындауда ӘБДІМОМЫН ЖЕЛДІБАЕВТІҢ күйі «Ерке сылқым».

Жүргізуші:

«Есік алды төбе болса,

Ерттеп қойған атпен тең.

Ауылда қартың болса,

Жазып қойған хатпен тең»,-дей отырып әні Полатова Жұпаркүл, сөзі: Гүлхадиша Нысанбаеванікі Хор: «Ұстазым»

Жеткешісі: Мұсабаева Әнипа

Осы орындауда әні: Нариман Мизамбаевтікі,сөзі: Райхан Қилыбаеванікі

Хор: «Қазақстан- құт мекенім»

Жүргізуші:

Халқымыз ерте кезден –ақ адам өмірін жеті шаққа бөлген екен.

Сәбилік шақ – адам дүниеге келген күннен бастап 7 жасқа дейін.

Балалық шақ- 7 жастан 15 жасқа дейін.

Жастық шақ – 15 жастан 25 жасқа дейін.

Есею шақ – 25 жастан 33 жасқа дейін.

Кемелдену шақ – 33 жастан 74 жасқа дейін.

Кәрілік шақ – 74 жастан бастап.

Сіздерге тілеріміз өмір жастарыңыз ұзақ болсын деген тілекпен ортада аудан,облыс ән байқауларының жүлдегері Азизов Төреханды қарсы алыңыздар.

Азизов Төрезан , «Нартайдың нақыл термесі»

Осы орындауда « »

Жүргізуші:

5 Б сыныбының оқушыларының орындауында СПОРТТЫҚ БИ. Қол соғып қарсы алыңыздар.

Жүргізуші:

«Ақылды қария –ағып жатқан дария» деп тегін айтпаса керек. Асыл қарттарымыз –ұлы бәйтерек болса,біз соның бүршігіміз.Қыңырды жөнге,қисықты түзге салған осы қариялар арқылы өмірдің түзу жолын,, өнердің білім жолын тауып,біз де бір кірпіш дүниенің тетігі болып қаланатынымыз хақ.

Қарсы алыңыздар мектебіміздің жас жұлдызы Жағыпбар Айбар. «Санта лучиа» әнімен.

Жүргізуші:

Ауыл шежіресі –өткен тарихымыздың сан алуан қырынан елес беріп,кейінгі ұрпақққа үлгі өнеге боларлық.Ауылымыздағы мақтан тұтар аталар мен әжелеріміз мақтанышымыз –сіздерсіздер!Ендігі әнді осы мектептің көркеюіне,талай жылдар бойы өздерінің еңбегі мен оқушыларға өнеге білімдерін арнаған ардагер ұстардарымызға арналады.

Қарғабай Олжастың орындауында «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар.

.

Жүргізуші:

Шырқа әнге шалықта

Би дегенде ,жалықпа.

Өнеріңді аямай

Мың бұралып билеші.

Би: БЕЛЕС БИІ 7 «а» сынып қыздарының орындауында

Жүргізуші:

Өмір оты ерте өшірілмесе ,адам баласының қартаюы табиғи заңдылық.Қарттардың тілегі – ел амандығы ,жұрт тыныштығы.Уайымы сырлас,сыйлас қатарының сирегі.Олар бүгінгісін ғана ойламайды,өткен өмір жолын зерделеп ,алдын болжауға тырысады.Қарттар –тіршіліктің төресі.

Махамбет Қазбектің орындауында «Сұлу қыз»әнін қабыл алыңыздар!

Жүргізуші:

Би: Өзбек биі. 5 «б» сынып оқушыларының орындауында

Жүргізуші:

Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй

Әнді сүйсең менше сүй – деп, Абай атамыз айтқандай бітіруші түлектеріміздің сіздерге арнаған ән шашуын қабыл етіңіздер.

Мұхтархан Фархат пен Жүсіпбек Райымбектің орындауларында ПАПУРИ.

Жүргізуші: Ән Жаса Қазақстан Жағыпбаров Айбардың орындауында

Жүргізуші:

«Бала өсіргің келсе,ізетті»- деп Әбу Насыр Әл-Фараби айтпақшы, аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға халықтың асыл қазынасы саналатын,қарттарымыз жас ұрпақтарға үйретіп,айтып отырайық, -деп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.

Құрметті қонақтар,сіздердің уақыт бөліп келгендеріңізге көп рахмет,оқушылар Отанымыздың білікті де білімді саналы азаматты болыңыздар демекпіз.

Аудандық ақындар мүшайрасының жеңімпазы,аудандық, облыстық ән байқауларының жеңімпазы Жағыпбаров Абайдың орындауында «Көк тудың желбірегені» әнін қабыл алыңыздар.

Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.