Без рубрики

ЕЛІМ МЕНІҢ

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы
А.Жанпейісов атындағы №
105 орта мектебінің
тарих пәнінің мұғалімі Қалжанқызы Гүлжазира

 

Тақырыбы: ЕЛІМ МЕНІҢ

Мақсаты:

А) Оқушылардың сайыс сабақ арқылы білімділігін арттыру.

Ә) Танымдық ой-өрісін, қызығушылығын дамыту.

Б) Ел тарихын тани білуге құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, видеоролик

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Өтілу барысы

Сәйгүлікті құйрық жалын таралған,

Сүйетұғын қазақ осы қараңдар,

Қазақ осы күй шығарып, ән салып,

Көкпар тартып қыз қууға жараған.

 

Арма, ағайын алдарыңызда «Елім менің» думаны.

 

Бүгінгі байқау қазақ елімен жерінің тарихын танытады.Сонымен қатар өз кейіпкерлері бар. таныс болайық. Сіздерге сәттілік тілей отырып, сіздерге сұрақ қойып, ойынды жүргізетін мен Қалжанқызы Гүлжазира.

Бүгінгі сайыс 6 айналымнан тұрады. Дайын болсаңыздар алғашқы айналымды ашық деп жариялаймын.

1-айналым.

Экраннан 3 видео сұрақ қойылады. Кім 1-ші тетікті басады сол жауап береді.

1-сұрақ. Сая мен Медетке арналады.Сұлтан қандай жүлде алды және оны кімге берді?

Жауабы: кілем,көршісіне береді

2-сұрақ: Салтанат пен Әуезханға арналады.Қандай салт-дәстүрге жатады?

Жауабы. Тұсау кесер

3-сұрақ: Гүлжайна мен Жансерікке арналады. 1998 жылы ЮНЕСКО-каның шешімі бойынша астанаға қандай атақ берілді?

Жауабы: бейбітшілік

 

2-айналым

Ана тілің арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте

 

Тілді білу елді тану. Сондықтан 2-айналым қазақ тіліне айналады. Оқушылардың сауаттылығын сынға салатын боламыз.сөздердің дұрыс жазылуын тексеріп аламыз. Дұрыс жауп 1 ұпай

1) І топқа ІІ топқа

1.К Е М Е Ң Г Е Р 1. А Д А М Г Е Р Ш І Л І К

2.Ж А Т А Қ Х А Н А 2. Қ А Н А Ғ А Т Т А Н А Р Л ЫҚ

3.Д Ү Н И Е Ж Ү З І Л І К 3. Қ Ұ Д І Р Е Т

 

2)Тұрақты сөз тіркесі. Әр жауап 1 ұпай

1-топқа

1. Төбесінен жай түсті ()

2. Көрпеңе қарай көсіл (шамасына қарау)

3.Таяқ тастам жер (бір аттам жақын жер)

2-топқа

1. Құлаққа ұрған танадай (тып-тыныш,жым-жырт болды)

2. Тауы шағылды ()

3. Сабасына түсті ! ()

 

3) үш тапсырма танымды кеңейтіп, тілді байытуға арналған сұрақтар болады Екі топ бір-біріне дайындап келген көне сөз жасырады 1 ұпай

 

3-айналым

Ел тарихында ерекше орны бар тұлғалар туралы болмақ. Олар қазір арамызда болмасада елімізге ерекше еңбегі сіңген азаматтар немесе әдеби шығарма авторлары, әншілер, кейіпкерлер болуы мумкін. Түсіндіруге 2 минут уақыт беріледі.

1топ: Әбілқайыр, Зере, Иьля Ильин, Шамшат Мұханбедиева, Мұхтар Әуезов, Қорқыт, Қайрат Нұртас,Тұрсынбек Қабатов

 

2-топ: Сырым Датұлы, Ұлжан,Абай Құнанбаев, Қожахмет Иассауй, Меруерт Мыржақыпова, Мәдина Садуақасова, Қанат Әлжаппаров,

 

4-айналым

Бейне сауал қойылады. Тетікті 1-ші басқан адам жауап береді.

1-сұрақ: Қазақтың қандай ұлттық ойыны және қалай ойналады?

Жауабы: Көкпар

2-сурақ: Бес жақсы болу үшін не жетіспей тұр?

Жауабы : қара нар

 

5-айналым:

Шағын екі бөлімнен тұрады,ауелі ел өміріне байланысты сұрақтар қойылады.сіздер сол сұрақтарға сенемін не сенбеймін деп жауап берулеріңіз керек. Сұрақ топ басшыларға қойылмайды. Әр дұрыс жауап 1 ұпай

1-бөлім

1-топ сұрақтары

Саяға сұрақ

1. Әлемдегі алтын қоры бойынша Қазақстан 10 орында дегенге сенесің бе?(жоқ 6 орында)

Салтанатқа сұрақ

2. Қазақ балуаны Қажымұқан Мұңайтбасов 56 медаль иеленгеніне сенесізбе?(я) ол28 мемлекетте күресип тұңғыш қазақ палуаны атанған.

Гүлжайнаға сұрақ

3. Қазақстанның жерінде пайдалы қазбалардың 6 мыңнан астам кен орны бар екеніне сенесіз бе? (я)

2-топ сұрақтары

Медетке

1. Қазақстан жерін 126дан астам ұлт өкілдері мекендейтініне сенесіз бе? (я)

Әуезханға

2. Әлемдегі ең ұзын жаяу көпір Қазақстанда екеніне сеніз бе (я) атырауда

Жансерік

3.Әлемнің екінші ұстазы Қазақстанда туған дегенге сенесіз бе? (я)Әбу-насыр Әлфараби

 

2-бөлім

1-топқа 1-сұрақ. «Қазақ халқының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» деп кім айтты.Жауабы.Ахмет Байтұрсынов

2-топқа 1-сұрақ «Біздің жүрегіміз темір емес.Бірақ Біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп,күйдіріп жібере алады,..біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйіспеншілік» деп кім айтты.

Жауабы: Б. Мрмышұлы

 

3-бөлім

Екі топқа Асықтар әкелінеді.

1-топқа «бүк» жатқан асық қайысы.

2-топқа «шік» жатқан асықты табу

 

Сіздерге екі ұпай алуға мұмкіндік бар. Русланның жасырған өлеңін тауып көрелік. Жауабы: «Көк тудың желбірегені»

 

6-айналым

Соңғы айналым алдыңғы бес белестің тобықтай түйіні. Әр ойыншыға екі әріп тиесілі, сұраққа жылдам жауап беру керек, әр дұрыс жауап 1 ұпай

1-топ: 2-топ:

О Л Ы Б А С А Р
А Р А Ж Т Қ Ы Л

 

1-топтың сұрағы:

1.Нанды баспа обал болады

2. Бала тілі бал

3.Ескі жара аузын тырнады

4.Бері тарса өгіз өледі

Әрі тартса арба сынады

5.Біреуге жала жаппа

6.Қонақ ғайым, несібе ғайып, ажал ғайып

7.Түс көрсең жақсыға жоры

 

2-топтың сұрақтары:

1. Ақыл көпке жеткізер

Өнер көкке жеткізер

2. Ақыл жастан

Асыл тастан

3. Үлкен кісі немесе атаны кім дейді қарт

4. Көмірдің түсі қара

5. Астана әсем қала

6. Көмекке келу асар салу

7. Өзін-өзі тану пәні сабағының авторы Сара

 

 

Қорытынды:

Жеңімпаз топты марапаттау.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.