Без рубрики

Дәрумендердің баланың өсіп-өнуіндегі орны

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы
І.Үргенішбаев атындағы орта мектептің
биология пәні мұғалімі

Оразбаева Жансәуле

Тақырыбы: Дәрумендердің баланың өсіп-өнуіндегі орны

Мақсаты: Баланың өсуіндегі дәрумендердің маңызды рөл

атқаратынын түсіндіру,дұрыс тамақтануға тәрбиелеу

Барысы: Құрметті ұстаздар,оқушылар бүгінгі «дәрумендердің баланың өсіп-өнуіндегі орны»

атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

Тақырыптың мәнін ашу мақсатында оқушыларға сұрақ:

  1. Дәрумендер деп нелерді айтамыз?

  2. Олар бізге керек пе?

Ендеше дәрумендер туралы толығырақ танысайық.Дәрумендерді 1880ж орыс дәрігері Н.И.Лунин ашты.Қазіргі кезде дәрумендердің 30ға жуық түрі белгілі.Олардың оқуға ыңғайлы болуы үшін латын алфавитінің бас әріптерімен белгіленеді: А.B.C.D.E.K.P

Әріптердің бұл қатарын «Денсаулықтың керемет әліппесі десе де болады.Ал енді осы дене әліппесінің бетін ашып көрейік.

Бірінші С дәруменінің жарнамасына назар аударайық:

1)Оқушы «С» дәруменінің тарихын баяндайды:

  • Өткен ғасырларда саяхатшылар,теңізде жүзушілер ұзақ сапар кезінде жеміс-жидектің ,сарымсақ,пияздың таусылып,жетіспеуі нәтижесінде қырқұлақ ауруына шалдығып отырған.Яғни қызлек қанауға бейім болып,ауыздың кілегей қабатына жара шығады.Бетте ісік пайда болады.Тістер босап түседі.Буындары мен бұлшықеттері адм шыдағысыз қақсап,қан тамырлары жарылып тері қанталап кетеді екен.Тез шаршап,басы айналып,ашушаң болады.Жүрегі жиі соғады.Қан аздық пайда болып,ағза аурушаң келеді. Халық медицинасында бұл ауруды итмұрын жемісінен,пияз,көкөніс жеу арқылы емдеуге болатынын білген.Бірақ осы көкөністердің құрамында қырқұлақты емдейтін қандай зат бар екенін білмеген.

Тек 1922ж орыс ғалымы Бессоновпен венгр ғалымы Сент-Дьерди 1 мезгілде «с» дәруменін таза күйінде бөліп алды.

2)Оқушы:

«с» дәрумені зат алмасуға қатысады.С дәрумені ферменттердің құрамына кіріп қоректік заттарды ыдыратады.Және оның клеткалар мен ұлпаларға енуіне жағдай жасайды.

Сондай-ақ «с» дәрумені ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы күресу мүмкіншілігін арттырады.оны мынадай тәжірибе дәлелдейді:м (экранда)

2 тышқан алынып 1 ай бойы 2 түрлі мөлшерде С дәрумені беріледі.1 ай өткен соң екеуі де дифтерия ауруын жұқтырады.(күл)

Тәжірибе нәтижесі:

  1. «с» дәруменін аз қабылдаған тышқан аурумен ұзақ күресті.

  2. 2. «с» дәруменін көп қабылдаған тышқан тез жазылып кетті.

Қорытынды: «с» дәрумені жетіспесе адам қатты ауырып, жұқпалы ауруларға қарсы тұра алмайды екен. Ал «с» дәрумені ұзақ уақыт жетіспесе «қырқұлақ» ауруына шалдығады.

Енді «с» дәруменінің 1 күндік қажетті мөлшерін қарайық: Экранда:

7 жасар балаға-35 мг

Ауыр жұмыс атқарған адамға-50 мг

Жүкті әйелге-75 мг

Емізулі баласы бар әйелге-50 мг

«с» дәрумені бар заттарды көрсету:

Итмұрын, алма, мандарин, бұлдірген, құлпынай, ( жеміс-жидек ,бақша өсімдіктерінен- қызанақ, орамжапырақ, пияз, сарымсақ, картоп,сәбіз, шырғанақ, Сондай-ақ «с» дәруменін пісіргенде, ауада тез бұзылады, Сондықтан «с» дәрумені бар азық-тұлікті тез жеп қою керек.

Мұғалім: Жақсы енді «в» дәрумені туралы баяндасақ.

3-оқушы: Бірде голландық дәрігер Эйкман 1890ж сұмдық аурудың қаулаған ортасы Ява-аралына тап болады. Аурудың Аяқ-қолдары тырысып, сал болып қалған. Жүрістері бұзылып аяғына кісен салғандай жүреді екен. Бұл « бери-бери» ауруы. Қазақша "кісендеулі» деген мағынаны білдіреді.Эйкман бұны былай байқаған: өзі жұмыс істейтін түрмеде жайылып жүрген тауықтарды бақылайды. Яғни қамаулы тұрған тауықтарды тазартылған күрішпен жемдейді. Сол кезде оларда бери-бери ауруының белгілері пайда болды. Мойындары,аяқтары тартылып,кейбірі өліп қалған, Ал қорада еркін жайылып жүрген тауықтар сау күйінде қалған. Себебі олар өздеріне қажетті түрлі жемді теріп жүрген. Ал ауырған тауықтарға тазартылмаған күріш берсе жазалып кеткен. Эйкман күріш қабығында не бар екенін білген жоқ. Бірақ дәрігерлер ауырған адамдарды тазартылмаған күрішпен емдей бастаған. Біраз уақыттан соң поляк биохимигі К.Функ күріш қабығынан кішкене ғана сары түсті кристалл зат бөліп алды.Мөлшері 0,0001 г ғана,соның өзі 1 кептерді бери-бери ауруынан емдеуге жетіп жатыр.Яғни осы сары түсті зат В тобы дәрумендері еді.

В дәрумені бірнеше топқа бөлінеді: В1,В2,В3,В4,В6,В12,В15 т.б.

В тобы дәрумендері қаназдықты болдырмайды,ағза жұмысын реттейді,жетіспесе жүйке жүйесі нашарлап,ашушаң келеді.

В тобы дәрумендері әсіресе бауырда,балық,жұмыртқа, бүйректе көп болады екен.

Жаңа туылған баланың ішінде бактериялар болмайды.3-4 күннен кейін баланың ішегінде пайдалы бактериялар түзіле бастайды.Егер 3-4 күнде баладан қан кетсе,оны құтқару мүмкіндігі жоқ.Баладан айырылып қалу қауіпі бар.Сондықтан бактериялар арқылы пайда болатын дәруменге «к» дәрумені жатады.Ол қанды ұйытуға қатысады.

5-оқушы:

Е дәрумені бұлшық еттердің,жыныс бездерінің қызыметін жақсартады.Әсіресе өсіп келе жатқан балалар көп мөлшерде қабылдаулары керек.Ол қара нан, фундукта өте көп кездеседі.Басқада жаңғақта,жүгеріде,көкөністерде және өсімдік майында кездеседі.

6-оқушы:

Балалар үшін ең маңызды дәруменнің бірі «Д» дәрумені.Ол ағзада гормонға ұқсас затқа айналады да Са мен Р(фосфор)ды сіңіруге көмектеседі.Бұл дәрумен 3-4 жастағы балаларға аса қажет.Егер Д дәрумені жетіспесе бала мешел(рахид) ауруына шалдығады.Оны екі қабат,емізулі әйелдер де қажетсінеді.Ол жетіспесе сұйектер қисайып,майысады.Ол ішкі мүшелерді бүлдіреді.Бұл дәрумен адам ағзасында күн сәулесі арқ түзіледі.

Мұғалім. Сонымен оқушылар ләрумендер туралы көп мағұлмат алдық деп ойлаймын.Біздің ағзамыз тәулігіне дәрумендердің өте кішкене мөлшерін ғана қежетсінеді екен.Сондықтан да оқушылар үнемі мезгілімен дұрыс тамақтанып жүру керек екен.Сонда ғана сендер дені сау бала болып өсесіңдер,сабақты жақсы оқи аласыңдар.

Келесі кезекте «жарысайық, танысайық» ойынына кезек берйік:

Шарты:

1)2топ шығару (2-2-ден оқушы болады)

2)Ортаға бір ыдысқа көк өніс пен жеміс-жидекті араластырып саламыз. 1мин. Ішінде оқушылар көкөніс пен жеміс-жидекті айырып алулары керек.

Келесі жеміс-жидек тер:

Экрандағы жұмбақтарды шешіп,кәрзеңкеге жинау.

Келесі: Қорытынды.

Осындай жолмен оқушылар С,Д,Е,в дәрумендері туралы толық мәлімет алды.

Жарнама сабақты қорытындылап дәрумендердің азық-түлікте қандай жағдайда сақталатыны жөнінде тәжірибе жүзінде көрсету.Ондағы мақсат-берілген азық-түлікте дәруменнің бар не жоқтығын анықтау:

1)стаканға таза су құйып 3-4 тамшы йод тамызу.Нәтижесі йрд түсі өзгермейді.

2)стаканға компот құйып 3-4 тамшы йод тамызамыз.Нәтижесі йод түсі өзгермейді.

3)Алманы ортасынан бөліп бірнеше тамшы йод тамызу.Йод түссізденеді. Қорытынды компотта дәрумен аз сақталады. Ал алмада дәрумен толық сақталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәрумендер

Дәрумендер тірегің

А,В,С,Д,Е-ден аласың.

Жетіспесе бірі оның

Ауырып та қаласың.

А-сы қажет көзіңе

В-жүйкені тоғайтар

Дәрумендер тұрағы

Түрлі тағам құрамы.

А-болады асқабақ,

Өрік,қызан салатта

В-балық,картоп,асбұршақ

Сиы еті жаңғақта.

Кивиге тән танылар

Д-сүт пенен жұмыртқа

Ірімшіктен табылар-деп бүгінгі тәрбие сағатын аяқтаймыз. Ауырып ем іздегенше ауырмаудың жолын

іздейік.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.