Без рубрики

Бала құқығы аяқ асты болмасын

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы І.Үргенішбаев атындағы орта мектептің биология пәні мұғалімі Оразбаева Жансәуле

Тақырыбы: Бала құқығы аяқ асты болмасын.

Мақсаты:Оқушының құқықтары мен білімдерін толықтыру.

Оқушыларға адам,бала құқықтарын түсіндіре отырып,өз алдарына шешім қабылдауға үйрету.

Қазқстанның болашағына үлес қосатын,білімді,ізденімпаз ұрпақ тәрбиелеу.

Көрнекілігі:компьютер,слайдтар.

Барысы: Психологиялық дайындық

Мақсатымыз — білім алу

Міндетіміз-еңбектену

Әр оқушы өз құқығын білу

Оны өмірде пайдалану

2002жылы 8тамызда елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасындағы «бала құқығы» туралы заңға қол қойды.Ең бастысы әр азаматтың негізгі құқығы-ол өмір сүру.

Енді бүгінгі тақырыбымыз туралы не айтуға болады.Кәмелет жасқа толмаған балалар арасындағы қылмыс көлемі жыл өткен сайын артып келеді.Олардың қолымен жасалған ұсақ-түйек ұрлықтан бастап тонау,кісі өлтіруге дейінгі ауыр қылмыстармен бүгінде ешкімді таң қалдыра алмайсыз.Мұның өзі қазір құқық қорғау органдарының шындап айналысуын қажет ететін түйінді мәселеге отырғаны шындық.

Сонымен біргебесіктен белдері шықпай жатып тағдыр тауқыметін аяусыз тартып жүрген балалардың құқықтарын қорғау жайы да қазіргі таңда өзекті мәселе болып отыр.Өздері дүниеге әкелген баласын тағдыр тәлкегіне тастап,алимент төлеуден бас тартып қашып жүрген әкелер мен бала тәрбиесін жылы жауып қойып маскүнемдікке болмаса зинақорлыққа салынған аналар көбейді.Оған мысалдар келтіре кетсек ата-ана құқығынан айырылып балаларын тірі жетім атандырып отбасы берекесін қашырған ата-аналар әлі де азаяр емес. Ал енді осы отбасындағы балдардың көрген қорлығы мен тауқыметтерін ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Мысалы 1 елді мекенде тұратын әйел 3 бірдей кәмелетке толмаған балдарына қарауды қойып,маскүнемдікке салынған.Балалардың тойып тамақ ішпеуі былай тұрсын үйінде дұрыс демалатын төсек орын да жоқ болып шыққан.Маскүнемдікке,зинақорлыққа салынып үй іші, балдарын қорлатып,ұрып-

 

 

соғып жүрген әке мен шешеге не айтарсың.Көптеген отбасында бала тәрбиесіне көп көңіл бөлінбей жататыны шындық.Көп ата-аналар жұмысбастылықты сылтау етіп бала тәрбиесін мектеп мойнына артып қояды. Ал мектептегі тәлім-тәрбие де қазіргі таңда мұғалімдерге оңай соғып тұрған жоқ. Онша мәз емес. Оған мұғалімдердің жалақысының аздығы,жұмыстың өте көптігі және ата-аналардың үйде балаға дұрыс қарамауының нәтижесінен болып отыр.

Мысалы Ақмола облысының бір елді мекенінде болған мына бір сорақы оқиғаға не дерсің.Қыркүйек айы бойы сабаққа қатыспаған оқушыны мұғалімдер журналда сабақта бар деп белгілеп өтірік баға қойып отырған.Кейін әлгі баланың қаңқаға айналған сүйегі табылып,медицина сараптамасы арқылы танылған.

Ал енді жоғарыда айтылғандай жаман әдеттер бізде жоқ деп ойлаймын.Ендеше оқушыларға сұрақ.

1)18 жасқа толмаған бала қандай адам деп есптеледі? (кәмелетке толмаған)

2)Баланың өкілі кім? (ата-анасы немесе патронат)

3)Бала туған кезде ата-анасы оған есім қойып ата-тегін береді.Осы мәлімет арнайы құжатта жазылады. Ол қандай құжат? (туу туралы куәлік)

4)Біз қай елдің азаматымыз?(Қазақстан Республикасы)

5)Оқушының міндеті не?(өмір сүру,ата тегін алу,білім алуға,демалуға,өз бостандығына,денсаулығын сақтауға т/б)

-Құрметті ата-аналар бала тәрбиесіне кімнің ықпалы жоғары?(ата-ана,қоғам,мұғалім) Пікірталас.

-Сіз қандай ата-анасыз? (ата-аналар үшін тест)

Енді сөз кезегін мектеп инспекторы Айтқан Жұбаназаровқа берейік:

-Бала құқығы дегенді түсіндірсеңіз.Яғни ата-аналар мен оқушылар нені білуі тиіс.

-Бала құқығына кімнің ықпалы жоғары деп ойлайсыз?

Бала әрбір үйдің –алтыны.Алтын қараңғыда көрінбейді.Тек жарықта ғана жылтырайды. Біздер мен сіздер олар үшін күн сәулесі болып жарқырап сол алтындарға сәулемізді төгейік.Жарқырата түсейік.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.