Без рубрики

Пифагор теоремасы және оның есеп шығаруда қолданылуы

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,
Жаңақорған қаласы. №169 Н.Илялетдинов мектебі
Математика пәнінің мұғалімі Ибраимова Нургуль Аскаровна

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Математикалық білім мен тәжірибені қалыптастыру: Пифагор теоремасы және дәлелдемесі; Пифагор теоремасының көмегімен есеп шыгара білу.

Презентация:   http://45minut.kz/wp-content/uploads/2012/11/Пиф1.ppt   

Дамытушылық

Психологиялық процестерді дамыту:есте сақтау ,зейін, ойлау;

оқушылардың білім алуға ынтасын арттыру;

оқушылырдың қызығушылығын арттыру,алгебра , география, тарих және информатика мен геометрияның пән аралық байланысын көрсету, презентация жасау.

 

Тәрбиелік:

Оқушыларды ұқыптылық пен еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

 

Сабақтың эпиграфы:

 

Геометрия екі қазынаға ие:

оның бірі –Пифагор теоремасы

Иоганн Кеплер

 

Құрал- жабдықтар: мультимедиялық проектор, математикалық диктант.

 

 

Күтілетін нәтиже:

 

1-ші деңгей: әр оқушы тік бұрышты үшбұрыштың қабырғаларының арасындағы тәуелділікті білуі ,Пифагор теоремасын есептерді шығаруда қолдана білуі қажет.

 

2-ші деңгей: әр оқушы тік бұрышты үшбұрыштың қабырғаларының арасындағы тәуелділікті білуі , Пифагор теоремасын дәлелдей білуі,Пифагор теоремасын есептерді шығаруда қолдана білуі қажет.

 

3-ші деңгей: әр оқушы тік бұрышты үшбұрыштың қабырғаларының арасындағы тәуелділікті білуі , Пифагор теоремасын дәлелдей білуі ,Пифагор теоремасын қиын есептерді шығаруда қолдана білуі қажет.

 

САБАҚ БАРЫСЫ

 

А) Сәлемдесу

Ә) Түгелдеу

Б) Сабаққа дайындығын тексеру

 

Қайырлы күн!

Бүгін біз Пифагор жайында және оның атақты теоремасы жайлы алған білімімізді қорытындылаймыз. Сіздердің өз білімдеріңізді әртүрлі қарапайым, тарихи және геометриялық есептерді шыгаруда қалай қолданатындықтарыңызды тексереміз.

Пифагор және оның теоремасы жайлы білімізді әрі қарай кеңейтпес бұрын, қандай үшбұрышты тік бұрышты деп атаймыз, әртүрлі фигуралардың аудандарын қалай табуға болатындығы жөнінде еске түсірейік, ол үшін математикалық диктант жазамыз.Алдарыңыздағы тапсырмалары бар қағазға аттарыңызды жазып, дұрыс жауабын

таңдаңыздар.Енді көршілеріңізбен алмасып, жауаптарды тексерейік.Бағаны диктанттың соңында берілген шкала бойынша қоямыз.

 

Пифагор жайында дайындалған тарихи материалға көңіл аударайық. (Презентация 1)

 

Пифагор өмірімен танысып болған соң, енді біз оның теоремасын еске түсірейік.(Презентация 2)

 

Пифагор теоремасының танымалдығының себебі неде?

Әдемілігі! Қарапайымдылығы! Практикалық қолданыстағы маңыздылығы!

Ал енді өз білімізді тексеріп, бағалайық.

 

Ауызша есептер.

Теореманың практикада қолданылуына бірнеше қарапайым мысал қарастырайық: Сабақ презентациясындағы бес есепті ауызша шығарып, слайд бойынша жауабын тексерейік.

 

1 геометриялық есепті шығарайық.

 

2 практикалық есепті шығарайық.

 

3 ежелгі индус есебін шығарайық.

 

XII ғасырдың үнді математигі Бхаскаридің есебін шығарайық.

 

Есепті шығару арқылы ежелгі Египетте құрлыста қандай архитектура стилі қолданылғанын білейік.

 

 

 

Таблицаны толтырыңдар.

 

6

16

 

17 20 24

5

 

г о т и к

а

 

 

 

 

Жер өлшеуші мамандарды берілген учаскеде перпендикуляр түзулерді жүргізудің нақты әрі ыңғайлы әдісі ежелден белгілі болған. Мыңдаған жылдар бұрын ежелгі Египет пирамидаларының құрлысында пайдаланылған бұл әдіс, қабырғаларының қатынасы 3:4:5болатындай әрбір үшбұрыш, Пифагор теоремасы бойынша тікбұрыштыболып табылады, себебі 32+ 42 = 52 .

 

 

 

 

Сондықтан да, катеттері 3 және 4, гипотенузасы 5-ке тең болатын үшбұрыш «египеттік» деп аталады.

 

Қорытындылау: релаксация….

 

Бүгінгі сабақта нені қайталадық…”

Бүгінгі сабақта нені білдік…”

Бүгінгі сабақта нені үйрендік …”

 

Бүгінгі ашық сабаққа қатысушылардың барлығына математиканың басқа пәндермен байланысына көз жеткізіп, берілген тапсырмалардың барлығын дұрыс орындап, Пифагор теоремасын өте жақсы меңгергендіктеріңізді куәландыратын папирустар тапсыралады.

 

 

 

 

 

 

Бағалау.

 

Үйге тапсырма: №237

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

169 Н.Илялетдинов атындағы орта мектеп

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: « Пифагор теоремасы және оның есеп шығаруда қолданылуы »

 

 

 

 

 

Күні: 14.02.2012 ж.

 

Пән: Геометрия

 

Сынып: 8г

 

Пән мұғалімі: Ибраимова Н.А.

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңақорған қонысы

2011-2012 оқу жылы

 

МАТЕМАТИКАЛЫҚ ДИКТАНТ.

 

Жұмысты орындаған 8г сынып оқушысы _______________________(Ф.И)

 

Дұрыс жауапты таңда.

 

1. Сөйлемді аяқта: “Бір бурышы тік болатын үшбұрыш…”

 

а) сүйір бұрышты; б) теңбүйірлі; в) тең қабырғалы; г) тік бұрышты;

 

деп аталады.

 

2. Тік бұрышты үшбұрышты белгіле:

 

 

3. Тік бұрышты үшбұрыштың қабырғалары қалай аталады?

 

а) бүйір жақтары; б) қабырғалары; в) катеттері және гипотенуза.

 

4. Қай үшбұрышта қабырғалары дұрыс көрсетілген.

 

 

 

5. Квадрат ауданының формуласын таңда:

 

а) S= ab ; б) S= ab2; в) S= a2 ; г) S= a3

 

6. Үшбұрыштың ауданының формуласы:

 

а) S= ab ; б) S= ah2; в) S= a2 ; г) S= ab2;

 

Диктантты бағалау.

 

Баға “5” – барлық жауаптар дұрыс.

Баға “4” — 5 жауап дұрыс.

Баға “3” — 4 . жауап дұрыс

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.