МЫҢЖАСАРОВА СВЕТЛАНА КЕНБАЙҚЫЗЫ
Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебінің информатика пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: §5. Логиканың негізгі түсініктері
Сабақтың мақсаты: білімділік: оқушыларды логика ұғымымен, компьютер өңдейтін логика түрлерімен
таныстыру, пікір түсінігімен таныстыру және пікірдегі байланыстардың қалай қолданылатынын түсіндіру;
дамытушылық: пікірді анықтау, оның ақиқаттығын бағалау, ақиқат және жалған пікір құру дағдыларын қалыптастыру;
тәрбиелік: ізденімпаздыққа, шапшаңдыққа, топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: түсіндірмелі – пікірталас.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: ЖИГСО, INSERT, «Алтын қалам».
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: оқулық, слайдтар, «Алтын қалам».
Сабақтың барысы:
ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ САТЫСЫ
Сөзжұмбақ «ЛОГИКА»
5 | |||||
|
|
|
|
т |
|
|
2 |
|
|
е |
6 |
1 |
и |
3 |
|
х |
т |
м |
н |
с |
4 |
н |
р |
ә |
ф |
е |
р |
и |
и |
Л |
О |
Г |
И |
К |
А |
і |
р |
і |
м |
а |
д |
м |
м |
з |
д |
л |
а |
е |
а |
|
і |
ы |
|
т |
т |
к |
қ |
|
|
|
и |
|
|
|
|
|
к |
|
|
|
|
|
а |
|
|
|
1. Латын тілінен аударғанда «informatio» қандай мағына береді?
2. Ақпараттық процестерді, қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы ақпаратты тарату, өңдеу, елестету құбылыстарын зерттейтін ғылым қалай аталады?
3. Сегіздік санау жүйесінің негізі неше?
4. Позициялық емес санау жүйесіне қандай қазірге дейін сақталған санау жүйесін жатқызуға болады?
5. Сақтау, алмасу, қайта өңдеу құбылыстарының әдістерін зерттеу информатиканың қай әдісі арқылы жүзеге асады?
6. Сегіздік санды он алтылық санға көшіру ненің көмегімен жүзеге асады?
МАҒЫНАНЫ ТАНИ БІЛУ САТЫСЫ
Мәліметті оқу алдында тапсырма беру:
егер оқып отырған ақпарат сіздің білгеніңізбен сәйкес келсе немесе сіз білемін деп ойлағандай болса, мәтіннің шетіне «υ» (қанат) белгісін қоясыз;
егер оқып отырған ақпарат сіздің білген ақпаратпен сәйкес келмесе немесе басқаша болса, мәтіннің шетіне «–» (алу) белгісін қоясыз;
егер оқып отырған ақпарат сіз үшін жаңа, бұрын естімеген болса, мәтіннің шетіне «+» (қосу) белгісін қоясыз;
егер оқып отырған ақпарат сіз үшін күдікті немесе сізді таңқалдырса немесе осы тақырып бойынша тереңірек білгіңіз келсе, мәтіннің шетіне «?» (сұрақ) белгісін қоясыз.
Логиканың негізгі түсініктері
Логика сөзі гректің “Logos” – ой, сана, сөз деген сөзінен шыққан. Логика – ақиқатқа, шындыққа көз жеткізу үшін қалай дұрыс ойлау керектігін, ойлаудың заңдары мен ережелерін зерттейтін ғылым. Егер хабарлы сөйлемнің ақиқат немесе жалған екендігі туралы айтуға болатын болса, онда оны пікір деп атаймыз.
Пікір деп ақиқат немесе жалған екенін тұжырымдауға болатын, мағынасы бойынша аяқталған сөйлемді айтамыз.
Логика – ойлау формалары мен заңдарын зерттеу, пайымдау әдістері мен дәлелдеу, пікірлер және оның байланыстары туралы ғылым.
Логиканың негізін салған ежелгі грек ойшылы – Аристотель (б.з.д. 384 – 322жж.). ол адам ойына және оның формаларына, атап айтқанда, ұғым, пікір, ой қорытындысына талдау жасап, ойлауды формальді жағынан (құрылым қалыптасу) қарастырды. Осының негізінде формальді логика пайда болды.
Формальді логика – талдау сұрақтарына жауап беретін, логикалық операциялар мен ойлау ережелерін зерттейтін ғылым.
Математика ғылымы логика ғылымынан бұрын пайда болды, бірақ логика математиканың нақты ғылым болып қалыптасуына өз үлесін қосты. Математикалық логиканың негізін салушы неміс математигі әрі философы Вильгелм Лейбниц (ХҮІІғ.). Г.В.Лейбниц алғаш рет ойлау, пайымдау заңдарындағы анықталмағандықтың ауызша төрелік етуін және пікірлер арасындағы байланысты математикалық қатынас түрінде анықталатын математика тіліне аударуға тырысты.
Ықтималдық логика – кездейсоқ параметрлермен жасалатын сынақтың бірнеше серияларын қолдануға негізделген.
Математикалык логика дәлелдеулер техникасын зерттейді. Компьютерлер математика пәні сиякты анықтамалар мен дәлелдеулерде нақтылықты және қатаң реттілікті талап етеді.
Ағылшын математигі Джордж Буль (ХІХғ.) математикалық зандылықтарға бағынатын логикалық әмбебап тілді құру туралы Лейбниц идеясын дамытып, логика алгебрасын енгізді.
Логика алгебрасы – идеал пікірлерге қатысты ақиқат немесе жалған пікір деп тұжырымдауға болатын пікірлерді зерттейтін ғылым. Логика алгебрасы пікірдің мағынасына назар аударып, терең қарастырмайды. Сондықтан логика алгебрасы тек екі мағынаға ие болады, яғни пікірлердің кез келгені «ақиқат» немесе «жалған» пікірлерінің біреуін ғана сипаттайды.
Пікір дегеніміз – жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір пайымдау. Мысалы, «Қара – ақ», «22=4» деген ақиқат, ал «тау тегіс », «22=5» деген –жалған пікірлер.
Егер пікір айтылған ой обьектілерінің кез келгені үшін рас болса, онда жалпы пікір тепе тең ақиқат деп аталады. Мысалы, «иттің төрт аяғы бар» пікірі кез келген ит үшін рас.
Күрделі жағдайларда сұрақтардың жауабы ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС логикалық жалғаулықтарын пайдаланып, құрамды пікірелер арқылы беріледі.
Логикалық жалғаулықтардың көмегімен басқа пікірлерден құрастырылған пікірлерді құрамды деп атайды. Құрамды емес пікірлерді қарапайым немесе элементар деп атайды.
Құрамды пікірдегі ЖӘНЕ жалғаулығы әрқашан құраушы пікірлердің бәрін ақиқат деп ұйғарады. Барлық компьютерлік бағдарламада және математикалық пайымдауда НЕМЕСЕ жалғаулығы тек біріктіруші ролде түсініледі. ЕМЕС жалғаулығы теріске шығаруды тұжырымдау үшін қолданылады.
Қарапайым пікірлер логикалар алгебрасында латынның бас әріптерімен таңбаланады:
А = {Абай – қазақ халқының ұлы ақыны}. В = {А.С. Пушкин – ұлы математик}.
Ақиқат пікірге 1 саны, жалғанға 0 саны сәйкес қойылады. Сондықтан А=1, В=0. Құрмалас пікірлер табиғи тілде пікірлер алгебрасында логикалык амалдармен алмастырылатын «және», «немесе», «емес» сөздері арқылы құрылады. Логикалық амалдар ақиқаттық кестесімен беріледі және графикалық түрде Эйлер-Венн диаграммасы көмегімен бейнеленеді.
Оқушылардың барлығы оқып болған соң келесі жұмыс түрі жүргізіледі:
Сіз қазір ғана оқып шыққан мәлімет туралы ойланыңыз. Жұбыңызбен оқығандарыңыз туралы бөлісіңіз. Сіз қандай ақпаратқа тап болдыңыз? Сізде қандай сұрақтар туындады? Топтарыңызда талқылаңыз.
Талқылау аяқталған соң әр оқушы өз бетімен дәптерінде кестені толтырады:
υ |
— |
+ |
? |
Оқушылар өзіндік жұмыстарын бітірген соң жұптарымен кестедегі жазғандарын талқыға салады. Келесі іс — әрекет – сыныптың ортақ кестесін құрастыру.
ОЙТОЛҒАНЫС САТЫСЫ
Топта ортақ кестені тақылаған соң плакатта жазылған алғашқы ақпаратқа ораламыз – сәйкес келген пікірлерді анықтаймыз. Сәйкес келмеген ойлар шешімін тапты ма немесе қосымша материалдар керек пе деген сұрақты талқылаймыз.
1. Төмендегі мысалдардың неге пікір ұғымына жатпайтындығын түсіндіріңіздер.
1) Мына үйдің түсі қандай?
2) х саны бірліктен аспайды;
3) 4х+3;
4) терезеге қараңыз;
5) қызанақ шырынын ішіңіз;
6) сіз театрда болдыңыз ба?
7) 5 және х сандарының қосындысы 10-ға тең.
2. Мына пікірлердің қайсысы ақиқат, қайсысы жалған?
1) Праиж – Францияның астанасы;
2) 2 саны 7 санының бөлінгіші;
3) 3+5=2*4;
4) 2+6>10;
5) сканер – компьютер экранындағы мәліметтерді қағазға басып шығаратын құрылғы.
3. Төмендегі пікірлерге қайшы пікір құрастырыңыздар.
1) 1 саны құрама сан.
2) 0-мен аяқталатын натурал сандар жай сандар болып табылады;
3) 3 саны 198 санының бөлінгіші емес деген пікір дұрыс емес;
4) 4-пен аяқталатын сандардың бәрі 4-ке бөлінеді деген дұрыс емес;
5) кейбір сүтқоректілер жерде тіршілік етпейді.
Бағалау
1. Кестенің барлық бағандарын толтыру – 1 балл
2. Кем дегенде жоғары деңгейдегі 2 сұрақ – 4 балл
3. Кем дегенде 2 көзқарас айту және оны дәлелдеу шеберлігі (ауызша) – 5 балл
Үйге тапсырма
Ақиқат және жалған пікірлер құрастыру.