МЫҢЖАСАРОВА СВЕТЛАНА КЕНБАЙҚЫЗЫ
Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебінің информатика пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: §4. Позициялық санау жүйелеріндегі арифметикалық амалдар.
Сабақтың мақсаты: білімділік: оқушыларды екілік арифметикамен таныстыру. Екілік сандармен арифметикалық амалдар жүргізуді үйрету;
дамытушылық: екілік санау жүйесінде есептер құру дағдысын қалыптастыру;
тәрбиелік: ұқыптылыққа, жұппен, топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: практикум элементтері бар көрсете түсіндіру.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: оқулық, слайдтар, инженерлік калькулятор.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Тест сұрақтарын алу.
1. Екілік жүйеде сандар қалай жазылады?
а) екілік дәреженің қосындысы ретінде;
ә) екілік дәреженің қосындысы және дәрежесі ретінде;
б) екілік дәреженің қосындысы және коэффициенті ретінде
в) екілік қосынды ретінде.
2. Санды екілік жүйеде жазу үшін қандай индекс қолданылады?
а) 8;
ә) 2;
б) 0;
в) 16.
3. Екілік санау жүйесі қанша саннан тұрады?
а) 5;
ә) 7;
б) 2;
в) 10.
4. 3810→?2 көшіруін орындаңыз:
а) 1101102;
ә) 1111102;
б) 1001102;
в) 1001112.
3. Жаңа материалды түсіндіру.
Арифметикалық амалдар барлық позициялық санау жүйелерінде бізге таныс ережелер арқылы орындалады. Екілік санау жүйесінің арифметикасы қосу, азайту және көбейту кестелері арқылы жүргізіледі.
Екілік сандарды қосу |
Екілік сандарды азайту |
Екілік сандарды көбейту |
0+0=0 |
0-0=0 |
0x0=0 |
0+1=1 |
0-1=1 |
0x1=0 |
1+0=1 |
1-0=0 |
1×0=0 |
1+1=10 |
10-1=1 |
1×1=1 |
Екілік сандарды қосқанда әр разрядтың қосылғыштары қосылады және кіші рахряд тасымалданады (қарызға беріледі). Сонымен қатар 1+1 қосындысы нөл береді де, бірлік алдыңғы үлкен разрядқа тасымалданады.
Мысалы, екілік сандарды қосу:
а) х=1101, y=101;
1 1 бірлік көрші разрядқа тасымалданады
х= + 1101
y= 101
х+ y= 10010
Нәтижесі: 1101+101=10010.
ә) х=1101, y=101, z=111;
1 бірлік көрші разрядқа тасымалданады
111
х= + 1101
у= + 101
z= 111
х+ y+z= 11001
Нәтижесі: 1101+101+111=11001.
Мысалдар:
1) + 1001
1010
11001
2) + 1101
1011
11000
3) + 11111
1
100000
4) + 1010011,111
11001,110
1101101,101
Екілік санау жүйесіне көшу кезінде қажет жағдайда көрші разрядтан бірді қарызға аламыз.
Мысалы, х=10010 және y=101 екілік сандар берілген. х-у айырымын табу керек.
— 10010
101
01101
Нәтижесі: 10010 – 101 = 1101.
Мысалдар:
1) — 110
11
011
2) — 100
1
011
3) — 10111001,1
10001101,1
00101100,0
4) — 110110101
101011111
001010110
4. Өзіндік жұмыс. /оқулықтағы есептер мен қосымша тапсырмалар/
№1. Есептеңіз:
1. 1101102+101012=10010112
2. 111012 – 10112=100102
3. 101012*1102=11111102
4. 1111012:11012=1002
№2. Есептеңіз:
1. 1001102+101002=1110102
2. 111112 – 10112=101002
3. 111012*1012=100100012
4. 111012:1012=1012
№3. Есептеңіз:
1. 1001102+101012=1001112
2. 1011012 – 1112=1001102
3. 1011012*1102=1000011102
4. 11101112:101012=1012
№4. Есептеңіз:
1. 11102+11002=110102
2. 1110012 – 101012=1010002
3. 111012*11002=1010111002
4. 11012:102=1102
№5. Есептеңіз:
1. 1011102+111012=10010112
2. 1011012 – 11012=1000002
3. 1011012*1112=1001110112
4. 111010112:101012=10112
№6. Есептеңіз:
1. 1100102+11002=1110002
2. 11011012 – 101012=10110002
3. 1011012*1102=1000011102
4. 110012:102=11002
№7. Есептеңіз:
1. 101102+10112=1000012
2. 101112 – 1112=100002
3. 11012*1102=1101102
4. 11112:1012=112
№8. Есептеңіз:
1. 101102+11002=1000102
2. 10101102 – 101012=10000012
3. 111012*1002=11101002
4. 110012:1102=1002
5. «Кім жылдам?» ойыны.
1. Санау жүйесі дегеніміз не?
2. Санның позициялық жазылуы берілген. санның өзі нешеге тең? 9102+4101+2100+810-1+6*10-2
3. Санау жүйелері қандай топтарға бөлінеді? Олардың айырмашылығы неде?
4. Санау жүйесінің негізі дегеніміз не?
5. Ондық санау жүйесінде жазылған санды екілік санау жүйесіне қалай көшіреміз?
6. Санды он алтылық санау жүйесінен екілік санау жүйесіне қалай көшіреміз?
7. Он алтылық санау жүйесінде қолданылатын цифрларды ата.
8. Екілік санау жүйесіндегі ең үлкен цифр қандай?
9. Он алтылық санау жүйесінде 916 цифрынан кейін қандай цифр тұрады?
10. Он алтылық санау жүйесіндегі ең үлкен цифр қандай?
6. Бағалау.
7. Үйге тапсырма. Практикум жұмыстары.