Енгізу және шығару құрылғылары.
Енгізу және шығару құрылғылары.
Енгізу және шығару құрылғылары туралы түсінік беру.Компьютер қүрылѓыларының құрамын және олардың міндеттерін білу.
Сабақтың тақырыбы: Енгізу және шығару құрылғылары.
Сабақтың мақсаты:
1) Енгізу және шығару құрылғылары туралы түсінік беру.Компьютер құрылғыларының құрамын және олардың міндеттерін білу.
2) Негізгі, маңыздыларды ажырата дағдыларын және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
3)Оқушының танымдық қызығушылығын және материалды меңгеруге саналы түрде жетуіне қалыптастыру.
Сабақтың ақпараттық құралдары:
— компьютерлер;
— мультимедиялық проектор:
Сабақтың әдістемелік құралдары:
— қол саусақтарына және көзге арналған жаттығулар;
— материалды көрсетуге арналған жаттығулар
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.
Сабақтың тақырыбын, мақсатын, тапсырмаларды айту.
II. Даярлық кезең.
Алғаш білімдерін тексеру. 7-10 минут. Ақпараттық диктант.
I-нұсқа II
1. Ақпарат — бұл… 1. Білім – бұл…
2. Адам ақпаратпен не істей алады? 2. Сезім мүшелерін ата…
3. Иіс сезу ақпараты — бұл… 3. Сипап сезу ақпараты – бұл…
4. Дыбыстық ақпарат — бұл… 4. Дәм сезу ақпараты – бұл…
ІІ.Жаңа материалды түсіндіру. Сабақты түсіндіру үшін «Компьютер құрылғылары» деген тұсаукесер жасау.
Қатты диск (винчестер) – ақпаратты тұрақты сақтайтын мәлімет жинақтаушытың негізгі түрі.
Диск жетек иілгіш дискіні – 3,5 дюймдік алмалы – салмалы дискетаны оқуға арналған. Дискета – қатқыл пластмассалы «конвертке» оралған иілгіш магниттік дискі. Дискетаның көлемі қазіргі уақытта көптеген жаңа қосымшалар үшін жеткіліксіз.
Оптикалық дискідегі жинақтауыштар – компьютерлік компакт дискілер (СD-ROM) немесе DVD дискілер жетегі.
Компьютер құрамына енгізу және шығару құрылғылары да енеді.
Монитор – ақпаратты экранға шығаратын құрылғы. Бұйрықтар мен мәліметтерді қолмен енгізу үшін пернетақта мен тышқан қолданылады.
Пернетақта – микросхемадан тұратын электронды құрылғы болып табылады. Пернетақтаның көмегімен компьютерге бұйрықтар, мәтіндер, сандық мәліметтер енгізіледі.
Тышқан – қолданушы қалпын сәйкесінше қозғалыс координатасын салыстырмалы анықтау үшін қолданылатын құрылғы.
Сканер — қағаздағы кескінді түсіріп алып, оны монитор экранына шығаратын құрылғы.
Бейнекарта – шығару құрылысына жатады, және монитор экранындағы көріністерді қалыптастырады. Бейнекарта монитормен бірге жұмыс істейді.
Принтерлер – ақ, қара және түрлі-түсті болады. Басу тәсіліне қарай олар: матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік болып бөлінеді.
Матрициялық ( инелі ) – принтерлерде қағаз бойымен көлденең жылжып келе жатқан бастиегіндегі инелер шығып бояйтын таспа арқылы қағаз бетіне
із қалдырады.
Сия бүріккіш – принтерлерде қара ғана және түрлі-түсті сұйық сияны тар түтікше арқылы қағазға бүрку тәсілі қолданылады және түрлі-түсті кескін салуға болады.
Лазерлік принтерлерде лазерлік сәулелер арқылы кескін құру тәсілі қолданылады. Баспаның басу сапа мен жылдамдығы жоғары.
Дыбыстық карта – бұл құрылғы компьютерде кез келген дыбыстарды, әуендерді жоғары сапамен ойнату және жазу мүмкіндігін береді.
Колонкалар ойындар, әуендер және бейнелердегі дыбыстарды есту үшін қолданылады. Колонкаларды компьютердің жүйелі блогына дыбыстық картасы бар болса ғана қоса аламыз.
Құлаққаптар (наушниктер) – колонкалар сияқты компьютерден шығатын дыбыстық хабарларды, әуендерді тыңдауға көмектеседі.
ІІІ. Бекіту. Компютерде өз білімдерін тексеру. Тапсырмаларды орындау.
Көздің және қолдың шаршағаның басуға арналған жаттығуларды орындау.
ІҮ. Рефлексті кезең
Қол саусақтарына арналған жаттығулар.
1. Қолыңның шынтақтарын бүгіп, үстелдің шетіне қойыңыз. Саусақтарыңызды біріктіріп, қол білезін көтер. Бір дегенде алақаныңды бүгіп, екі дегенде жұдырығыңдытүй.
2. Қолыңды босатып, төменге түсіріп, сілкілеп жібер.
Көзге арналған жаттығулар.
1. Көзіңді тез ашып-жұмып жібер де, көзіңді жұмып және тыныш отырып 5-ке дейін санаңыз. 4-5 рет.
2. Көзіңнің қарасын жоғары-төмен, оң мен солға ақырын қозғалт. 3 рет.
V. Қорытынды.
Баға қою және сабақты қорытындылау.
Біз компьютердің ақпараттық бөлімін құрайтын құрылғыларды қарастырдық. Олар ақпаратты тасуыштар, енгізу және шығару құрылғылары. Оларға: қатты, иілгіш және оптикалық дискілер, монитор, пернетақта, тышқан, сканер, принтер, бейнекарта, колонкалар, дыбыс картасы жатады.
VI. Үйге тапсырма.
Үйге тапсырма беру және түсіндіру. Оқулықтағы 29-31 беттердегі 2-3 тақырыпты оқу.
Дәптерге «Компьютер – менің досым» тақырыбында әңгіме жазу.
