Қызылорда қаласы
№12 Ілияс Қабылов атындағы мектеп
бастауыш сынып мұғалімі
Абдрасилова Гулназ
Дүниетану 3 -сынып
Сабақтың тақырыбы : Құбылыстар
Сабақтың мақсаты :
А) білімділік : оқушылардың табиғат құбылыстары туралы білімін толықтыру және жүйелендіру.
Ә) дамытушылық : шығармашылық қабілеттерін ,ойлауын, қиялын,сөздік қорын,эстетикалық сезімін дамыту.
Б) тәрбиелік : табиғатты сүюге және қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі : түрлі табиғат құбылыстары бейнеленген суреттер,жыл мезгілдері суреттері,дөңгелектер.
Сабақтың құрал-жабдығы : түсті қаламдар, ақ парақ, интерактивті тақта.
Сабақтың әдісі:түсіндіру,топтық жұмыс,сын тұрғысынан ойлау стратегиялары
Сабақтың барысы :
I.Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Амансың ба ,Алтын Күн!
Амансың ба ,Көк Аспан!
Амансың ба ,достарым!
Сендерді көрсем қуанам!
II.Үй тапсырмасын сұрау
Тест алу.
Оқушылар тесттің жауабын түсті дөңгелектер арқылы көрсетеді.Дұрыс жауаппен тексереді.
III.Жаңа сабақ
А)Жұмбақтар шешу
1.Алуан түстен өріліп
Әсем лента керіліп
Жаңбырдан соң тұрады
Көк аспаннан көрініп (кемпірқосақ)
2.Үй үстінде алтын тас
Алайын десем алынбас (жұлдыз)
3.Аяғы жоқ,қолы жоқ
Жүретұғын жолы жоқ
Қанаты жоқ ,ұшады
Аяғы жоқ,қашады (бұлт)
4.Арыстан арқырады
Айнала жарқырады (найзағай)
Ә)Жаңа сабақты түсіндіру
Б)Сергіту сәті
«Қызылорданың жаңбыры»
В)Топтық тапсырмалар
I топ : «Жаңбыр» сөзіне 5 жолды өлең құрастырады
II топ : «Күз көрінісі» суретін салу
III топ : Табиғат туралы мақал-мәтелдер жинау,жазу
IV топ : Жарнама құрастыру.Жер,Күн,Жаңбыр
Әр топ өз жұмысын талдап, қорытындылайды.
Г) «Үш қадамды сұхбат»
— Тілші : Соңғы уақытта елді дүр сілкіндірген қандай табиғи апаттар болды?
— Төтенше жағдай департаменті маманы : 2011жылдың 11 наурызында 20 жылда болмаған табиғи апат Японияда болды.Жер сілкіну салдарынан 19000 адамның мәйіті табылып ,4000000-ға жуық үй электр жарығынан үзілген.
— Тілші : Осындай табиғи апаттарда адам өзін қалай ұстауы керек?
— Төтенше жағдай департаменті маманы : Мұндай жер сілкіну кезінде жер сілкінісі байқалған уақытта құжаттар мен ақшаны алып ашық кеңістікке шығу керек.Айғайламай , сабыр сақтауға тырысу керек.
Оқушылар өздері сұрақтар қояды.
IV.Сабақты қорытындылау
«Күн сәулесі» ойынын ойнату
Бұлттардағы қорытындылауға арналған сұрақтарға жауап беріп, күнді бұлттан арашалап ашу.
V.Бағалау,мадақтау
VI.Үйге тапсырма : мәтінді оқу, «Күзгі жаңбыр» мәтінін оқу,халық болжамдары туралы мағлұмат жинау.
Сабақты «Жау-жау ,жаңбыр» әнімен аяқтау.