Без рубрики

2012-2013 оқу жылы

Қызылорда облысы, Арал ауданы
Т.Г.Шевченко атындағы №13 мектеп

Психолог
Әлжанова Гүлбану Нұржауқызы

2012-2013 оқу жылы

2012-2013 оқу жылына мектепте 3 сынып аралығында барлығы 1 оқушы үйден оқиды. Олардың 1-еуі қыз бала. Сабақ беретін мұғалімдер үшін Қазалы психологиялық-дәрігерлік педагогикалық консультатциясының қорытындыларына негізделген № 347-31.08.2012ж. санды бұйрығы шығарылды. Мұғалімдердің сағаты төмендегі кестеде көрсетілген:

 

Р/с

Аты-жөні

Сыныбы

Пәндері

Мұғалімдері

Сағаты

Барлығы

 

1.

Назыбекова Гүлсая

3

 

Қазақ тілі,

Математика

Ералиева А

3

3

6

 

 

Сабақ кестелері бекітілген, мұғалімдер уақытында барып, тұрады. Оқушының сабақ барысындағы күнделікті жай-күйіне бақылау жасап отырады, ол үшін арнайы бекітілген динамикалық даму карталры бар. Оқу жылының басында үйден оқитын барлық оқушылардың үйлерін аралап, тұрмыс жағдайлары, отбасы мүшелері туралы толық мәлімет алынды. Ата-аналарымен байланыс жасалып тұрады. Оқушыларға сабақ оқуға мүмкіндік жасалған, оқулықтары түгел, тақталары бар. Олардың денсаулық жағдайларына байланысты Назыбекова Гүлсая қорытындыларының негізінде сабақ жеңілдетілген түрде өтеді. Үйден оқитын оқушылардың психологиялық ахуалына Басс-Дарки, Мюнстенберг тесттері, «РЧ», «НЖ», жобалау әдістері сияқты арнайы диагностикалық зерттеу жүргізіліп, соған орай тиісті кеңестер беріліп, түзету жұмыстары жүргізіледі.

Мұғалімдердің сабаққа баруы қадағаланып отырады. Үйден оқитын оқушылармен жұмыс 29.Х. 2012 ж. әкімшілік отырысында қаралды. Жалпы жұмыс жүйелі жүргізілуде. Ай сайын динамикалық қорытындылары шығарылады, тоқсандық бағаларына есеп беріледі.

Біз мейірімді баламыз тренинг

Мақсаты: — Мейірімділік сезіміне баулу.

-Біріне бірі жақсылық жасауға, көмек беруге үйрету.

-Мейірімділік сезімін жақсы тілекпен , жақсы сөзбен жеткізіуді үйрету, дағдыландыру.

Әдіс-тәсілдері: Әңгіме айту, талдау, сұрақ-жауап ойыны.

Құрал-жабдықтар: Түрлі-түсті қағаз, ақ қағаз, үнтаспа, сөздер жазылған плакттар.

Амандасу рәсімі.

Балалар шеңберге тұрып, бір-бірінің қолдарынан ұстап «Мен қандаймын?» сұрағына өз атының бірінші әрпінен басталатын сөзді атымен қосып айтады.

Танысу тренингі

Оқушылар дөңгеленіп тұрады. Орындарын ауыстыру ойыны.

  1. Қыс айында туылғандар

  2. 7-ге толған оқушылар

  3. Ән айтқанды жақсы көретіндер

  4. Әжесімен бірге тұратындар

  5. Мектепке келерде жолдан өтетіндер

  6. Қыркүйек айынан бастап сабақтан бірде-бір қалмаған оқушылар

Көңіл-күйді көтеру

Үшке дейін санап, балалар көздерін жұмады. Көз алдымызға елестетейік. Жауып тұрған жаңбырдың тамшылары жәй тамшылар емес, алтын тамшылар. Әрбір алтын тамшы жерімізге, қаламызға мейірін төгіп, нұрын шашып тұр. Айналаға қарасақ, ағаштар жайқалып, көшелеріміз айнадай тазарып, гүл шоқтары жайнап тұр. Аспанда әдемі, түрлі-түсті кемпірқосақ көздің жауын алып тұр. Ол түсті естеріңде сақтап, көздеріңді ашыңдар. Қағаз бетіне сол түсті доғалдандырып түсіріңдер.

Сабақтың мазмұны

Бүгін біз мейірімділік жайында әңгімелесеміз.

А) Мейірімділік деген не?

Б) Неге мейірімді болу керек?

В) Қалай мейірімді болуға болады?

Күй сазымен мейірімділк туралы әңгіме тыңдау.

Бір мазасыз балапан өмір сүріпті. Күндердің күнінде ол анасына «Мейірімділік деген не?»- деп сұрапты. «Сен әлі кішкентайсың». Өскеннен кейін түсінесің- деді анасы. Бірақ балапан шыдамсыз еді. Ол жауапты тезірек білгісі келеді. Сөйтіп ол жолға шықты. Жолда ол жылап жүрген ешкіні кездестіреді. Ол балапаннан жоғалып кеткен лағын тауып алуға көмектесуін сұрайды.

«Менде уақыт жоқ- деді балапан,». Мен мейірімділіктің не екенін білуім керек.- дейді де әрі қарай жүгіріп кетеді. Шалғайдан қыз баланы кездестіреді., ол ағашқа ілініп қалған шарды ала алмай жүреді. «Балапан, балапан, маған шарды алуға көмектесіп жіберші»- деді балапан, -мен мейірімділіктің не екенін білгім келеді. «Ал мен білемін. Менің анам әрдайым қайырымды адамдар туралы әңгіме айтады.»

-Маған да айтшы,- деді балапан.

«Бірінші сен шарды алып бер». Балапан ұшып барып шарды алып береді. «Мінекей сен қайырымды іс істедің.» Мейірімділік деген осы. Қандай оңай- деп таң қалды балапан.

Мейірімділік туралы сұхбат жүргізу. Сұрақ қойғызу.

Мейірімділік-ол басқалардың игілігіне қамқор болу. Қайырымды болу жердегінің бәріне қамқорлық жасау дегенді білдіреді. Мейірімділік адамдармен және жан-жануарларымен қарым-қатынаста байқалады. Мейірімді болу деген адамдарға қамқорлық жасау және де қоршаған ортаға, өзіңе жасағаннан артық болмаса, кем қамқорлық жасамау.

«Кім ең мейірімді?» ойыны.

  1. Сен аулада кішкентай баланың жылаған даусың естідің. Не істер едің?

  2. Досың нашар баға алып қалды. Не істейсің?

  3. Аяғы жараланған итті көрдің. Не істер едің?

«Үлкен жұлдыз» құрастыру ойыны.

Қол шапалақтау арқылы үлкен жұлдыз құрастыру. Екі рет шапалақтаса екі адам, 6 рет шапалақтаса 6 адамнан жұлдыз құрайды.

Жауын

  1. Қолды ысқылау.

  2. Екі қолды шерту

  3. қолды шертіп (таусылу)

«Жүрек» ойыны

(Жүрек бірнеше пішіндерге қиылып бөлінген)

Әрбір ойынға қатысушы бала сиқырлы қоржыннан адманың қасиеттерін анықтайтын сөзде жазылған түрлі пішіндер алады. Қайырымды, мейірімді, сабырлы, кешіріледі. Соңынан осы пішіндерден үлкен бір бүтін жүрек құрастырылады.

Рефлекция

Әр топқа тапсырмалар беру.

  1. Сенің мамң жұмыстан шаршап келді.

Сен қайырымды болсаң не істер едің?

2. Даладан сен қанаты сынған құс көрдің,

Сен мейірімді болсаң не істер едің?

3. Көшеде саған өте кәрі атай кездесіп, сенен дәріханаға дейін шығарып салуын сұрады. Егер сен мейірімді болсаң не істейсің?

4. Досың сабаққа келе алмай үйде ауырып қалды. Сен қайырымды болсаң не істер едің?

Тексеру тесті

Мынадай баланы мейірімді деуге бола ма?

Балалар иә не жоқ деп жауап беру керек.

Қыста құстарға ұя жасаса

әрқашан кімге көмек керек екенін сезіп жүрсе.

Рогаткамен құстарды атса анаасына кішкентай бөпесін күтуге көмектессе.

Құпиялы қасиет ойыны.

«Азат мейірімді », «Алма мейірімді» «Алма» өте мейірімді.

«Эстафета ойыны»

Қаламды тез беріп тез бірінші балаға келу.

Тақтағы сөздерді оқу.

Бақытты болу үшін –бір-бірімізге жиі жақсылық жасауымыз жылы сөздер айтуымыз, қуаныш сыйлай білуіміз керек.

Мейірімділік дегеніміз-бір-бірімізге деген жылуымыз, достығымыз, көмегіміз.

Қоштасу рәсімі

Бәріміздің жүрегіміз жақсылық пен мейірімділікке толы. Осы жылылықты бір-бірімізге шашайық. Шашқан жылылығымыз өзімізге қайта оралады.

(екі қолын айқастырып кеудесіне қояды)

Шығармашылық тапсырма

Жүректің ішіне өзіңе ең жақын адамның суретін сал.

Танымдық процестер тренинг

Мақсаты: Есте сақтау қабілетін, зейінділігі мен логикалық ойлау қабілетін дамыту: топтарын құрып, ондағы балалардың өзара жағымды қарым-қатынастарын дамыту.

Құрал-жабдықтар:

тренингке қатысушыларға қағаз бен қалам беріледі, тақта мен маркер керек.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру сәті.

Тренингтің мақсаты мен тапсырмасын жариялау. Топ жетекшісімен таныстыру.

ІІ. Тренингке қатысушыларды бір-бірімен таныстыру.

Сіө өзіңізді таныстырып, өзіңіз жайлы бір-екі ауыз сөз айтқаннан кейін оң жақтағы көршіңіздің де солай етуін өтініңіз, сізден кейін де солай жалғаса береді және әр қатысушы алдында танысқан екі қатысушының атын атап барып сонан соң өзі жайлы айтады.

Қатысушылар түгел танысып болған соң көңілі қалағандарға топтағылардың атын түгел атап шығуларын өтініңіз.

Мұны шамамен былай етіп келтіріңіз: «Бұл тапсырманы күрделі екенін білемін, әйткенмен араларыңызда тренингке қатысқандардың аттарын түгел атап шыға алатындар бар ма екен?» Сұрақтың былай қойылуы әйтеуір біреуге түрткі болады, сондай-ақ алғашқы қорқынышты басқандай болады.

Бірнеше оқушы әдетте 2-3 жеткілікті қатысушылардың атын түгел атап шығады, сәтті өткен танысу жайлы көңіл жайландыратын бір-екі ауыз сөз айтып келесі сабаққа көшіңіз және өзіңіз үшін төмендегілерді түйіп алыңыз.

1. топта қайталаған кезде аттары қалып қалған адамдар болды ма?

2. Есте тез сақталатын есімдер кездесті ме, немесе ерекше эмоция туындырған есімдер кездесті ме мысалы әзіл-қалжынмен немесе еркелетіп аталған есімдер. Қатысушы қайталау кезінде біреудің атын өзі танысқаннан өзгеше атаса мысалы Динара деп танысқан адамның Гүлназ десе, Жанатты жанка десе т.б. Сондай-ақ кім толық атын атағаннан кім қысқартылған атын атағанын да ескеріп қойыңыз.

Танысу соңында қатысушыларға бір-бірінің аттарын атап, сіз деп сөйлеуді ұсыну керек.

ІІІ. Аз уақытты есте сақтай алу қасиетін дамыту.

Мақсаты: Көргенін қанша уақытты есіне сақтай алатынын анықтау.

Нұсқау: Қазір сіздерге сандар жазылған сызба көрсетіледі. Сіздер 20 секундта көргендеріңізді есте сақтап алып, мүмкіндігінше көп сан жазыңыздар.

Жауапты қорытындылау:

Жазылған сандардың аз-көптігіне қарай көргенін есте сақтау қабілетіне баға беріледі. Көп дегенде 10 санды көре салып есте сақтауға болады, ал орташа алғанда 6-7 сан ғана есте сақталады.

 

 

15

39

87

23

94

65

79

46

83

19

94

52

 

ІҮ. Ойын «Ультиматум»

Тренингке қатысушылар 4 командаға бөлінеді. Командалар бір-біріне ультиматум жазуды ұсынады. Бірде мынадай ультиматум кездесті, бір команда екінші командаға бөлменің оңтүстік жағын иеленіп алдыңдар деп ультиматум жолдайды. Қарсы жақтың жауабы: олардың тобында қыздар көп және ультиматум иелеріне қарағанда бұлар салмақ жағынан артық.

«сан алуан қызықты қарсылықтар көп болсын»

Қарсылықтар қызықты әрі ерекше, әдемі жазылуға тиіс.

Ультиматум жазуға 10 минут беріледі. Жазылған ультиматум оқылады.

Ультиматум алған команда ультиматумды негіздермен қабылдамай тастайды, немесе келісіп шешу жағын ұсынады.

Басты талап – жауаптар барынша әдемі ерекше болып, қолданылатын тәсілдер қайталанбауға тиіс.

Содан кейін қарсылықтарға берілген жауаптар оқылады. Ойын соңында командалар бір-біріне жолдаған ультиматумдар үшін алғыс айтып, олардың ерекшеліктерін айтады.

 

Ү. Мюнстенберг әдістемесі

Мақсаты: Таңдап көңіл бөлуді диагностикалауға бағытталған.

Нұсқау: Әріпті мәтін ішінде сөздер бар. Жылдам оқи отырып, сол сөздердің астын сызу қажет.

Тапсырманы орындауға 2 минут беріледі.

Мысалы:

  1. аоблдневовыалдоапорр әріповлароррпорынлгрешгнлвгрпрапайлнешгешкі

  2. фывалдрпржолнгеелгеоринандаррпоррпаманшылықрпаиоррора

  3. тиалораплораұстаздықорполрпаоаеткенраыопаьпжалықпасьпрорпоал

  4. орваплорплорапсихологтьипрорроракітаптарлггрпавлрппартаорора

  5. ораплоапобапүстелорпапрпақоянорпавлопртақтарполраптрапывфлао

 

2012-2013 оқу жылы: 1 комментарий

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.