Без рубрики

Желтоқсан мен Тәуелсіздік егіз!

Батыс Қазақстан облысы,
Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылы

М.Б.Ықсанов атындағы орта жалпы білім беретін мектеп- балабақшаның
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Ильясова Гүлзада Саматқыз

Тақырыбы: Желтоқсан мен Тәуелсіздік егіз!

Мақсаты: Егеменді еліміздің жетістігі туралы таныстыру. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан ұл-қыздардың ерліктері жөнінде түсінік беру. Өз Отанына деген, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, өз ана тілін, әдеп-ғұрпын, салт –дәстүрін сақтауды оқушылардың бойына дарыту.

Көрнекілігі: Қайрат Рысқұлбеков туралы деректі фильм, М.Шаханов. Тірек сызбалары, анықтамалар, тамашалар.

Өту барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Кіріспе сөз.

Құрметті оқушылар! Бүгін біз дүниені дүр сілкіндірген тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі желтоқсанға қатысқан жастар жайлы әңгімелекпіз.

— Балалар, 1986 жылғы 16 желтоқсанда Брежнев атындағы алаңға жастар және студенттер не үшін жиналды ?

(Үкімет басына Колбиннің келуіне байланысты, өз тәуелсіздігін алу үшін)

— Колбинге неге қарсы шықты?

(Қазақстанда қазақ мектептері мен балабақшалары азайып кетті)

Колбин қайдан келген?

(Ресейден келген)

— Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіңдер?

(Өз алдына дербес, еркін мемлекет, ешкімге тәуелді бағынышты болмау)

1986жылы 16 желтоқсанда Алматы қаласында шеруге мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, шеруге шықты. Олар «Қазақ елінің өз көсемі сайлансын!» деген тілек білдірді. Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен күш көрсетілді. Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар» деген кінә тағылды.

1986жылы 28 желтоқсанда Қазақстан жазушылар одағында Г.В.Колбин бастаған топ халықтың ұл-қыздарын «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар» деп айыптады. Осы кезде ақын Ж.Молдағалиев ағамыз тайсалмай шындықты айтты: «Жоқ! Мен мұңдай әділетсіздікке төзе алмаймын! Мен Ұлы Отан соғысында қан кешкенімде болашақ ұрпағымды солдат етігінің тапталсын дегенім жоқ!

Менің ұрпағым нашақор, бұзақы, ұлтшыл емес,Ұлтжанды!» дейді.

Әйгілі ақын Мұхтар Шаханов халық басына күн туған шақта, Мәскеуде, Кремяв сарайындағы үлкен жиында қазақ халқына жасалған зорлық-зомбылықты айдай әлемге паш етті.

Артынан жыр жолдарын жазды.

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула,лаула,желтоқсанның мұзға жаққан алауы.

Өздеріндей өр намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда еңкеюге тиіс емес жалауы.

Қазақ елінің еркіндігі, бостандық жолына бас тіккен азаматтар, туған елінің тәуелсіз мемлекет болғанын көре алмай өткен желтоқсан батырлары Қайрат Рысқұлбеков, Ляззат Асанова, Сәбира Мұхаметжанова, Түгелбай Тәшенов, Мырзаұлы Әбдіқұлов, Ербол Сыпатаев сияқты аға-апаларымыздың рухына тағзым етіп еске алу- парызымыз.Қазіргі осы құрбандарға арнап бір минуттық үнсіздік жариялаймыз.

Оқушылар экранға назар аударады.

Қайрат Рысқұлбеков жайлы деректі фильм көрсетеді.(30 минут)

ІІІ. Қортындылау.

Тірек сызбасымен жұмыс.

Ызғарлы желтоқсан оқиғасына 23 жыл.

Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхаметжанова, Т.Тәшеков, М.Әбдіқұлов, Ербол Сыпатаев сынды асыл азаматтарымыздың өздері өлсе де, өшпестей із қалдырған ерен ерлігі ешқашанда ұмытылмақ емес.

Желтоқсан оқиғасы қаншама ызғарлы естілсе де жанымызға нұр септі мәңгілік егемендікті алып келгеннің арқасында дүние жүзіне танымал ел болдық.

Айыпкер Қ.Рысқұлбеков қылмыскер деп танылып, қылмыстық кодекстің 173 бабының 1тармағы бойынша жазалаудың ең ауыр түрі – өлім жазасына, атуға кесілсін дейді. (Қайрат Рысқұлбековтың соты). Алғашқы кешірім берілмейді.Одан кейін ату жазасын 20 жыл бас бостандығынан айыруға өзгертеді.Өкінішке орай, Қайрат бұл шешімді естілместен мәңгілікке көз жұмды.

Қайраттың сотта айтқан соңғы сөзі:

Ақтық сөзді енді мен

Сотқа да бір айтайын.

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар,

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар,

Алам десең алыңдар!

«Қайрат» деген атым бар,

«Қазақ» деген затым бар,

«Еркек тоқты құрбандық» ,

Атам десең атыңдар.-деген екен.

Қайрат Семей түрмесінде 21-камерада 1988 жылы 21мамыр күні, 22жасында дүниеден өтті. Қайрат 1966 жылы, 13-17 наурызда дүниеге келген. Қазіргі уақытта анасы және әйелі мен Арайлым атты қызы бар.Жақын інісінің баласының есімін Қайрат деп қойған ал, фамилиясы Рысқұлбеков. Қайрат өлместен бұрын әйеліне хат жолдаған түрмеде отырған кезде сол кезде әйелі жүкті болған екен. Егер дүниеге ұл келсе есімін Қайрат ал, қыз болса Арайлым деп қой деген екен. Дүниеге қыз келді, есімін – Арайлым деп қойған екен.

Президентіміздің жарлығымен 1996 жылы,

9 желтоқсанда Қайрат Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі «Алтын жұлдыз» тапсырылды.

Сәбира, Ляззат, Ерболдарға ақтау жөніндегі анықтама берілді. Ал, бүгінгі қазақ халқы өзінің көптен күткен, арманына жетті.

Тәуелсіздік құтты болсын, ағайын!

Бекіту сұрақтары:

1986 жыл5ы Желтоқсан оқиғасына 23 жылдай уақыт өтсе де Желтоқсан оқиғасы әлі де көп ойлантады, толғантады.

Еліміздің президенті, Премьер министрі, Парламенттің қос палатасының төрағалары қол қойған «Қазақстан халқына үндеуінде» айтылғандай, «1986 жылдың желтоқсанында ұлттық қадір-қасиет дегеннің не екенін күллі әлемге паш еткен сол бір жас жүректердің қаһармандығы егеменді еліміздің жастарының көтерер туын биіктете берсе екен» дей отырып тәрбие сағатымызды аяқтаймыз!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.