Батыс Қазақстан облысы,
Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылы
М.Б.Ықсанов атындағы орта жалпы білім
беретін мектеп- балабақшаның
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Ильясова Гүлзада Саматқызы
Сабақтың тақырыбы: Шыңғыс Айтматов «Найман-Ана» (8-сынып)
(«Ғасырдан да ұзақ күн» романынан үзінді)
Сабақтың мақсаты: Білімділік— оқушыларға жазушының ұлылығын ұғындыру, романнан берілген үзіндінің мазмұнын меңгере отырып, білімдерін кеңейту.
Тәрбиелік – әрбір жеке тұлғанын туған жерін, Отанын, елін сүюге, оны жаудан қорғауға тәрбиелеу, адамгершілікке, ананы құрметтеуге, адамның ішкі жан дүниесін түсіне білуге баулу.
Дамытушылық— оқушылардың өз бетінше зерттеушілік, салыстыра білу, қортынды тұжырым жасау, проблемалық жағдайдан шыға білу әрекеттерін жетілдіру.
Сабақтың түрі: Зерттеу сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау, ой қозғау
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, география.
Көрнекілігі: таспадағы ана монологы, интерактивті тақтада жазылған сөздер,
«Ананың алақаны әлемді әлдилейді».
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылар топ-топқа бөлінеді.
ІІ. Оқушылардың қызығушылығын ояту.
Шыңғыс Айтматов туралы не білетіндерін, қандай әңгімелерін білетіндерін сұрақ-жауап арқылы сұрау.
Ана дегеніміз кім?
Ана
Біз бүгін түркі әлемінің мақтанышы, әлем әдебиетінің алыбы, қырғыз халқының біртуар перзенті- Шыңғыс Айтматовтың «Найман –Ана» шығармасымен танысамыз.
ІІІ Жаңа сабақ.
Оқушы нені білу керек?
1. Тақырыптың «Найман-Ана» аталу себебі
2. Найман-Ана кім?
3. Жуан- жуандардың жан түршігерлік айуандығы
4. Жоламанның басынан өткен қиыншылықтары
5 . Жоламанның мәңгүрт болуы
6. Ананың басынан өткен күндері
7. Сарыөзектегі қасіретті оқиға
8. Найман еліне саудагерлердің келіп мәңгүрттің хабарын айтуы.
9. Бесік жыры
10. Баласының Ананы өлтіруі
11. Құсқа айналған ақ жаулық.Үнтаспадан ана монологы оқылады.
ІV. «Кубизм» әдісі (топтарға тапсырма беріледі)
І топ. Зерттеңіз. Үзінді не себепті «Найман-Ана» деп аталған?
ІІ топ. Талдаңыз. Жуан-жуандар қандай зұлымдық көрсеткен.
ІІІ топ. Салыстырыңыз. Шығармадағы Найман-Ананың үміті көп пе әлде күдігі басым болды ма.
ІV топ. Талқылаңыз. Әңгімедегі улаған сөздерді белгілеп, түсіндіру.
V топ. Дәлелдеңіз. Мәңгүрт бейнесін шығармадағы қандай оқиға ашады деп ойлайсыңдар. Шығармадан тауып дәлелдеп беру.
V . Жаңа тақырыпты бекіту
Шыңғыс Айтматовтың «Найман-Ана» үзіндісі туралы білгенімізді пысықтау үшін «Сандар сөйлейді» ойынын өткіземін.
Экранда 1 мен 10 аралығында сандар шығады.Ол сандардың артында сұрақтар бар.
1.Әке кегін алу үшін Жоламан қайда аттанады?
2.Жан түршігерлік қасіретті оқиға қайда болады?
3.Ана-Бейітті халық неліктен соншама қасиет тұтады?
4.Жоламан кімдердің қолына түсіп, азап шегеді?
5.Ананың шешімі қандай болады?
6.Жоламанның әкесінің есімі кім?
7.Найман- Ананы кім өлтіреді?
8.Жоламан жуан-жуандардың қолына қалай түсіп қалады?
9.Найман еліне келген кімдер түйені мәңгүртті көргенін айтады?
10. «Найман-Ана» үзіндісі қандай романның үзіндісі?
VI .Шығармашылық жұмыс
Оқушылар өздерінің «Ана» тақырыбына шығарған 1 шумақ өлеңдерін оқиды.
VII.Қортынды.
Анаң саған керек болса, балаға да сен керек,
Кезекпенен, ауысатын ғұмыр ғой бұл дөңгелек.
Ана керек! О, адамдар, ана керек адамға,
Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.
Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,
Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы
Төлеген Айбергенов.
VIII.Оқушыларды бағалау
IX.Үйге тапсырма
«Ана» тақырыбында эссе жазу.