Қазақ тілі

Сан есімнен өткенді қайталау

Батыс Қазақстан облысы,
Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылы

М.Б.Ықсанов атындағы орта жалпы білім беретін
мектеп- балабақшаның қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Ильясова Гүлзада Саматқызы

Сабақтың тақырыбы: Сан есімнен өткенді қайталау
Білімділік мақсаты
: оқушылардың сан есімнен алған білімдерін тиянақтау,теориялық білімдерін практика қолдана білуге машықтандыру.

Дамытушылық мақсаты: тапсырмалар арқылы окушылардың тапқырлық, іздемпаздық, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты:орындалатын жұмыстары арқылы енбексүйгіштікке, тазалыққа, ұқыптылыққа, сыпайы әрі кішіпейілді сөйлеуге баулу.
Сабатың түрі: білімді пысықтау сабағы.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, тест.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, плакаттар, интерактивті тақтадағы сызбалар, сөзжұмбақтар.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыруы кезеңі.

Қазақ тілі-өз тілім,ана тілім,

Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызының мәңгі сені,

Болашағым,бақытым,дара тілім.

Міне,балалар туған тіліміз қазақ тілі ұжымдық оқыту арқылы деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы өтпек.

Класты білім деңгейіне қарай 3 топқа бөлу.

ІІ.Негізгі бөлім.

А) Үй тапсырмасын тексеру.

Көрнекі-бейнелеп ойлау.Мына жазба топшамаларға қарап,сөзтабын табыңыздар.

Ә) «Топтастыру» әдісі бойынша сан есімдерден білетін ұғымдарыңды жаз.

 

Б) Топпен жұмыс.

Білім деңгейіне қарай әр топқа тапсырмалар беру.Деңгейден деңгейге көшкен сайын тапсырмалар да күрделене түседі.

І деңгей.

1-топқа:

1.Сөйлем ішінен сан есімді тауып, құрамына, мағынасына қарай ажырат.

1941жылы 22 маусымда неміс фашистері тұтқиылдан елімізге шабуыл жасады.

2. Реттік сан есім дегеніміз не? Реттік сан есімнің цифрмен берілгендегі жазылуы туралы не айтасыңдар.

2-топқа:

  1. Мақал –мәтелдердің сөздерін тиісті орнына қойып, құрастыр.

Тілін, жұрттың, біл, жеті,

Түрлі, білім, жеті, біл.

Сом ақшаң,жүз, болғанша, жолдасың, болсын, жүз.

  1. Болжалдық сан есім, оның жасалу жолдары туралы айтыңыздар.

3-топқа:

  1. Сөйлем ішінен сан есімді табыңыздар. Майдан даласына миллиондаған қызжігіттер аттанды.

2.Сан есім дегеніміз не? Сан есімді қатыстырып сөйлем құрастырыңыз.

ІІ деңгей.

1-топқа:

1.Берілген есептік сан есімдерден реттік,топтау,болжалдық сан есімдер жасап,сөзбен жазыңдар. 6,10, 105 ,35, 636, 482, 1991, 2004.

2.Берілген мақал-мәтелдерді оқып,көп нүктенің орнына тисті сан есімді қойындар.

Жаздың…күні,

Қыстың…күнін асырар.

…жасар бала алыстан келсе,

…қария келп сәлем берер.

…аяқтыда бота тату,

…аяқтыда бажа тату.

2-топқа:

1.Ребусты шешіңдер.

 

2.Берілген сан есімдерді қатыстырып,сөйлем құрастырыңдар.Жеті –сегіз, он үштерде , алпыстай, ондаған, жиырма шақты.

 

3-топқа:

1.Жаңылтпаштарды оқып, айтыңдар.Сан есімдерді қатыстырып,өздеріңіз де жаңылтпаш құрастырыңдар:

Бес түп алма

«Бестік» алғандікі.

Төрт түп алма

«Төрттік»алғандікі

«Төрттік»алған

Бес түп алма алмайды.

«Бестік» алған

Төрт түп ала алмайды.

  1. Дара,күрделі сан есімдерді бөлек-бөлек жаз.Жүзінші,жетпіс бес,екі,қырық шақты,отыздай,төртеу.

 

ІІІ деңгей.

1-топқа:

1.Шығармашылық жұмыс.Сюжетті суретке қарап, сурет мазмұнына лайық шағын әңгіме құрастырыңыздар.(Сан есімдерді қатыстыру).

2-топқа:

1.Сан есімдердің қайсысының жазылғаны дұрыс, айырып көрсетіңіздер.

1)2004-жыл ә)2004 жыл. 3) 7-сынып ә) 7 сынып.

 

2)V том ә)Vтом 4) 10-даған ә)10 даған.

 

3-топқа:

1.Сөзжұмбақты шешіңдер.

 

 

1.Кәделі мүше.

2.Ел ордасы.

3Ас атасы.

4»Кет» сөзінің антонимі.

5.Нәрестенің төсегі.

6.Сырт киім тұратын орын.

7.Сөздің көркі.

 

ІІІ. Бағалау. Сабаққа қатысқан оқушылардың барлығын әділ бағалап, тисті бағаларын қою.

Ү. Үйге тапсырма. Оқыған көркем шығармалардан сан есімге байланысты бес сөйлем жазып. Оның мағыналық түрлеріне ажыратып келу.

ІV. Сабақты қорытындылау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.