Без рубрики

ХХІ ғасыр көшбасшысы

Батыс Қазақстан облысы,
Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылы

М.Б.Ықсанов атындағы орта жалпы білім беретін
мектеп- балабақшаның қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Ильясова Гүлзада Саматқызы

Тақырыбы: ХХІ ғасыр көшбасшысы

Мақсаты: 1.Тапқырылыққа, шешендікке баулу, іздемпаздыққа жетелеу,

ой-өрісін, тіл мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру.

2. Оқушыларды еліне, жеріне, оның салт-дәстүрлерін сыйлауға,

халықымыздың болашағын гүлдентер тәрбиелі, білімді болып

өсуіне ықпал ету және тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер; жоспар;ұлағат сөз.

Барысы: «Ақыл, қайрат жүректі бірдей ұста,

сонда толық боласын елден ерек»

Жоспар:

1.Бәйге сайысы

2.Жалғастыр сайысы

3.Ойлан, тап сайысы

4.Жасырдым жұмбақ сайысы

5.Тіл-өнер сайысы

6.Ғажайып төрттік сайысы

7.Жорға сайысы

8.Қазылар алқасының шешімі.

Мұғалім:

Құрметті ұстаздар, оқушылар және бүгінгі «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты сайысымызға қатысқалы тұрған оқушылар.Сайысымызды ашық деп жариялаймын.Сайысымыздың негізгі мақсаты – оқушылардың білімдерін сынау, өнерлерін тамашалау.

Ендеше сайысымызды бастамас бұрын

әділқазылар алқасын сайлап алайық:

1.Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Берікқалиева Л.Қ

2.Орыс тілі пәнінің мұғалімі: Айтуғанова Г.Б

3.Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі: Мұратова Г.М

1-сайыс «Бәйге»

Мұғалім: Мәңгі бақи есте қалар

Қызықты бір ойын болсын

Білімдірек шәкірт озар

Сұрақтары қиын болсын.

Ойын ережесі бойынша әрбір сұрақтың дұрыс жауабына 10 ұпайдан беріледі. Сұраққа бірінші болып қол көтерген ойыншы жауап береді.Егер ол ойыншымыз дұрыс жауап бермесе. Екінщі қол көтерген ойыншы жауап бере алады.

Сонымен, ойыншылар ойын шартын түсінікті болса, сайысымызды бастайық.

1-сұрақ

Қазақстанда алғаш ғарышқа ұшқан кім?

(Тоқтар Әубәкіров 1991жылы)

2- сұрақ

Атақты күрес шебері?

(Қажымұқан Мұңайтпасов)

3- сұрақ

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні?

(16 желтоқсан, 1991жылы)

4-сұрақ

Ұлы Отан соғысына биыл неше жыл?

(65 жыл толып жатыр, 1941-1945.)

5-сұрақ

Қазақстан даласында алғаш қазіргі үлгіде мектеп ашқан ұлы ағартушы кім?

(Ыбырай Алтынсарин)

6-сұрақ

Атақты суретші кім?

(Әбілхан Қастеев)

7-сұрақ

Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақтың батыр қыздары кімдер?

(Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова.)

8-сұрақ

Күй атасы кім?

(Қорқыт)

9-сұрақ

«Бөбек» қорының призеденті кім?

(Сара Алпамысқызы)

10-сұрақ

Қазір қай жыл?

(2010жыл-Барыс жылы)

2-сайыс «Жалғастыр»

Мұғалім : Екінші сайысымыз «жалғастыр» деп аталады, яғни мақал-мәтелдің жартысы оқылды, сендер жаласғасын табуларыныз керек.

1-сұрақ

Жолдасы жақсы жолды болар,(жолдасы жаман қолды болар).

2-сұрақ

Ұсталы ел озар,

(ұстасыз ел тозар).

3-сұрақ

Дос жылатып айтаты

(Дұшпан күлдіріп айтады).

4-сұрақ

Ерлік білекте емес,(жүректе).

5-сұрақ

Талапты ерге (нұр жауар).

6-сұрақ

Ақылды қария – (ағып жатқан дария)

7-сұрақ

Досы көпті жау алмайды,

(Ақылы көпті дау алмайды).

8-сұрақ

Жігіт бір сырлы.

(Сегіз қырлы болсын).

9-сұрақ

Туған жердей жер болмас

(Туған елдей ел болмас)

10-сұрақ

Ел үмітін (ер ақтар).

Бірінші, екінші сайыс бойынша қортындысы шығарылады. Ұпай саны төмен 1 оқушы ойыннан шығарылады. Әділқазы алқасы анықтап болғанша мәнерлеп оқуға кезек береміз.

«Ильясова Гулназ»

3-сайыс «Ойлан тап»

Мұғалім: Бұл кезеңде оқушыларға «Қазақстан» сөзі берілді. Міне, осы сөзден оқушылар сөз құрау қажет. Бір сөз, бір ұпай болып саналады. Сөз құрауға 2 минут уақыт беріледі.

Қазақстан

Мысалы: қазақ, қаз,аз,ақ,ас,ат,сан, т.б.

Үшінші сайыстың қортындысы бойынша ұпай саны аз ойыншы шығарылады.

Маратов Бекжан Ән: «Алма ағаштың гүліндей»

4- сайыс «Жасырдым жұмбақ»

Мұғалім: Жұмбақты шешіп, сол сөз кездесетін мақал- мәтел айту.Екеуіне жауап берсе 20 ұпай.

1-сұрақ

Жылқыны қарнына қыстырып,

Түйені ерніне қыстырып,

Есекті құлағына қыстырып,

Қасқырды ат қып мініп,

Айт деген жүре берген. (қоян)

 

Жігітті намыс өлтіреді,

Қоянды қамыс өлтіреді.

2-сұрақ

Бұтақ сайын ұя,

Ұя сайын жұмыртқа. (Егін басы)

 

Еңбек етпесең елге өкпелеме,

Егін екпесең жерге өкпелеме.

3-сұрақ

Кішкене ғана тостаған,

Жер дүниені бастаған. (көз)

 

Екі бала қатар тұрса да,

Бірін- бірі көрмейді. (көз)

 

Көз қорқақ, қол батыр.

4-сұрақ

Жағалай- жағалай тас қойдым,

Жирен атты бос қойдым. (Тіл)

 

Өнер алды – қызыл тіл.

5-сұрақ

Қара атым қалтырауық,

Қабырғасы жалтырауық. (Су)

 

Бір жылан жол салыпты әрбір сайға,

Сай түгіл жол салыпты әрбір жайға (су)

 

Сумен ойнама батарсың,

Отпен ойнама жаңарсың.

 

Саяз су сарқырап ағады.

6-сұрақ

Бір тышқанда екі құйрық. (ине, жіп)

 

Қалдырықтай бір нәрсе иретілген,

Мойнында ұзын арқан сүйретілген. (ине, жіп)

 

Оқу инемен құдық қазғандай.

 

Түйменің инесіз күні жоқ.

7-сұрақ

Отырдым мұнан барып оймауылға,

Ілінді екі аяғымен байлаулыға.

Қолыма екі қайыс ұстап алып,

Жүргіздім қайда барсам айдауыма. (мінген ат)

 

Ер қанаты –ат.

8-сұрақ

Қисық ағашқа қар жұқпас. (сиырдың мүйізі)

 

Ел жатса да енекем жатпайды. (сиырдың мүйізі)

 

Сиырдың сүті тілінде.

9-сұрақ

Жалт жұлт етеді,

Жалмай жалмай жұтады. (От)

 

Бір сұлу бар ел бәрі айналысты,

Адамға әлгі сұлу байланысты.

Сол сұлу жақсылығы арқасында,

Ет пен тамақ, нан мен су қайнап пісті. (От)

 

Отанды сүю от басынан басталады.

10-сұрақ

Көк итім көкке қарап ұлиды.(түтін)

 

Үй үстінде ақ аю билейді. (түтін)

 

Туған үйдің түтіні жылы.

 

Төртінші сайыстың қортындыс бойынша ұпай саны төмен ойыншы шығарылады. Әділқазылар алқасы шешім қабылдағанша кезекті мәнерлеп оқуға береміз.

Есқалиева Малика

5-сайыс «Тіл-өнер»

Мұғалімі: Ойланайық азырақ, уақытты үнемдеп,

Кім шығады қанеки, «жауабын мен білем» деп.

«Тіл-өнер» сайсында мақал-мәтелден жасырын сөзді немесе жұмбақтың шешуін тауып, сол сөзді орысша, ағылшынша аудару. Аудармалары дұрыс айтылса 30 ұпай беріледі. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.

Бірінші болып қол көтерген ойыншы жауап береді, егер ол ойыншы жауап бере алмаса, онда екінші немесе үшінші болып қол көтерген ойыншы жауап береді.

1-сұрақ(жұмбақ)

Тіл жоқ өзінде,

Сөзі бар ізінде. (қаламсап, ручка, реn)

2-сұрақ(мақал)

Оқу білім азығы,

Не –ырыс қазығы (білім, знание, khovledge)

3-сұрақ(мақал)

Ақыл жас ұланнан,

Жүйрік не, құланнан (тай, лощадь, hovpe)

4-сұрақ(жұмбақ)

Қабатқабат қапталған,

Асыл сөзбен апталған,

Парағы бар сөйлейтін,

Ол қазына өлмейтін. (кітап, книга, book)

5-сұрақ(мақал)

Таулардан не ағар сарқыраған,

Айнадай сәуле беріп жарқыраған. (өзен, река, river)

6-сұрақ(жұмбақ)

Үй үстінде алтын тас,

Алайын десем табылмас. (жұлдыз, звезда, star)

7-сұрақ(мақал)

Оқу -білім бұлағы,

Білім -не шырағы. (өмір, жизнь, life)

8-сұрақ(мақал)

Ат басына күн туса,

Ауыздықпен су ішер.

Ер басына күн туса,

Етегімен не кешер. (су, вода, water)

9-сұрақ(мақал)

Жаман аттан аяғым артық,

Жаман кімнен таяғым артық. (дос, друг, friend)

10-сұрақ(жұмбақ)

Бір нәрсе жоғарыда от жағып тұр,

Дабылдап дабылын ол қағып тұр.

От жағып, дабыл қағып тұрғанында,

Сабалап төмен қарай су ағып тұр. (жаңбыр, дождь, rain)

11-сұрақ(жұмбақ)

Таптым, таптым тап жорға,

Табаны жалпақ боз жорға. (түйе, верблюд, саmеl)

 

Бесінші сайысымыздың қортындысы бойынша ұпай саны төмен оқушы ойыннан шығады.

Каримов Еркін. Ән: «Арман, арман-ай»

6-сайыс «Ғажайып төрттік»

Мұғалім: Бұл сайысымызда қазақ тілі, қазақ әдебиеті, тарих пәнінен және бір еркін тақырыптан сұрақтар қойылады.

Оның ережесі бойынша ұпайы аз ойыншы өзі қалаған ұяшықтағы сұрақтарға жауап береді.

1.Қазақ тілі

10 20 30 40 50

10 Қазақ тілінде неше дыбыс бар? (37 дыбыс)

20 Қосарлы дауыстыларды ата.(я=й+а, ю=й+у, ё=й+о)

30 Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар.

(төрт, олар:жіктік, тәуелдік, септік, көптік)

40 Есімдік неше түрге бөлінеді.

(Жеті.Олар: жіктеу,сілтеу, сұрау,өздік, белгісіздік, болымсыздық,жалпылау)

50 Байланысу түрлеріне қарай сөз тіркесінің құрлысы нешеу.

(Олар: қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу 5-еу)

2.Қазақ әдебиеті

10 20 30 40 50

10 Қазақ әдебиеті нешеге бөлінеді қандай?

(Екі. Олар: ауыз әдебиеті, жазба әдебиеті)

20 Үш жұртты ата.

(өз жұртың, нағашы жұрт, қайың жұрт)

30 Жамбыл Жабаевтың екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан ұлы?

(Алғадай)

40 Қасым Аманжоловтың балалық шағы қалай өтеді?

(1911-1955 ж.ж жоқшылық, жетімдік, қой-қозы бағу, тезек теру)

50 Ұлы ақын Абай Құнанбаев неше ағайынды болған?

(жеті, Олар: Құдайберді, Тәңірберді, Абай, Ысмағұл, Оспан, Ысқақ,

Қалиолла)

3.Тарих

10 20 30 40 50

10 Қазақ хандығының құрған кімдер?

(Керей мен Жәнібек)

20 Түрік қағанатын құрғани кім? (Бумын)

30 Қожа Ахмет Йассауи кесенесі қай қалада? (Түркістан)

40 Монғол империясын құрған кім? (Шыңғыс хан)

50 Ноғай ордасының орталығы қай қала? (Сарайшық)

4.Еркін тақырып

10 20 30 40 50

10 Бірінші маусым қандай мереке?

(Балаларды қорғау күні)

20 Қазақтың ұлттық аспабында орындалатын шығарма? (күй)

30 Ұлттық салт дәстүрлерді ата? (беташар, тұсаукесер, шілдехана)

40 Республикалық «Айгөлек» балалар журналының бас редакторы кім?

(Қымбат Әбділдақызы)

50 Президентіміздің Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қай жылы сайланды?

(1991жылы, 1 желтоқсан)

 

Алтыншы сайысымыз бойынша ұпай саны төмен ойыншы ойыннан шығарылады.

7-сайыс «Жорға»

Мұғалім: Сонымен ақырғы айналымға да, жетіп қалдық. Келесі сайысымыз «Жорға» сайысы. Менің қолымда 2 нұсқа бар. Әр нұсқада 10 сұрақтан бар.

Нұсқаны бірінші болып ұпайы аз ойыншы суырады. Әр сұрақтың дұрыс жауабы үшін 10 ұпайдан және 10 сұраққа 1минут беріледі.

Олай болса ұпайы аз ойыншымыз сайысты бастайды.

І нұсқа.

1-сұрақ

«Жеті жарғыны» шығарған хан? (Тәуке)

2-сұрақ

Қытай астанасы (Бейжен пекен).

3-сұрақ

Рәміздерді ата?(елтанба,ту,әнұран).

4-сұрақ

Жерді қоршап тұрған ауа қабаты?(атмосфера).

5-сұрақ

Абайдың шын есімі кім?(Ибраһим).

6-сұрақ

Махамбет Өтемісов қай обылыста дүниеге келген?(Б.Қ.О.Нарыңдағы Бекетай құмы).

7-сұрақ

Орфография деген не?(дұрыс жазу).

8-сұрақ

Етістіктің неше жағы бар?(Үш олар осы шақ,келер шақ,өткен шақ).

9-сұрақ

Шерхан Мұртаза қай жылы туған?(1932жылы туған).

10- сұрақ

Қазақ тіліңде неше сөз табы бар?(9).

ІІ нұсқа.

1-сұрақ

Үш биді ата?

(Әйтеке,Қазыбек,Төле)

2-сұрақ

Көкжиектің неше тұсы бар?

(Төртеу:Оңтүстік,солтүстік,шығыс,батыс)

3-сұрақ

Орфоэпия деген не?(дұрыс айту)

4-сұрақ

Баубек Бұлқышев 1936 жылы қандай газеттерде жұмыс істеген?(«Лениншін жас» қазіргі жас Алаш)

(«Октябрь балалары» қазіргі ұлан)

5-сұрақ

Қазақ тілінде неше септік бар?(жете)

6-сұрақ

Жебе деген не?( садақ оғы)

7-сұрақ

Екі ғасырды тұтастырушы кім?(Жамбыл)

8-сұрақ

Алу амалын өрнектейтін белгі?(минус)

9-сұрақ

Тоқтар Әубәкіров кім?(ғарышкер)

10- сұрақ

Абай Құнанбаев қай жылдщары өмір сүрді?(1845-1904)

Мұғалім:

Сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.

Жеңімпаз анықталып, марапатталады.

Бүгін біздер оқушылардың білімдерін сынап, өнерлерін тамашаладық.Оқушыларымыз білімін көрсете білді.

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден ерек”-деп Абай атамыз жырлағандай оқушыларымыз ақылдығымен, жүректілігімен,қайраттылығымен алға озып шықты.Оқушыларға өмірде сәттілік тілеймін.

Қатысушылар!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.