Шерхан Мұртаза «Тұтқын бала» («Қызыл жебе» романынан)

Батыс Қазақстан  облысы, Қаратөбе  ауданы
Қаратөбе  мектеп- гимназиясы І біліктілік санатты
қазақ әдебиеті  пәнінің  мұғалімі
Қойшиева Мөлдір Дулатқызы

Сабақтың  тақырыбы:  Шерхан Мұртаза «Тұтқын  бала» («Қызыл  жебе» романынан)
Мақсаты:
1.Білімділік:
   Жасөспірім  Тұрардың    тауқыметке  толы  тағдыр белестерін тереңірек меңгерту.
2. Дамытушылық:  
Болжау  арқылы ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.3. Тәрбиелік:   Кейіпкер бойындағы  батылдыққа,  алғырлыққа, қайсарлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Түрі:
 жаңа  білімді меңгерту
Әдістері:
 болжау, талдау, жинақтау.(СТО  жобасы)
Пәнаралық  байланыс:
тарих
Көрнекіліктері:
электронды  слаидтар, электронды  окулық.

І. Қызығушылықты  ояту

«Ой  қозғау»  стратегиясы.

  • Шерхан Мұртазаның өмірі…

Шерхан  Мұртаза  1932 жылы Жамбыл  облысының Жуалы  ауданындағы Мыңбұлақ аталатын ауылда дүниеге  келген. Талапты  жас  онжылдықты  бітірген  соң, М.В.Ломоносов  атындағы  Мәскеу  мемлекеттік  университетінің журналистика факультетіне  оқуға  түседі.

      Шерхан  Мұртазаның  балалық  бал  дәурені  соғыспен  тұспа- тұс  келіп, шығармаларында қоғамның  ащы  шындығын кестелеп, соғыс  жылдарындағы  қиыншылықтар мен ауыл  адамдарының  әр  алуан  тағдырларын  баяндап,  ел  басына  қаралы  қасіретті  күн  туған, сүттей  ұйыған  өмір  жарастығын алай-дүлей  бұзған, бақыттыны  бақытсыз  еткен  соғыс  жылдарындағы  қазақ  ауылы  мен тұрмысын аянышты  тағдырын  әңгімелейді.

  • Жазушының шығармашылық  жолы…

Шерхан  Мұртазаның  балалық  бал  дәурені  соғыспен  тұспа- тұс  келіп, шығармаларында қоғамның  ащы  шындығын кестелеп, соғыс  жылдарындағы  қиыншылықтар мен ауыл  адамдарының  әр  алуан  тағдырларын  баяндап,  ел  басына  қаралы  қасіретті  күн  туған, сүттей  ұйыған  өмір  жарастығын алай-дүлей  бұзған, бақыттыны  бақытсыз  еткен  соғыс  жылдарындағы  қазақ  ауылы  мен тұрмысын,  қазақ  әйелдерінің  аянышты  тағдырын  әңгімелейді.Бұл   туындыларының  қатарына «41-жылғы  келіншек», «Мылтықсыз  майдан» повесі,  «Бір  нәзік  сәуле», «Жүз  жылдық  жара»,  «Аманат, «Қызыл  жебе»  романдарын, “Сталинге  хат”, “Бесеудің  хаты” пьесаларын  жатқызамыз.

  • Шерхан  Мұртазаның  балалық  шағы суреттелген  шығарма…

«Ай мен  Айша» романыны туралы әңгімелеу.

  • Балалар  алдыңғы  сабақта  мен  сіздерге  М.Әуезовтың «Қараш- Қараш оқиғасы»  хикаятын оқуға  нұсқау  берген  болатынмын. Шығарманы  барлығыңыз  оқыған  боларсыздар.

– Хикаяттың  тақырыбы  не  жөнінде?

– Хикаят  қалай  аяқталатын  еді?

ІІ. Мағынаны  тану

-Бүгінгі  өтетін  тақырыбымыз Шерхан Мұртазның «Қызыл  жебе» романынан  алынған үзінді   «Тұтқын  бала» әңгімесімен  танысамыз. Бұл әңгіме кешегі өздеріңіз  оқыған М.Әуезов «Қараш-Қараш  оқиғасы» хикаятының  жалғасы  іспеттес. Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» романы жазушының белгілі  қоғам  қайраткері Тұрар  Рысқұловтың өміріне арнаған шығармасы.

Әңгімені   электронды  оқулықтан  тыңдату.

Мәтінді  бөліктерге  бөліп, сұрақтар  арқылы   жұмыс  жүргізу.

 «Болжау  кестесі» стратегиясы

Не  болады  деп  ойлайсыз? Оған  қандай  дәлеліңіз  бар? Шын  мәнінде  не  болды?
 

 

 

1-      мәтін. Рысқұл  не  себепті  түрмеде  жатыр?  Приходько  мырза Рысқұлдың  тілегін  қабыл  алғанда қандай  мақсат  көздеді  деп  ойлайсыз?   Приходько  мырза  Тұрарды қайда  жұмсауы мүмкін?

2-      мәтін. Аркаша  мен  Наташаны  гимназияға  әкеліп  тұрған  Тұрар осы  сәтте  не  ойлауы  мүмкін:

3-       мәтін. Тұрар  түрменің  ауласын  тазартамын  деп  жүріп,  қарғыс  пен  қасіреттің  гимініндей  естілген  кісеннің салдырынан елең  етіп тұтқындарға  қараймын  дегенде үйме  тезегі  бар  арбасын  құлатып  алады. Мұны  көріп  тұрған  надзиратель Тұрарға  не  деуі  мүмкін?

4-      мәтін. Ірің  көз  надзирательдің  ашуының  қабы  ашылып  кеткендей  Тұрарды  алқымынан  алып, жерде  шашылған тезек  қиларын  тұмсығымен  тазартпақ  болып төніп  тұр. Сіздің ойыңызша бұл  сәтте  Тұрарға кім  арашашы  болуы  мүмкін?

Сөздік жұмысы

Камера-   түрмеде кісі  қамайтын жеке  бөлме.

Губернатор– патшалық Ресейде  арнаулы  бір облыс  бастығы.

Надзиратель– тәртіптің  бұзылуына  жауапты  адам, бақылаушы

Гимназия– революцияға  дейінгі  Ресейдегі  орта  дәрежелі  оқу  орыны.

Кафедральді  собор- қаладағы  және  монастырдағы  ең  үлкен  шіркеу.

Кісен – қолға, аяққа  салынатын  темір  бұғау, тұсау.

ІІІ. Толғаныс

«Еркін жазу» стратегиясы

«Егер  менің  қолымда күштінің әлсізге жасаған  әділетсіздігін таптайтын

 сиқырлы таяқша  пайда болса…»

Қорытынды:

– Бүгінгі  сабақтан  қанатына қырау  қатқан  Тұрардың  балалық  шақтағы қиын  тағдырына ортақтастық. «Көп бейнеттің зейнеті  болады»  деуші  еді  ғой  халық. Тұрар   да  қиындықтардан  шыңдалып,  жақсылыққа  жеткен  екен. Келесі сабақта  оның  білім  алу  жолындағы   таудай  талабына   куә   боламыз.

Үйге  тапсырма:   бөлімдерін  мазмұндау.

Бағалау.

Комментариев нет

  1. өте қызықты ақпарат.мүмкін менен басқа адамға көмегі тиер.сәттілік тілейім бәріңізге.қосылыңыздар өкінбейсіздер

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше