Без рубрики

Зат есім

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе кенті
Берекет Жұмалиев атындағы орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Қалысбаева Нұргүл Баданбайқызы

Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы:      Зат еім
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға зат есім жайлы түсінік бере отырып, сұрақтар қоя білуге үйрету.
2. Жаңа технология элементтерін пайдалана отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Сауатты, көркем жазуға, өзара ынтамақтастыққа, шапшаң ойлай білуге баулу.

Көрнекі-құралдар: интерактивті тақта,   дидактикалық материалдар, тест, мамандық иелерінің суреті.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Сабақтың әдісі: жұптық әдіс, өз бетімен жұмыс, өзін-өзі бағалау.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Психологиялық дайындық «Қошақаным» әнін орындау.
2. Бағалау әдісімен таныстыру.
— Балалар, біз бүгін әр түрлі кәсіп иелеріне қонаққа барамыз. Олардың сендерге дайындаған тапсырмалары бар. Сендердің әрбір дұрыс жауаптарыңа 10 ұпайдан беріп отырады. Сендер жинаған ұпай сандарыңа қарай бағаланасыңдар.
10, 20, 30 ұпайға – «3», 40, 50, 60 ұпайға – «4», 70, 80, 90 ұпайға – «5» деген баға қоясыңдар.  
Балалар, бізді бүгін жүргізуші, сауыншы, түйеші, жылқышы, қойшы және егінші қонаққа шақырып отыр. Бізге оларға бару үшін көлік қажет.
Қанекей, өзімізге ыңғайлы автокөлік түрін таңдап алайық. Таңдаған автокөлікке міну үшін сол автокөліктің атына дыбыстық талдау жасайық.

ІІ. Дыбыстық талдау.
И –
к –    
а –
р –
у –
с –

ІІІ. Өткенді қайталау. Мұғалім тапсырмасы. Тесттің жауабын тауып көр.
1. Түбір сөзді тап:
а) ойыншық                    ә) өнер
2. Түбірге жалғанған бөлік не деп аталады?
а) қосымша                    ә) түбір
3. Қосымшаның неше түрі бар?
а) 4                                  ә) 2
4. Жұрнақ деген не?
а) сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша
б) сөз мағынасын өзгертетін қосымша
5. Жалғау деген не?
а) сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша
б) сөз мағынасын өзгертетін қосымша
6. Сөз таптарын ата.
а) жұрнақ, жалғау
ә) зат есім, сын есім, сан есім, етістік

Жұптық жұмыс. Тест кілтіне қарап бір-біріңді бағалаңдар. Әр дұрыс жауапқа – 10 ұпай.

Тест кілті:
1. ә                3. ә            5. а
2. а               4. ә            6. ә

ІV. Дәптермен жұмыс.
                     Ақпанның он алтысы.
                             Зат есім.
       Көркем жаз.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
          
                           Диктант.
Сауыншы, малшы, егінші – бұлар ауыл шаруашылық мамандары.

V. Жүргізушінің тапсырмасы.
Күннің шашыраған шуақ нұрына жазылған сөздердің бірінші әрпі қалдырылып жазылған. Берілген сөздің барлығына ортақ сол әріпті шеңбер ішіне тауып қойыңдар.

ебесінүлгілі сабақтар өткізіп, іс — тәа отырып, жеке тұлға тәрбиелеу. ға қойған мақсаты — оққушыға
                                                       ойыл        ырық
                                       
                                          ерік                                 үйек       
                                                                                      
                                        ел
                                                                                      уық
    ерке     
                                                                                 өздік
                                                      ағат       ай
                 
                  
                                
                

VІ. Жаңа сабақ.

   Жоғарыда аталған сөздерге сұрақ қойып, зат есімдер екенін дәлелдеу.
   Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Зат есімдерге кім?, кімдер?, не?, нелер? деген сұрақтар қойылады: егінші, малшылар, ағаш, өнімдер.
Түйешінің тапсырмасы. «Сөзжұмбақты шешіп көр».
 

Бұл сөздер табын не деп атайды?

VІІ. Оқулықпен жұмыс.

300  тапсырманы орындау.

Сауыншының тапсырмасы:
   Мақалды көшіріп жаз. Кім? Не? Сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сыз.
        Ақыл – тозбайтын тон.
        Білім – таусылмайтын кен.

VІІІ. Жылқышының тапсырмасы: Суреттегі заттардың атын жаз. Сұрақ қой. Ребусты шешіп, сөйлем құра.

                        

   

         `         ````             ``              «`                         «                       
Жылқы қасиетті мал.

ІХ. Қойшының тапсырмасы: Төрт түлік малдың сүтінен жасалатын тағамдарды ата. Сұрақ қой.
   

Х. Егіншінің тапсырмасы.
Сөздерге – шы жұрнағын жалғап жаз. Сонда қандай сұрақ қойылады?
   Не?
            Су

  Қызылша

       Мақта

ХІ. Комбайншының тапсырмасы.
   «Сиқырлы кесте» сұрақтарына жауап беріңдер.

Зат есім деген не?
Зат есімнің сұрақтарын ата.
Зат есімге мысалдар келтір.

   ХІІ. Орфографиялық ойын: «Жылдамдық».
— тар  — тер   — лар   – лер   — дар    — дер.
Мысалы: дәптерлер, кітаптар, ешкілер, қойлар, малдар, егіндер т.б.

ХІІІ. Үйге тапсырма.
Кім? сұрағына жауап беретін зат есімдерді бір бағанға, не? сұрағына жауап беретін зат есімдерді екінші бағанға бөліп жазу.

ХІV. Оқушыларды бағалау. Оқушылардың жинаған ұпай санына қарай бағалау.
Түйелі бай – киелі бай,
Қойлы бай – қорлы бай,
Жылқылы бай – сылдыр бай,
Сиырлы бай – сылбыр бай,
Ешкілі бай – есепті бай,   — деп сабағымызды аяқтаймыз.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.