Ақтобе қаласы
№30 орта мектебі
Бастауыш класс мұғалімі:
Исламова Айгул Түлкібайқызы
Пәні: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Балама хат
Сабақтың мақсаты:
а) Жамбылдың Ұлы Отан соғысы жылдарын соғысқа кеткен ұлына жазған хаты арқылы барлық жауынгерлеріне айтқан өсиеті екенін ұғындыру.
ә) Өлеңді мәнерлеп оқыта отырып, оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру.
б) Оқушыларды Отанын сүюге, елін құрметтеуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, ізденушілік, мадақтау.
Сабақтың формасы: Жеке, топтық, ұжыммен.
Көрнекілік: Жамбылдың суреттері, нақыл сөздер.
Техникалық құрал: магнитафон.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру бөлімі.
-
Үй тапсырмасын тексеру.
-
Үйге қандай тапсырма берілді?
-
(Түсінік айту, мәнжазба)
-
Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап алу.
-
Әңгіменің авторын кім жазған?
-
Шығармада Тұрар қай қырынан танылады? (оған қысқаша мінездеме беру).
-
Жер бетінің биік бөлігін не деп атайды?
-
Ендеше барлығымыз көзімізді жұмып биік таудың басына шығайықшы?
-
Қандай тауға шықтық? (Алатау, Тянь – Шань)
-
Біз Жамбыл тауына шықтық. Осы Жамбыл тауының етегінде бүгінгі сабағымызбен мазмұндас – Жамбыл атамыз дүниеге келген.
-
Жаңа сабақ
-
Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. Бүгін біз сабағымызда Жамбыл Жабаевтың «Балама хат» өлеңімен танысамыз.
Мақсаты: Жамбылдың Ұлы Отан соғысы жылдарында соғысқа кеткен ұлына жазған хаты арқылы барлық жауынгерлеріне айтқан өсиеті екенін ұғындыру.
-
Сызба бойынша түсіндіру
-
Суретпен жұмыс.
а ) Менің пірім – Сүйінбай.
Сөз сөйлемеймін сиынбай.
Жамбыл атаның ұстазы – Сүйінбай.
ә) Мына суретпен біздер көріп отырғанымыз Сәбит Мұқанов екеуі еңбекшілер арасында.
б) Жамбыл Қазақстан көркемөнер қайраткерлерінің арасында. Мысалы: (Д.Нұрпейісова, К.Бәйсейітова, Гәкку).
в) Жамбыл Жабаев балалардың арасында.
— Балалар, аманбысың, шырақтарым,
Майысып көлге біткен құрақтарым.
Жүрмесем есендесіп жүре алмаймын,
Ішінен асып кетсе бір аптаның.
IV. Ой қозғау.
-
Жамбыл ата не істеп отыр? (домбыра)
-
Жамбыл ата қандай? (жақсы, жүзі жылы, мейірімді)
-
Балалардың көңіл күйлері қандай? (әсерлі)
-
Сіздер осы балалардың орнында болсаңдар не сұрар едіңдер? (Жамбыл ата сізге жырды айтып беріп, Тағы да сіздің жырларымызды тыңдағымыз келеді?
-
Дұрыс – ақ балалар өте жақсы көрген ол балаларды. Балалармен апта сайын жүздесіп тұратын болған.
а) Мәнерлеп оқып беремін.
Ә) Іштей оқу. (балалар өздері танысады)
Б) Сөздік жұмыс (тақтадан қарау)
Гвардеец – әскер жауынгер.
Жапан – жер жүзі әлемі.
Қаймықпай, тайынбай – қорықпай.
Нәжіс – арамза.
Бәлекет – бұл жерде соғыс.
г) Шумақтап оқытып, мазмұнын сұрау. (өзім түсіндіру)
в) Тауып оқу.
1) Өлеңнен Алғадайдың және оның жауынгер достарының берген анты жөнінде айтылған жолдарды тауып оқы.
2) Жамбыл ата хатынан оның жаудың жеңілетіне нық сенімі айтылған тұсты оқы.
Дәптермен жұмыс.
а) Сызбаны көшіру.
ә) Сөздікті көшіріп жазу.
Шығармашылық жұмыс.
I II III
а) өлең шығару.
ә) хат жазу.
б) әңгіме, шығарма жазу.
Ақын жыршы – Жамбыл ата
Берші бірге алтын бата.
Жамбыл ата ұмытпаймыз біз сізді.
Жырға қосып өтеміз атыңызды.
-
Бекіту:
-
Жамбыл атаның баласының аты кім?
-
Ұлы Отан соғысының қандай батырларын білесіңдер?
-
Ұлы Отан соғысы жылдары жазған Жамбыл атаның тағы қандай атақыт өлеңдерін білесіңдер?
(«Ленинградтық өрендерім», Отан Әмірі, Аттандыру, Ата жаумен айқастық) т.б.
-
Бағалау:
Үйге тапсырма: мәнерлеп оқу, мәнжазба, хат жазу.