Ақтөбе облысы. Әйтеке би ауданы
Сарат орта мектебінің физика пәні мұғалімі.
Кемалова Ақнұр Жұмағалиқызы
Сабақ тақырыбы: «Атажұрт» танымдық ойын сабағы
Сабақ мақсаты: оқушылардың физика пәніне қызығушылығын арттыру, дүниетанымын кеңейту, логикалық ойлау қабілетін датыру, өз ойын ашық айта білуге үйрету.
Көрнекілігі: плакаттар, газеттер, буклеттер, кеспе қағаздар.
Ойын шарты:
-
Қанат қақты (әр топқа сұрақ қойылады, сұраққа дұрыс жауап берсе ұпай қосылады)
-
Шырқау (әр топқа 2 сұрақ)
-
Серпілу (есептер шығару)
-
Шарықтау (сұрақтар қою)
-
Жерұйық (мұндағы сұраққа жауап берсе, ұпай екі есе артады, ал жауап бере алмаса ұпай екі есе азаяды)
Сайыс барысы:
Қанат қақты.
-
Жұлдыздар жүйесін қалай атайды? (Галактика)
-
Ғарыш айлағы қай жерде? (Байқоңыр)
-
Бірінші рет ғарышқа кім ұшты? (В. Терешкова)
-
Егер кеседегі суды түгел ішіп қойсақ, ішінде не қалады? (ауа)
-
Аспанның нақты шекарасында анықталған белгілі бір бөлігі (шоқжұлдыздар)
-
Күннің зодиак шоқжұлдыздары бойымен жылдық қозғалысы атқаратын үлкен дөңгелек (эклиптика)
-
Елеуішпен су әкелуге бола ма? (болады, қар мен мұз күйінде)
-
Қандай ыдысқа су құйылмайды? (су толы ыдысқа)
-
Дененің қозғалыс кезінде болып өткен кеңістіктегі нүктелердің жиынтығы (траектория)
-
Сұйықтың тығыздығын өлшеуге арналған құрал? (Ареометр)
-
Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал (Барометр)
-
Күн жүйесінің құрамында қанша планета бар? (8)
-
Күшті өлшейтін құрал (Динамометр)
-
Бір ағаштың он екі бұтағы бар,
Әр бұтағында отыздан жапырағы бар.
Жапырақтың бір жағы ақ,
Бір жағы қара, қанеки, ойлан тап? (Жыл, ай, күн мен түн)
-
Барометр ішіндегі сұйық (сынап)
-
Алдын – ала мақсат қойып жүргізілетін бақылау (тәжірибе)
-
Дененің температурасын өлшейтін құрал (термометр)
-
м/с бірлігімен өлшенетін физикалық шама (жылдамдық)
-
Қандай планеталар алып планеталар деп аталады? (Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун)
-
Ғылыми болжамға сүйенген дерек қалай аталады? (Гипотеза)
Шырқау.
-
Ол дүниенің гелиоцентрлік жүйесін қалаған поляк ғалымы. (Н. Коперник)
Қосымша көмек: Оның 1543 жылы «Аспан сфераларының айналуы туралы» деп аталатын еңбегі жарық көрді.
-
«Физика» сөзін орыс тіліне аударған ғалым. (М.В.Ломоносов)
Қосымша көмек: Ол заттың үш күйін анықтауға мүмкіндік берген орыс ғалымы.
-
Дүниенің гелиоцентрлік жүйесін жасаған кім? (Клавдий Птолемей)
Қосымша көмек: Ол дүниенің центріне қозғалмайтын Жерді қойды да, оны өзге шырақтар айналып жүреді деді деген біздің заманымыздың ІІ ғасырында өмір сүрген ежелгі александриялық грек ғалымы.
-
1961 жылы 12 сәуірде адамның космосқа тұңғыш ұшу сапары ойдағыдай аяқталды. Әлемнің тұңғыш космонавты кім? (Ю. Гагарин)
Қосымша көмек: Ол 1934 жылы 9 наурызда Ресейдің Смоленск облысының Гжатск ауданында дүниеге келген.
-
Көптеген бақылауларға сүйене отырып, ол сұйықтар мен газдардың қысымды барлық жаққа бірдей жеткіжетінін дәлелдеді. (Блез Паскаль)
Қосымша көмек: Ол француз ғалымы, қысымның өлшем бірлігі сол ғалымның құрметіне берілген.
-
Ол сұйыққа батырылған денеге оның сұйыққа батқан бөлігі көлеміндегі сұйықтың салмағына тең ығыстырушы күшті ойлап тапқан грек ғалымы. (Архимед)
Қосымша көмек: Ол «Эврика!» деп Сиракуз көшелерінің бойымен айқайлай жүгірген грек ғалымы.
Серпілу. Әр топ оқушылары есеп шығарады.
Шарықтау.
-
Басқа денелер әрекетін тигізбегенде дененің жылдамдығын сақтау құбылысы қалай аталады? (Инерция)
Қосымша көмек: Ол латынша қозғалыссыздық, әрекетсіздік деген мағынаны білдіреді.
-
973 жылы Хорезмде дүниеге келген ортаазиялық ғалым-астроном. (Әбу Райхан Бируни)
Қосымша көмек: Ол Жердің қозғалысы мен пішіні, Жер шарының радиусын анықтау тәсілі туралы жазды, Жер гобусын жасады.
-
Бұл планетаны тұтасқан ақ бұл қабаты қоршап жататындықтан, бұл планетаның табиғаты мен қозғалысын оптикалық бақылаулар арқылы анықтау қиындық келтіруде. Ол қандай планета? (Шолпан)
Қосымша көмек: Ондағы күндік тәулік шамамен Жердегі 118 тәулікке тең.
-
Дененің жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама (температура)
Қосымша көмек: Оны термометр деп аталатын құралмен өлшейміз.
Жерұйық. Екі топқа ортақ сөзжұмбақ беріледі. Қай топ бірінші болып, сөзжұмбақты шешсе, сол топ жеңімпаз атанады.
1 | Ф | |||||||||||||
2 | И | |||||||||||||
3 | З | |||||||||||||
4 | И | |||||||||||||
5 | К | |||||||||||||
6 | А |
Сұрақтар:
-
Отырардан шыққан ұлы ойшыл, данышпан, ғалым математик. (әл-Фараби)
-
Аспан әлемін зерттейтін ғылым (астрономия)
-
Адамдар жұлдыздарды меңгеруді бастаған бақылаудың дамуына ықпал еткен жұлдыздардың бөлігі (Шоқжұлдыздар)
-
Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруі (деформация)
-
Сүттің майлылығын анықтау үшін қолданылатын ареометрлер не деп аталады? (Лактометр)
-
Шоқжұлдыз (жетіқарақшы)
Сайысты қорытындылау. Сайыста жеңіске жеткен оқушылары марапатталады.