Без рубрики

Табиғат – алтын бесігің» тақырыбында 1001мақал, 101 жұмбақ сайыс сабағы

Ақтөбе облысы
Әйтеке би ауданы

Сарат орта мектебінің 8-класс жетекшісі
Кемалова Ақнұр Жұмағалиқызы

Сабақ тақырыбы: «Табиғат – алтын бесігің» тақырыбында 1001мақал, 101 жұмбақ сайыс сабағы

Сабақ мақсаты: Оқушыларға табиғатты қорғау, оны аялау керектігін түсіндіру, мақал-мәтелдер,жұмбақтар шешуарқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу, адамгершілікке баулу.

Көрнекілігі: табиғат туралы суреттер, бкулеттер, оқушылар шығармашылығы, кітап көрмесі,плакаттар, нақыл сөздер, гүлдер.

Сабақ барысы:

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Миржан: Адам табиғат перзенті.дүниеде екі ана бар. Біріншісі-тіршіліктабиғат ана, екіншісі-адамның анасы. Осы екі анаға бізқаталдық көрсетпеуіміз керек,олардың жанын жаралауға болмайды.бірақбіз адамдар соны есімізге сақтап жүрміз бе?

Олжас: Қазақстанның табиғатыкереме, сұлу тауы, көлі, шөбі, құрайынд дейін үндесіп бір-біріне сүйеніп өмір сүреді, өзанаңа, досыңа, қандай қарым-қатынаста болсаң, табиғатқа сондай ақ пейілде болуың керек.

Асылхан: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Сіздерді жылдың тамаша мезгілінің келуі қарсаңында7-кластың ұйымдастыруымен өткелі жатқан «Табиғат-алтын бесігің» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. «Табиғатты сүйем,сұлулыққа бас ием» деп Дж. Брайрон айтып кеткендей табиғаттың сұлулығында шек жоқ. Адам табиғатты барынша аялап, қамқорлық көрсету керек. Олай болсабүгінгі кешімізде өзүлестерін қосыпжүрген 7-кластың озат оқушыларын ортаға шақырамыз. Бүгінгі сабағымызсайыс түрінде өтеді. Класс оқушыларын санамақ ойыны арқылы 2 топқа бөлеміз.

1-топ «Жауқазын» 2-топ: «Бәйшешек»

Орынгүл Рауан

Гүлайна Әділет

Олжас Перизат

Азамат Ғалел

Аяжан Мереке

Дулат Әлімжан

Сайыстың шарты:

  1. «Мен табиғат перзентімін» (Топ оқушылары өздерін таныстырады)

  2. «Білгенге маржан» (Мақал-мәтел сайысы)

  3. «Тапқыр болсаң, тауып көр!» (Жұмбақ сайысы)

  4. «Ойлан, тап!» (Жанкүйерлер сайысы)

  5. «Білімді мыңды жығар» (Тыйым сөздер сайысы)

  6. «Кім жылдам?» (Сөзжұмбақ шешу сайысы)

Перизат: Жас ұрпақты халықтыңдәстүрінде тәрбиелей отырып, оларға адам сыйлауды ғана емес, туған жер топырағын қарайған бұтасы мен тамшы суына дейін аялауды үйретуіміз керек.

Миржан: Әділқазы болды бүгін,

Мектебіміздің ұстаздары.

Әділдікпен бағалашы,

Өнер білім сайысын.

Әділқазы алқасын сайлау.

Асылхан: Қазақ елім! Болашақ азаматым,

Сенсің ертең мінберде сөз алатын.

Аттан Барыс бейнесі болашаққа,

Барша әлемге шығаршы қазақ атын!,-деп ақындарымыз жырлап кеткендейтоптарымыз өздерін таныстырып өтсін.

(Әр топ капитандары өз топтарын таныстырады)

Миржан: Әй, табиғат!

Шеберсің-ау, шеберсің.

Көрмегенді көрсетерсің, берерсің.

Айың мынау, күнің анау, жер міне,

Ау, адамдар!

Жетпейжатыр неді не?

Асылхан: Өсімдік- өмір кілті талас барма?

Тіршілік өсімдіксіз жарасқан ба?

Ұланғайыр байлығыңды місе етпей,

Ашкөзденген адамдарға не дерсің?

Табиғатқа таласпаңдар, ағайын,

Асырайды ол сені, мені, елді де.

Мижан мен Асылхан: нәрленіп негіз болғантірі дүние,

Өсімдіктер таралған жер анаға, -деп «Білгенге маржан» атты мақал-мәтел сайысына кезек береміз.бұл бөлімде бірінші топ мақалды айтса, екінші топ жалғасын табады.

«Жауқазын» тобы

  1. «Мал баққандікі -… (жер жыртқандікі)»

  2. «Өлкенің көркі-… (мал болар),

  3. Өзеннің көркі -…(тал болар)»

  4. «Орман, тоғай-жер сыны,

Көкорай шалғын (көл сыны)»

  1. «Судың кепкені … (тіршіліктің кеткені)»

«Бәйшешек» тобы

  1. «Алпыс күнтасыған су, …(алты күнде қайтар)»

  2. «Тамшыдан тама берсе, (дария болар)»

  3. «Еділ басынан былғанады, … (сағасынан сынады)»

  4. «Тау бұлағымен сәнді, … (көл құрағымен сәнді)»

  5. «Еділ жағасы еліне кетер, (жайық жағасы жайына кетер)»

Миржан: Өмір қымбат қшанда әрбір жанға,

Оны қорғау борышың, елім онда

Кемеге бір жылдарда айналыпты,

Қазағымның даласы полигонға.

Асылхан: «Біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақпыз. Жер, су, ауа – адам баласының ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына… Әрбір ағашты, әрбір бұтақты, жалғыз дәнді де ыждағаттылықпенсақтау, қамқор болу – басты міндеттің бірі», -деп Ыбырай Жақаев айтқандай табиғатты қорғау бәріміздің борышымыз. Өйткені қазір орманымыз кесіліп, теңізіміз тартылып, құнарлы жеріміз сортаңдап, ауа ластанып жатыр. Осының бәріне ертеңін ойламаған өзіміз кінәліміз.

Миржан: Табиғат бізді қоршаған орта, ол адам санасынан тыс, өздігінен пайда болған дүние. Табиғат бүкіл тіршілік атаулының құтты-қоныс мекені, тіршіліктің түлеп өсуіне қажетті нәрі, Жер бетіне көрік берген сәні.

Ендігі кезекте «Тапқыр болсаң, тауып көр!» бөлімінде әр топқа жұмбақтар жасырылады.

Әрбір дұрыс жауап 5балдық жүйемен бағаланады.

Асылхан: Ойласақ табиғат пен адам егіз,

Жылдың сол мезгілінен өзге неміз.

Табиғатсыз қоғам жоқ, болған емес,

Ал қоғамсыз табиғаттың өзін де өлі деңіз.

Миржан: Көңілің суын ішсең ашылады,

Денеңнен бар дертіңді қашырады.

Өксіген оттай жанып жануарлар,

Өзеннен рахат тауып басылады.

Асылхан: «Ойлан, тап!»атты бөлімде жанкүйерлермен сайыс өтеді. Бұл кезеңде жанкүйерлерге жұмбақ жасырылады. Жауабын дұрыс тапса, сол топқа ұпай қосылады. (Жұмбақтар жасырылады).

Миржан: Су деген тіршіліктің қаны емес пе?

Су деген табиғаттың жаны емес пе?

Су жоқ жерде өмір жоқ, ол-ақиқат,

Күміс су қара жердің сәні емес пе?

Асылхан: Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат,

Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.

Ал адамға ауа қымбат бәрінен,

Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.

Келесі кезекте табиғат аясында «Білімді мыңды жығар» атты тыйым сөздер сайысына кезек береміз. Бұл сайыста әр топ білгенінше тыйым сөздер айтады. Әр дұрыс жауап 5 балдық жүйемен бағаланады.

Миржан: Табиғат байлығының бір тобы жер бетінің сәулеті, еліміздің дәулеті- жасыл әлем. Өсімдік өзімізді түрлендіріп,тұрған түкті кілем тәрізді, халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп аялап, содан қамқорлығын ешуақытта аямаған. «Әкеңнен мал қалғанша, тал қалсын»деген өрнекті сөз соның дәлелі.

Асылхан: Қалықтай ұшып, шарықтап шырқап, ән салатын құс біткен табиғатты әлдилейтін ән мен сәннің иесі. Келесі кезекте «Кім жылдам?» бөліміне кезек береміз. Бұл бөлімде екі топ сөзжұмбақ шешеді. Әрбір дұрыс жауап 5 балдық жүйемен бағаланады.

Миржан: Табиғат сенде бәрі ортақ,

Аспаның, аңың, құсың да.

Тегінде жаның жомарт-ақ,

Ізгілік жатыр бойыңда, — деп ақындарымыз жырлағандай табиғатқа деген сүйіспеншілік адамзат жүрегінде терең ұялаған. Оның сұлу көрінісі бізді өзіне еріксіз баурайды.

Асылхан: Келесі кезекте әр топ капитандары сайысқа түседі. Бірінші топ жұмбақ жасырса, екінші топ капитаны жауабын табады және мақал құрайды. Осылай жалғасады.

Қорытынд: Сайыс соңында әділқазы алқасы топтардың жалпы ұпайларын айтып, жеңіске жеткен топ оқушылары марапатталады.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.