Без рубрики

§1. Информатиканың негізгі түсініктері

МЫҢЖАСАРОВА СВЕТЛАНА КЕНБАЙҚЫЗЫ

Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебінің информатика пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: §1. Информатиканың негізгі түсініктері

Сабақтың мақсаты: білімділік: ақпарат түсінігі, түрлері және оларды өңдеу тәсілдерімен таныстыру;

дамытушылық: ақпараттың қолданылуы, қасиеттері, қабылдау әдістерімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру;

тәрбиелік: ұқыптылыққа, жұппен, топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: түсіндірмелі – пікірталас.

Сабақтың типі: кіріспе сабақ.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: ойлан/жұптас/талқыла, INSERT.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: оқулық, слайдтар, тест.

Сабақтың барысы:

ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ САТЫСЫ

 Қазір біз «Ақпарат» туралы мәлімет оқимыз. Алдымен не білетіндеріңіз туралы ойланыңыздар (3 минут). Талқылау үшін өзіңізге жұп таңдап алыңыз. Сонан соң 5 минут ішінде жұбыңызбен ақпарат туралы не білетініңізді немесе не білемін деп ойлайтыныңыз туралы тізім жасаңыз. Ақпарат туралы білетіндеріңізді көбірек жазғандарыңыз маңызды.

Барлық жұптар өздерінің тізімдерін жасап болған соң оны топта талқылайды. Сонан соң топтағы талқылау нәтижесінде пайда болған жалпы тізімді оқушылармен бірге (оның ішінде дау туғызған сұрақтарды қоса) қағазға жазамыз.

 МАҒЫНАНЫ ТАНИ БІЛУ САТЫСЫ

Ақпарат дегеніміз не?

Қазіргі заманғы қоғам дамуының негізі – адамзат қызметінің барлық салаларындағы өндіріс, сұраныс және ақпарат қорының өсуі. Адам өмірі тікелей ақпарат қоры, алмасу және оны реттеумен тығыз байланысты.

Ақпарат дегеніміз не? Ақпарат латын тілінен аударғанда informatio – «мәліметтер, нақтылық, мазмұндама» деген мағынаны білдіреді.

Қазіргі уақытта ақпараттың толық мазмұнын ашатын нақты анықтама жоқ, дегенмен оның үш теориялық түсініктемесі келтірілген:

1. К.Э.Шеннон бойынша ақпарат – анықталмаған құбылыс ретінде берілетін сандық ақпарат.

2. В.М.Глушков бойынша ақпарат материяның бір қасиеті ретінде табиғат пен құрылымының әр алуандылығы, реттілігі және т.б. жайында түсінік береді.

3. Мағынасы бойынша ақпарат білімнің әрекетшіл және тиімді жұмыс жасаушы бөлігі ретінде сипатталады.

Осы мәліметтерді қорытындылай келе ақпарат түсінігіне төмендегідей анықтама беруге болады.

Ақпарат – сақтау, өзгерту, жіберу және қолдану объектісінің қызметін атқаратын және қоршаған орта жайындағы анықталмағандықты түсіндіретін мәліметтер.

Берілген анықтама мәліметтерді белгілер, хаттамалар және жаңалықтар арқылы сипатталған білім деп көрсетеді. Ақпарат түсінігіне дәлірек анықтама берген Норберт Винер: ақпарат – қоршаған дүниеге икемделуіміздің негізінде пайда болған мазмұнның (мағынаның) белгіленуі.

Ақпаратты елестету формалары:

1. Символдық – әріптер, сандар таңбалар, т.б.

2. Мәтіндік – әріптер, сандар, таңбалар, т.б, бірақ ақпарат біріктірілуіне қарай анықталады (мысалы, РЕТ және ТЕР – сөздерінің әріптері бірдей болғанымен, мағыналары әртүрлі).

3. Графикалық – суреттер, сызбалар, схемалар, фото – суреттер және т.б.

Ақпарат мынадай қасиеттерге ие:

1) техникалық нұсқада – бұл нақтылық, сенімділік символдарды жіберу (тарату) жылдамдлығы, т.б.;

2) семантикалық нұсқада – мәтіннің мағынасын кодалау көмегімен беру;

3) прагматикалық нұсқада – объектінің әрекетіне ақпараттың әсері (пайдалылық және құндылық).

Ақпаратпен жұмыс жасау кезінде көптеген сұрақтар туындайды. Ол ақпаратты сақтау, алмасу, іөздеу, өңдеу барысындағы ыңғайлы, тиімді формалармен байланысты. Сонымен қатар анықталған ақпарат құрылымымен бірлескен тапсырмалар да пайда болды. Осының бәрін информатика ғылымы қарастырады.

Информатика – ақпараттық процестерді, қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы ақпаратты тарату, өңдеу, елестету құбылыстарын зерттейтін ғылыми – техникалық қызмет аумағы; ақпараттық техника мен технологияның қолданылуын зерттейтін ғылыми – техникалық өрлеудің басты ағымы.

Информатиканың дамуы мен қалыптасуында ЭЕМ мен ДК-дің ұғымдарының пайда болуы маңызды орын алды.

Информатиканың зерттеу әдістері:

1. техникалық – сақтау, алмасу, қайта өңдеу құбылыстарының әдістерін зерттеу;

2. семантикалық – ақпараттар мазмұнын суреттеуді айқындау;

3. прагматикалық – ақпаратты кодалау әдістерін сипаттау;

4. синтаксистік – индексивті, автоматты, реферирлі, машиналық аударма.

ЭЕМ-ның қолданылуы жаңа ақпараттық технологияның қалыптасуына негіз болды, ол ақпараттарды сақтап, жинап, өңдеп қана қоймай, жаңа ақпараттық білімді қабылдаумен ерекшеленеді. Қазіргі заманғы дербес компьютерлерге тән ерекшелік – ол, шамамен, компьютерлердің 80%-ының есептеуіш қызметін атқаруында емес, әртүрлі ақпараттарды өңдеу үшін қолданылуында (тесттер, графика, мәтіндер, т.б.).

 Мәліметті оқу алдында тапсырма беру:

егер оқып отырған ақпарат сіздің білгеніңізбен сәйкес келсе немесе сіз білемін деп ойлағандай болса, мәтіннің шетіне «υ» (қанат) белгісін қоясыз;

егер оқып отырған ақпарат сіздің білген ақпаратпен сәйкес келмесе немесе басқаша болса, мәтіннің шетіне « –» (алу) белгісін қоясыз;

егер оқып отырған ақпарат сіз үшін жаңа, бұрын естімеген болса, мәтіннің шетіне «+» (қосу) белгісін қоясыз;

егер оқып отырған ақпарат сіз үшін күдікті немесе сізді таңқалдырса немесе осы тақырып бойынша тереңірек білгіңіз келсе, мәтіннің шетіне «?» (сұрақ) белгісін қоясыз.

 Оқушылардың барлығы оқып болған соң келесі жұмыс түрі жүргізіледі:

Сіз қазір ғана оқып шыққан мәлімет туралы ойланыңыз. Жұбыңызбен оқығандарыңыз туралы бөлісіңіз. Сіз қандай ақпаратқа тап болдыңыз? Сізде қандай сұрақтар туындады? Топтарыңызда талқылаңыз.

 Талқылау аяқталған соң әр оқушы өз бетімен дәптерінде кестені толтырады:

 

υ

+

?

        

 Оқушылар өзіндік жұмыстарын бітірген соң жұптарымен кестедегі жазғандарын талқыға салады. Келесі іс — әрекет – сыныптың ортақ кестесін құрастыру.

 

ОЙТОЛҒАНЫС САТЫСЫ

 Топта ортақ кестені тақылаған соң плакатта жазылған алғашқы ақпаратқа ораламыз – сәйкес келген пікірлерді анықтаймыз. Сәйкес келмеген ойлар шешімін тапты ма немесе қосымша материалдар керек пе деген сұрақты талқылаймыз.

Тест сұрақтарымен жұмыс

1. «Тұрмыстық қарым – қатынастағы ақпарат» мағынасын ашатын сөйлемді көрсетіңіз.

А) кейбір алфавит белгілерінің тізбегі;

Ә) таңба немесе сигнал түрінде берілетін ақпарат;

Б) белгісіздікті азайтатын хабарлар;

В) қоршаған орта және онда өтіп жатқан адамның тікелей немесе арнайы құралдар (термометр, барометр, т.б.) арқылы қабылдайтын процестер жайындағы мәліметтер;

Г) ғылыми теориялық мәліметтер.

 

2. Адамның ақпаратты қабылдауына қарай ақпарат қандай түрлерге бөлінеді?

А) мәтіндік, сандық, графиктік, кестелік, т.б.;

Ә) ғылыми, әлеуметтік, саяси, экономикалық, діни, т.б.;

Б) күнделікті, өндірістік, техникалық, басқару;

В) визуалдық, дыбыстық,тактілік, иіс сезу, дәм сезу;

Г) математикалық, биологиялық, медициналық, психологиялық, т.б.

 

3. Адамның елестетуіне қарай ақпарат қандай түлерге бөлінеді?

А) әлеуметтік, саяси, техникалық, экономикалық, діни, т.б.;

Ә) мәтіндік, сандық, нышандық, графиктік, кестелік, т.б.;

Б) тұрмыстық, ғылыми, өндірістік, басқару;

В) визуалдық, дыбыстық,тактілік, иіс сезу, дәм сезу;

Г) математикалық, биологиялық, медициналық, психологиялық, т.б.

 

4. Ақпараттың қолданылуына қарай бөліну түрлері қандай?

А) мәтіндік, сандық, графиктік, кестелік, т.б.;

Ә) әлеуметтік, саяси, экономикалық, діни, т.б.;

Б) визуалдық, дыбыстық,тактілік, иіс сезу, дәм сезу;

В) тұрмыстық, ғылыми, өндірістік, техникалық, басқару және т.б.;

Г) математикалық, биологиялық, медициналық, психологиялық, т.б.

 

5. Ақпараттың теориясына сәйкес ақпарат дегеніміз не?

А) адамның сезім мүшелерінен берілетін сигналдар;

Ә) белгісіздікті азайтатын мәліметтер;

Б) объектінің сандық шамалармен анықталған қасиеттері;

В) қоршаған ортаның алуан түрлілігі;

Г) жаңа мәліметтері бар ақпараттар.

 

6. Басқару теориясына сәйкес ақпарат дегеніміз не?

А) таңба және сигнал түріндегі хабарлар;

Ә) қоршаған орта және ондағы сезім мүшелері негізінде жасалатын процестер жайлы мәліметтер;

Б) қоғамдық және техникалық жүйелерді сақтау, дамыту мақсатында қолданылатын, қабылданатын мәліметтер;

В) жаңа мәліметтері бар ақпараттар;

Г) белгісіздікті азайтатын мәліметтер.

 

7. Іс қағаздар жүргізу саласында ақпарат дегеніміз не?

А) жаңа мәліметтері бар ақпараттар;

Ә) сезім мүшелері арқылы сыртқы ортадан алынған мәліметтер;

Б) арнайы техникалық құралдар көмегімен алынған сигналдар, импульстер, кодалар;

В) қағазда мәтін (кесте, график, таңба, символ) түрінде берілген хабарлар;

Г) дыбыстық сигналдар түріндегі хабарлар.

 

8. Семантикалық теорияда ақпарат дегеніміз не?

А) Сезім мүшелері арқылы сыртқы ортадан алынған мәліметтер;

Ә) техникалық жүйелерде қолданылатын сигналдар, импульстер, кодалар;

Б) қағазда мәтін (кесте, график, таңба, символ) түрінде берілген хабарлар;

В) жаңа мәліметтері бар ақпараттар;

Г) дыбыстық сигналдар түріндегі хабарлар.

 

9. Қай сөйлем ақпараттық процестерге мысал бола алады?

А) ғимараттар салу құрылысындағы процестер;

Ә) суды химиялық және техникалық жолмен тазарту кезіндегі процестер;

Б) ақпаратты алу, іздеу, сақтау, өңдеу, алмасу және қолдану кезіндегі процестер;

В) электроэнергетикалық өндіріс процестері;

Г) пайдалы қазбаларды игеру кезіндегі процестер.

 

10. Қай сөйлем ақпараттарды сақтау кезіндегі процестерге мысал бола алады?

А) мәліметтердің бұқаралық ақпараттар көмегімен қоғамға таралуы кезіндегі процестер;

Ә) мәліметтер құрылымын сақтауда адам әрекетінің кезектесуі (қағазда, брестте және т.б.);

Б) жеке тұлғаларға ақпараттың берілуін шектеу процестері;

В) рұқсат етілмеген ақпаратты қолдану процестері;

Г) компьютерлік банкте мәліметтер қорын құру кезіндегі процестер.

 

Бағалау

1. Кестенің барлық бағандарын толтыру – 1 балл

2. Кем дегенде жоғары деңгейдегі 2 сұрақ – 4 балл

3. Кем дегенде 2 көзқарас айту және оны дәлелдеу шеберлігі (ауызша) – 5 балл

4. Тест тапсырмаларымен жұмыс – 5 балл

 

Үйге тапсырма

Ақпарат көздерінің көптігі информатика ғылымына қалай әсер етуде? (оң әсер етуде – теріс әсер етуде)

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.