Ақтөбе облысы
№6 Хромтау гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі:
Кысырауова Шынар Андебековна
Пәні:ана тілі
2 класс
Тақырыбы. Түлкі мен тиін.
Мақсаты:1. Оқушыларды өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын жүйелі айта
білуге, өлеңдегі негізгі идеяны айта білуге үйрету.
2. Ой-өрісін, танымын, өздігінен жұмыс істей білу қабілетін
дамыту.
3. Мақтаншақтық әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік:түлкі мен тиін маскасы, суреттер, кесте.
Сабақтың түрі:Дамыта оқыту.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап; сахналау, мәнерлеп оқу, рөлге бөліп оқу,
сөздік жұмыс,ой қозғау, салыстыру, дәлелдеу.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа әзірлігін қадағалау. Үш топқа бөлу.
Психологиялық даярлық.
. Мұғалім. Балалар ( хормен)
-Әрбір адам? Туысым, досым, жұрағат.
-Әрбір сабақ? Үйрену,ұғу, ұлағат.
-Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адамдық.
-Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық.
2. Қызығушылығын ояту.
Жұмбақ шешейік.
Бұлаңдаған құйрығы- Ағаштан-ағашқа секіреді,
Бір алдарлық қулығы. Еш зияны жоқ, жаңғақ жинап жүреді.
(Түлкі) (Тиін)
-Бұл екеуі неге жатады?
-Аңдар неге тірі табиғатқа жатады?
-Өйткені өсіп-өніп көбейеді.
-Дұрыс.Олай болса, бүгін біз Абдірахман Асылбековтың «Түлкі мен тиін» жайлы өлеңін өтеміз.
(Тақтаға түлкі мен тиін көрінісі бейнеленген суретті іліп қою)
Автор жайлы тоқталып айту.
Әбдірахман Асылбеков- ақын. Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үшарал ауылында дүниеге келген. Балаларға арналған алғашқы өлендер жинағы 1961 жылы шықты. Содан бергі мерзімде 24 жыр кітабы жарық көрді. 300-ден астам өлең жазған.
3.Жаңа мағынаны таныту.
1.Мұғалімнің өлеңді оқуы.
2.Өлең ішінде кездесетін кейбір сөздердің ұғымы түсінікті болу үшін сөздік
жұмыс жүргізу.
Қиыр-алыс.
Маң-өте жақын жер.
Жайрады-сұлап жатты, өліп жатты.
3.Сұрақтар қою.
-Түлкі тиінге кездескен сәтте не деді?
-Тиін оған қалай жауап қатты?
-Сол сәтте қандай жағдай болды?
-Қай аңның айласы басым болды?
4.Оқулықпен жұмыс.
1.Оқушыларға өлеңді өз бетінше жартылай дауыста оқыту.
2.Рөлге бөліп оқыту. (Түлкі, тиін, автор)
3.Өлеңнің толық мазмұнын айтқызу.
4.Өлеңдегі негізгі ой не?
-Мақтаншақтық әдеттен аулақ болу.
5.Топпен жұмыс.
1-топ.«Тоқсан тоғыз айлалы» дейтін сөз тіркесінің мағынасын түсіндір.
2-топ.«Тайраңдар» сөзінің мағыналас қатарын тауып көр.
3-топ. Бұл мәтін өлеңнің қай түріне жатады? Неліктен?
Әр топ жауаптарын тыңдау, бағалау.
6. Сахналау.
Әр топ ертегіні сахналайды. Қай топтың өнері жақсы екенін айтып бағалау.
7. Ой қорыту. Өмірмен байланыс.
-Мысалдан қандай ой түйдіңдер?
-Мақтаншақтық т.б. жаман әдеттен аулақ болу керек.
-Өмірде ақылды, тапқыр шешім қабылдай білу керек деген ой түйдік.
8.Сабақты бекіту.
Ой толғаныс.
1-топ. Дискуссия.
Түлкіге мінездеме беру. Сендер түлкіге ұқсағыларың келе ме? Неге?
2-топ. Пікір.
-Сендерге тиін ұнай ма?
-Неліктен? Неге?
3-топ. Ситуация.
Үйде сенен басқа ешкім жоқта сен танымайтын алыста тұратын туыстарың келді.
-Сен не істейсің? Ата-анаң ешкімге есік ашпа деген?
9. Қорытындылау.
1-топ. Әңгіме кестесін құру.
Өлеңдер тақырыбы |
«Тәкаппар» |
«Түлкі мен тиін»
|
А вторы |
Ш Смаханұлы |
Ә Асылбеков |
Оқиға орны |
Суда |
Далада |
Негізгі кейіпкерлер |
Балық |
Түлкі мен тиін |
Негізгі ой |
Тәкаппарлық |
Мақтаншақтық
|
Оқиға қалай аяқталады?
|
Балық өліп қалады |
Түлкіні қасқыр жеп қоюы |
2-топ. Венн диаграмманы толтыру.
3-топ. Тиінге, түлкіге не айтар едіңдер?
Түлкіге мақтана берудің пайдасы жоқ, есесіне сақ болу керектігін айтамыз.
Тиін дұрыс істеді. Ол бір айласымен аман қалды.
10. Үйге тапсырма.
1-деңгейдегі оқушылар мәтінді мәнерлеп оқу, түсінігін айтуға даярлану.
2-деңгейдегі оқушылар мәтінді мәнерлеп оқу, мазмұны бойынша сурет салу.
3-деңгейдегі оқушылар кітапханамен байланыс, түлкі мен тиін жайлы мәліметтер жинап келу.
11.Бағалау.
Әр топ «Бағалау парағы» бойынша қортындысын шығарып,нәтижесін айтады.