Ғажайып Апорт алмасы

Дәрібаева Айгерім Тарасқызы
Ақтөбе қаласы. № 15 «Жидек»  мектепке дейінгі ұйымының тәрбиешісі


Тақырыбы: «Ғажайып Апорт алмасы» (Қысқа мерзімді)
Презентация нұсқасы:
   Алманың түрлері. Презентация
Мақсаты:
Балалардың өсімдіктердің дәнінен жемісіне дейінгі өсу және даму жолдары, бағбандардың еңбегі туралы түсініктерін қалыптастыру. Қазақстанның мақтанышы – «Апорт» алмасы туралы мәлімет бере отырып, табиғатты аялауға, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Міндеттері:
1.  Балаларды тірі табиғат оның ішінде алма жемісінің қасиеттерімен таныстыру. 2. Олардың бір- бірінен айырмашылығын салыстыру. 3.  Эстетикалық талғамын дамыту. (табиғат әсемдігін сезіне білу) 4.  Тірі табиғатты қорғауға тәрбиелеу. 5. Тірі табиғатқа қызығушылығын ояту және бақылау олардың берер сыйына деген дағдыларын қалыптастыру.
Жобаға қатысушылар
: Балалар, олардың ата-аналары, даярлық топтың тәрбиешілері.


Жобаны жүзеге асыру қорытындысын болжау:

  1. 1.     Көрнекі құралдардың көмегімен ( үлгілер, символдар) балалардың өзіндік, танымдық тәжірибесін дамыту.
  2. 2.     Ойлау, үлгі қүру, ауыстыру іс-әрекеттеріне қатыстыру арқылы балалардың ізденіс танымдық қабілеттерін дамыту.

Жобаның өзектілігі: Табиғатпен үйлесімділікте өмір сүре алатын, айналадағы қоршаған ортаға деген өзінің іс-әрекеттерін сезіне білуге қабілетті экологиялық ойлау өрісі дамыған тұлғаның қалыптасуы.

Жоба даярлық топ балаларымен жұмыс жасауға арналады.                          Ол – балалардың бойында табиғатқа деген танымдық қызығушылығын қалыптастыруға септігін тигізеді, байқампаздығын, ойлау іс-әрекетін дамытады. Жоба бойынша жұмыс нәтижесінде балалар ой қорытындысын, түйінін жасауды  үйренеді, ізденіс танымдық іс – әрекет себеп-сал байланыстарын білу үшін маңызы зор.

Жоба балалар белсенділігінің екі түрін дамытуды қамтиды: баланың өз белсенділігі және үлкендердің ықпалымен пайда болатын белсенділік.
Бірінші кезең
:  Алма жемістерінің муляждарын жинақтау, сол процеспен балалардың қызығушылығы, алма туралы сұрақтардың туындауы педагогтарды «Апорт деген алма бар» тақырыбында жобаны жүзеге асыруға бағыттады. Жобаны жүзеге асыру үшін бірнеше кезеңнен тұратын жұмыс жоспарланды:

  • Балалармен әңгімелесіп, оларды аталған тақырып  бойынша не қызықтыратынын анықтау;
  • Ізденіс танымдық іс-әрекеті үшін ортаны құру;
  • Балаларға жемістер туралы ойын ұйымдастыруды ұсыну;

Екінші кезең:

  1. Дидактикалық ойындарды жинақтау;
  2. Көрнекілік материал, көркем әдебиеттерді, бейне материал жинақтау;
  3. Балалардың бейнелеу іс-әрекеті үшін материалды жинақтау;
  4. Іс – шаралардың жоспарын құру;

Ата –аналарға жоба жұмысына қатысып, көмек корсетуге ұсыныс жасалды:

  • Балалардың сұрақтарына жауап табуға көмектесу:
  • «Апорт  алма» альбомын жасау үшін материальдар жинақтау;
  • Апорт туралы қор жинақтауға көмек беру;
  • Алма туралы шағын ертегі құрып, бейнелеу арқылы шығармашылықтарын дамыту;

Үшінші кезең:

Жоба бойынша әр балаға өзінің танымдық белсенділігін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ерекше атмосферасын құрып, балаға жеке бағытталған үлкендердің өзара іс-әрекеттестігін қамтамасыз етеді ( серіктес ретінде)

Бағдарлама бөлімі

Балалардың іс- әрекет түрлері

Ойын іс-әрекеті

Дидактикалық ойындар

Қимылды ойындар

«Дәмінен жемісіне дейін»«Заттың атын ата»«Ненің дәмі»

«Сен жасыр біз табамыз»

«Не қайда өседі?»

«Дәмінен ажырат»

«Жемістер көкөністер»«Алма кетті домалап»«Жыл ағашы»

 

 

Тіл дамыту

  1. Сөздік жұмыс: Жемістердің атаулары. (дамиды, өседі, піседі)

Сын есімдерді қолдану: Алмалар ( қандай? ) – Тәтті, дәмді, дөңгелек, қызыл, жасыл, сары.

  1. Жекеше түрден  көпше түрге өзгерту:

Дидактикалық ойын: «Біреу – көп» «Жемістер мен көкөністер» «Дәміне қарай ажырат»

  1. Байланыстырып сөйлеу:

Жемістерді, алманы сипаттауды үйрету, сөздік қорын молайта отырып, байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру.

Дидактикалық ойын: «Не? Қандай?»

Ертегіні сахналау: «Алма қалай тараған?»

Тақпақтар. Жұмбақтар.

 

Көркем әдебиеттер

«Алма қалай тараған»«Отбасы және балабақша» журналы.«Жұмбақтар»

«Тақпақтар»

«Ертегілер» «Мақтаншақ алма»

«Балдырған» журналы

Бейнелеу іс-әрекеті

Бейнелеу: «Алма» Алақанмен бастыру. Триз, «Алма бағы»-монотипия.Жапсыру: «Сиқырлы алма», «Анамызға компот жасауға көмектесеміз» Түрлі-түсті қағаздан.

Құрастыру: «»

Қағаздан, сулықтардан, кәмпиттің қағаздарынан.

Мүсіндеу: « Алма ағашы» Ермексаздан.

Оқу іс-әрекеті

Қоршаған ортамен танысу: «Алмалар»«Алма қайдан шығады?»«Алманың пайдасы»

«Алманың түрлері»

«Алманың құрылысы»

Тіл дамыту: Әңгімелеу, тақпақ жаттау.

Ата – аналармен өзара

іс -әректі

Алма түрлерінің  үлгілерін жинақтау, альбомдар жасау. Алмадан жасалатын тағамдардың көрмесін ұйымдастыруға қатысу.

 

Төртінші кезең: «Апорт деген алма бар» жобасының презентациясы. Коллекцияның, альбомдардың презентациясы.

Бесінші кезең: Жаңа жобалардың тақырыптарын, міндеттерін анықтау.

Ерекше педагогикалық маңыздылығы:

  1. 1.      Балалардың диалектикалық ойлау, өзара байланыс жүйесіндегі әлемнің алуан түрлілігін көру қабілетін қалыптастырады.
  2. 2.     Балаларды ойлау, үлгі құру іс-әрекеттеріне қатыстыру арқылы ізденіс-танымдық іс-әрекетін дамыту перспективасын кеңейтеді.
  3. 3.     Балалардың өз бетімен жұмыс жасау іскерлігін, байқампаздығын, қиялын, ойлау қабілетін қолдайды.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше