Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті
№46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейі
Химия пәнінің мұғалімі
Жұманазарова Құралай Алтынбекқызы
Тақырыбы: Реакцияның жылу эффектісін анықтау.
Мақсаты:
Білімділік: Химиялық рекциялардың энергетикасы заңдылықтарын есеп шығарту арқылы түсіндіру. Термохимиялық теңдеулер туралы білімін кеңейту, тереңдету.
Дамытушылық:
-
Өткен материалдары қорытындылауға, жүйелеуге үйрету, негізгі ұғымдарды ажырата білу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік:
-
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Өз бетінше жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Электронды оқулық, кесте, слайдтар
Пән аралық байланыс: физика, биология
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі-иллюстративті, сұрақ-жауап, есептер шығару
Сабақ барысы:
І . Ұйымдастыру
ІІ . Үй тапсырмасын сұрау
-
«Кім жылдам» сұрақ-жауап ойыны; өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар беріледі.)
1) Катализатор дегеніміз не?
-
Вант-Гофф ережесі?
-
Белсендіру энергиясы дегеніміз не?
-
Эимиялық реакция жылдамдығы?
-
Әрекеттесуші массалар заңы?
-
Химиялық тепе-теңдік дегеніміз не?
-
Ле-Шателье принципі?
-
Химиялық тепе-теңдікке әсер ететін факторлар?
-
Температураның әсері?
2. №4, №5 есептердің шығарылуын тексеру.
ІІ. Үй тапсымасын қорытындылау
Химиялық реакция жылдамдығына заттар табиғаты, концентрация, температура, өршіткі әсер етеді.
ІҮ. Жаңа сабақ
Термохимиялық негізгі заңы – Гесс заңы
Qp = Q түзілу (өнім) – Q түзілу (реогент)
-
Реакцияның жылу эффектісін анықтау
Бензолдың жану реакциясының жылу эффектісін анықтау.
Берілгені: Шешуі:
Qтүз (СO2) = 393,5 кДж 2С6H6 + 15О2 = 12СО2 + 6 H2O
Qтүз (H2O) = 241,8 кДж Qр = Qтүз (СO2)+ Qтүз (H2O) — Qтүз (O2)
Qтүз (O2) = 0 Qр = 12x 393,5+6х241,8-(-82,9)х2 = 6338,6кДж
Qтүз (С6H6) = — 82,9 кДж
Т/к: Qр — ? Жауабы: 6338,6 кДж
2. Реакцияның жылу эффектісінің мәні бойынша реакцияға түскен заттардың біреуінің түзілу жылуын анықтау.
Массасы 2,1 г темір күкіртпен әрекеттескенде 3,77 кДж жылу бөлінеді. Темір сульфидінің түзілу жылуы қандай?
Берілгені: Шешуі:
m(Fe) = 2,1 г Fe + S = FeS
Q = 3677 кДж 2,1 г (Fe):3,77 кДж = 56 г (Fe):x
х = 100,53 кДж
Т/к: Qтүз(FeS) Теңдеу бойынша Qр = Qтүз(FeS)
Жауабы: 100,53 кДж
3. Реакцияға қатысқан заттың массасы, көлемі бойынша реакция нәтижесінде бөлінетін не сіңірілетін жылуды анықтау
Берілгені: Шешуі:
m(Fe) = 224г Qтүз (Al2O3) = 1676 кДж
Q р.түз (Fe2O3) = 822,2 кДж
Т/к: Q Qр = Qтүз (Al2O3) – Q р.түз (Fe2O3);
Qр = 853,8 кДж
112 г Fe: 853,8 кДж = 224 г Fe: х кДж
х = 1707, 6 кДж
Жауабы: 1707,6 кДж
Ү. Жаңа сабақты қорытындылау
Осы оқушылардың айтқандарын негізге алып, химиялық байланыстардың барлық 4 түрін салыстырып отырып қорытындылаймыз. (Кесте бойынша)
Жалпы алғанда Химиялық байланыстардың түрлері мен типтерінің негізі бір. Мысалы, иондық байланысты коваленттік байланыстың шекті түрі деп қарау керек. Себебі, коваленттік байланыста электрондар бір атомнан екінші атомға ығысатын болса, ал иондық байланыста электрондар толық ауысады. Металдық байланыста коваленттік байланыстың да, иондық байланыстың да элементтері бар .Көптеген заттарда таза бір ғана химиялық байланыстың типі бола бермейді. Мысалы, ас тұзы- натрий хлоридіндегі байланыстың 84% иондық байланыстың, 16% ковалентті байланыстың үлесіне тиеді.
ҮІ. Үйге тапсырма § 3.4, 3.5, 3.6