Без рубрики

Таңғажайып сұйық зат

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы,
«№34 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ,

Жоғары санатты химия пәнінің мұғалімі
Зиадина Ақмарал Тәттібекқызы

Сабақтың тақырыбы: Таңғажайып сұйық зат.

Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушылар адам өміріне ең қажетті су жайлы меңгерген білімін тереңдету, толықтыру.

Сабақтың дамыту мақсаты: Оқушылар өз бетімен ой өрісін дамыту, әр оқушының ұжымдық қабілетін ояту, реферат, сөз жұмбақ құрай білу біліктілікті арттыру.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Көпшіл, ұйымшыл болуға баулу, іздемпаздыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекіліктері: Тест, тірек сызба, хабарламалар.

Сабақтың пән аралық байланыстары: биология, география, қазақ әдебиеті.

Сабақтың түрі: Жарыс сабақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.

ІІІ. Негізгі бөлім.

IV. Қорытындылау.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма беру.

 

Оқушыларды үш топқа бөліп жұмыс істейді.

  1. тапсырма:

Су _______________________ зат.

Химиялық формуласы _____________ .

Сапалық құрамы ___________________________.

Сандық құрамы ____________________________ .

Салыстырмалы малекулалық массасы _________ .

Оттектің массалық үлесі ____________________ .

Сутектің масалық үлесі _____________________ .

 

  1. топ ұраны

“Білген сайын келеді біле бергім

Біле беру емеспе тілегі елдің”

 

  1. топ ұраны

“Туған жерді сүю парыз

Сүю үшін білу парыз”

 

  1. топ ұраны

“Адамның табиғатсыз күні жоқ,

Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ”

 

 

  1. тапсырма:

Табиғатта су су барлық жерде кездеседі. Судың қандай түрін білесің?

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

  1. тапсырма:

Судың қолданылуын жазыңдар.

 

 

 

 

Н2 О

 

 

 

 

 

 

  1. тапсырма:

Кесте толтыр.

 

Қолданылуы

Мысалдар

1.

Адамдар, жануарлар және өсімдіктер өмірінде.

 

2.

Энергетикада

 

3.

Өндірісте

 

4.

Құрылыста

 

5.

Ауыл шаруашылығында

 

 

Су туралы мақал –мәтел жарысы. Әр топ мақалдың басын айтады, 2-ші

жалғастырады.

  1. Сулы жер … (нулы жер)

  2. Су ішетін арығы жоқ елдің сүзіп алатын … жоқ. (балығы жоқ)

  3. Сулы жер құрақсыз болмас, таулы жер … болмас. (бұлақсыз)

  4. Сусыз жердің …сұйық, суайт адамның сөзі сұйық. (шөбі)

 

Алдын ала берілген тапсырма бойынша әр топтың хабарламасы.

І топ “Тіршілік үшін судың ролі”

 

Адам тіршілігінде судың ролі өте зор, сусыз тіршілік болуы мүмкін емес. Адам ағзасына келіп түсетін тіршілік үшін маңызы зор заттар (нәруыз, майлар, минералды тұздар, дәрумендер) үшін су ерткіш. Тіршіліктің негізін құрайтын зат алмасу үрдісі сулы ортада өтеді. Адам денесінің 60% судан тұрады. Күн сайын ересек адам 3 л су ішеді.

Барлық қабылдаған су зат алмасу үрдісіне қатыса отырып, адам ағзасынан бүйрек, өкпе және тері арқылы бөлініп отырады. Сыртқы ортаның қалыпты жағдайында дені сау ересек адам зәрі арқылы тәулігіне 1-1,5 л суды, өкпесі арқылы тыныс алғанда бу түрінде 0,5 л, тері бездері арқылы 0,5-10л дейін су бөліп шығарады.

Адам судың жетіспеуін көтере алмайды. Егер 1-1,5л суды жоғалтса, шөлдейді, әлсірейді, нашарлайды.

 

ІІ топ

 

Қазіргі кезде жануарлар, өсімдіктер ағзаларында 65 микроэлемент табылған. Олар 14-і биологияның үрдістерде белгілі роль атқарады.

I, F, Co, Li, Zn, As, Cu, Mn, Br, Ni, Sr, V, Mo

Бөтеке ауруы – қоршаған ортада иод элементі жетіспегенде пайда болады. Қазақстанның оңтүстік өзендерімен Алтай суларында иод концентрациясы 9,34 мг/л.

Егер суда фтор көп болса онда тіс кіреукесіне шалдығады. Ғылыми зерттеулердің көрсетуі бойынша судағы фтор 1,5 мг/л болуы керек. Фторы төмен суы бар жерде тіс жегісі ауруымен ауырады. Зырянда жер асты суында фтор 0,22-1,4 мг/л. Қостанайда 0,4 мг/л, оқушылардың 72% тіс жегісімен ауырады.

 

ІІІ топ

Күнделікті өмірде минералдың құрамы жоғары суларды пайдалану көп жағдайда ас қорыту жүйесінің ауруларын туғызады.

Ішетін сулардағы химиялық элементтің мөлшеріне қарай кейбір су көздерінің емдік қасиеті бар. Шымкент облысы Сарағаш су көзі ас қорыту жүйесі ауруларының бірден –бір ем.

Су құрамындағы химиялық заттар мөлшерінің адам мен жануарлардың денсаулығы үшін атқаратын ролі зор.

 

Оқушылардың білімін тексеру үшін тест тапсырмасын орындау.

 

  1. Судың малекулалық массасы

А) 18; Ә) 20; Б) 36

  1. Қандай ортада лакмус қызарады.

А) негіз; Ә) қышқыл; Б) бейтарап

  1. Синтез деген не?

А) күрделі заттың ыдырауы; Ә) жай заттардың қосылуы

  1. Суда өте жақсы еритін зат.

А) ғаныш; Ә) құм; Б) қант

  1. Судың қату температурасы.

А) 100; Ә) 0; Б) 18

 

 

Оқушыларды сергіту сәті.

Сөзжұмбақ шешу.

 

  1. Күрделі заттардың айырылуы.

  2. Су қосылу нәтижесінде пайда болған қосылыс. (негіз)

  3. Судың күйі. (газ)

  4. Суды құрайтын элемент. (оттек)

  5. Суы мол Қазақстандағы өзен.(Ертіс)

  6. Суды пайдаланатын тазалық орны. (монша)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау

 

Үйге:§ 79-43

 

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.