Без рубрики

Ойлана білген адаспас

Ақтөбе облысы,  Алға ауданы
                                                  В.И.Пацаев атындағы        
                                                  №2 Алға орта мектебінің  
                                                  бастауыш сынып мұғалімі
          

Тақырыбы: Ойлана білген адаспас

Мақсаты: Білімділік: Сандарды оқу, жазу және қосып- азайту, салыстыру; геометриялық пішіндерді еске түсіре отырып білімдерін бекіту;

Дамытушылық: ойын арқылы балалардың танымдық белсенділігін, ойлау әрекетін дамыту;

Тәрбиелік: Дидактикалық ойындар шартын дұрыс орындауға, бірлесе отырып еңбек етуге тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі:суреттер.үлестірмелі қима қағаз, таяқша, түрлі — түсті қағаз, желім, техникалық құрал (интеракт.тақта)

 

Түрі: кайталау сабақ.

 

Әдісі: сұрақ жауап, есептеу, көрнекілікпен жұмыс, жапсыру.

 

Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту. Жапсыру.

 

Сабақтың барысы: Амандасу.

Ал, балалар, біз бүгінгі сабағымызды поэзиялық минуттан бастайық.

Біз бақытты баламыз,

Биікке қанат қағамыз.

Болашаққа талпынып

Оттай лаулап жанамыз.

 

Жылдың қай мезгілі?

Бүгінгі ауа райы қандай?

Осы бүгін аптаның нешінші күні және қай күні?

Ал, бір аптада неше күн бар?

Апта күндерін ретімен атап беріңіздерші?

Балалар, біз бүгін сабақта табиғат аясына, яғни, тауға барамыз. Ол үшін бізге көлік қажет. Біз қандай көлікке отырамыз?

 

— Бізге қанша орындық қажет болады? Біз нешеуміз? Кәне, рет ретімен саналайықшы. (Балалардың жауабы)

Балалар тауға жеткенше көңілді жету үшін, санамақ, жұмбақтар шешіп барайық.

Санамақ.

Бір дегенім бүркіт.

Қалады аңдар үркіп.

Екі дегенім есек

Білмейді ол есеп.

Үш дегенім үкі

Ұстап жейді түлкі.

Төрт дегенім тиын

Сан білмесең қиын.

Бес дегенім бұлбұл

Сайрағанда дүлдүл.

Алты дегенім арғымақ

Дөңдеу жерден қарғымақ.

Жеті дегенім жайын

Жайынның жейміз майын.

Сегіз дегенім серке

Енесіне ерке.

Тоғыз дегенім түлкі

Жүрген жері күлкі.

Он дегенім оймақ

Осымен сөзді қоймақ.

Сан санадық мүдірмей,

Онға дейін кідірмей.

Келесі кезек жұмбақтар

Ал тыңдайық, балалар.

 

Үйрегім ау ,үйрегім,

Келіп жүр ме билегің?

Бесеу едің басында

Жүзіп кетті төртеуі

Қалды нешеу артында? (бір)

Жұмбақтың жауабын дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар. Балалар, ал сендер жұмбақ есеп білесіңдер ме? Кім айтады?

1. Бұлбұл әсем жырлайды. 2.Табақта бес алма.

Ел жұрт елтіп тыңдайды. Қолымда екі алма.

Төртке екіні қосқанда Қосқандабарлығы

Нешеу болып сайрайды? Болады неше алма?

 

3.Тал басында тізіліп Ізінше оның жұлынып,

Он жапырақ тұр еді. Түсті тағы бесеуі

Жел соқты да үзіліп, Тұр әлі де,ілініп

Ұшып кетті екеуі Жапырақтың нешеуі?

 

Жарайсыңдар, балалар. мінекей алыстағы тауға да жетіппіз. Кәне тауға қарайықшы қандай геометриялық пішінге ұқсайды? (суретпен жұмыс ) — Үшбұрыш

Дұрыс. Осы таудың ар жағында биік тал басында сандық тұр екен. Сандық қандай геометриялық пішінге ұқсайды? — Төртбұрыш.

Жарайсыңдар. Ал сандықтың ішінде жұмыртқа бар. Қарайықшы жұмыртқа қандай геометриялық пішінге ұқсас? — Сопақша.

Балалар, осы жұмыртқаның ішінде сиқырлы сөз бар. Ол қандай сөз екенін білгілерің келе ме? -Иә.

Олай болса. балалар,сиқырлы сөзге қол жеткізуіміз үшін мына тапсырмаларды орындауымыз қажет екен. Бәріміз назарымызды суретке аударайық.

— Таудың оң жағында 3 бұғы, сол жағында 5 қарақұйрық жайылып жүр екен. Кім тақтаға шығып осы жануарлардың санын салыстырып береді? (тақтамен жұмыс )

3 < 5 үш кем бестен

Келесі суретке қарайық. Таудың оң жағында 6 тал, сол жағында сонша тал өсіп тұр екен. Кім тақтаға шығып осы талдардың санын салыстырып береді?

6 = 6 алты тең алтыға

Өте жақсы ,балалар. Таудан өтіп сандық ілулі тұрған биік талға да жетіппіз. Биік талға бойымыз, қолымыз жете ме? — Жоқ.

Бізге не қажет? — Баспалдақ.

Олай болса мына баспалдақтағы есептерді шығарып сандықты алайық .

7+3= 8-2= 2+2=

( Жеке жұмыс. Есептер жазылған ақ парақтар тарату. Балалар дайын болған уақытта есептерді төменнен жоғары қарай оқыту.)

— Жарайсыңдар балалар, сендердің білімдерің арқылы сандықты да алдық. Бірақ та сандықтың аузында дәу құлып тұр. Енді сандықты ашу үшін бізге не керек? — Кілт.

Дұрыс айтасыңдар. Олай болса, балалар, 7 таяқшадан кілт құрастырайық.

(Таяқшамен жұмыс).

 

 

Кәне, бәріміз кілтті құрастырып болдық па? Өте жақсы. Ал енді құлыпты ашу үшін кілтті оңға, солға бұрау керек және бізге қаламмен қағаз керек. Таяқшаларды жиыстырып, жазуға дайындаламыз. Қазір мен шапалақ ұрамын сендер іштей санап сол санды қағазға жазыңдар. Сол кезде кілтті неше рет бұрау керек екендігін білетін боламыз. Дайынбыз ба?

3 7 5 8 (Есту диктантын өткізу. Балаларға хормен оқыту).

Сандық ашылды. Бірақ жұмыртқаны жармас бұрын бой жазып алайық.

Сергіту сәті:

Кәне орнымыздан тұрайық,

Суретке назар аударайық.

Мында неше дөңгелек?

Сенде айнал дөңгелеп.

Мында неше шырша?

Секір сенде сонша.

Мында неше жапалақ?

Болсын сонша шапалақ.

Сылаңдаған түлкі

Сыйла бізге күлкі.

Мынау қай сан?

Он.

Өз орныңа қон.

— Енді тақтаға қарайықшы.(Орманның суреті)

Не көріп тұрсыңдар? -Орман.

— Орманда нелер болады? (балалардың жауабы)

Дұрыс. Орманнан әдемі гүлдер теріп аламыз ба? — Иә.

Олай болса алдарыңда гүлдердің сабағы, жапырағы жапсырылған түрлі — түсті қағаз тұр. Сендер гүлдің сабағын санап неше сабақ болса, сонша гүл жапсыруларың керек. Тапсырма түсінікті болса кәне бастайық. (Жапсыру жұмысын жүргізу)

Жұмысты талдау ретінде балалардан: «Сенде гүлдің неше сабағы болды? Неше гүл жапсыр-дың?» деген сұрақтарға жауап алу.

Ал енді, балалар, жұмыртқаны жарып сиқырлы сөзді оқиық. Не деген сөз шықты?

Сыйлық.

Дұрыс айтасыңдар. Сыйлық. Балалар менің сендерге дайындаған сыйлығым бар. Бүгін сендер сабақта ойлана отырып, адаспай барлық тапсырмаларды орындадыңдар. Сол үшін мен сендерге мына әдемі шарларды сыйлаймын.

— Осымен сабағымыз аяқталды.

— Орнымыздан тұрайық.

Қонақтармен қоштасайық.

-Сау болыңыздар!

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.