Жасыл шырша жанында
Дәрібаева Айгерім Тарасқызы
Ақтөбе қаласы.№ 15 «Жидек» мектепке дейінгі ұйымының тәрбиешісі.
Жаңа жыл мерекесіне арналған «Жасыл шырша жанында» ертеңгілік сценариі
Жүргізуші: Қараңдаршы балалар
Ортада міне шырша бар
Сылдырлаған моншағы
Шыршамыздың мол шамы
Жаңа жыл бірлік береке берсін елімізге
Береке ырыс келсін жерімізге
Қоян жылын кең пейілмен қарсы алайық
Қуаныш шашу шашсын төрімізге
Би: «Қара жорға»
(Балалардың тақпақтары)
Ән: «Аппақ қар»
( Ән бітісімен балалар орындарына отырады)
Жүргізуші: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын шеше білесіңдер ме?
Балалар: Ия
Жүргізуші:
Шелек қақпақ басында
Сәбіз екен танауы
Қыста қардан туатын
Тауып көрші сен оны
(Аққала)
(Музыка ырғағымен ақққала шығады)
Аққала:
Жаңа жылда мереке
Ойын күлкі асқақ ән
Жаңа жылға жаңа кеп
Мерекені бастаған
Жүргізуші:
Төрлетіңіз аққала
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Бірге тойлап жаңа жылды бастайық
Сіздерге тарту әннен шашу шашайық
Аққала: Мен сендерге өз өнерімді ала келдім, келіңдер ырғақты ән салайық.
Ән: «Бұғының үйі»
Жүргізуші: Біздің де балаладың жаттаған өлеңдері бар қане айтып берейік.
( Балалар тақпақтарын айтады)
Аққала: Балалар сендер қандай өнерлі екенсіңдер енді ойын ойнап көрейік.
Ойын: «Суретпен қимыл-қозғалыс жасау»
Аққала: Балалар мен сендермен ойнадым, биледім, көңіл көтердім. Енді мен кетейін жолды қардан тазартайын. (шығып кетеді)
Жүргізуші: Ал енді қыздарымыздың өнерін тамашалайық.
Би: «Жаңа жыл»
Ән: «Буги Буги»
Жүргізуші: Балалар мен енді жұмбақ жасырамын. Шешіп көріңдер.
Ақсақалды шал жылына
Бір-ақ рет келіп кетеді
Қызыменен ұлына
Сыйлық алып келеді
(Аяз ата)
(Аяз атаның орнына қарақшы келеді де, шыршаны бір айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұрады.
Қарақшы: Пай-пай мен қайда келдім өзі? Мына шыршаның кереметін ай?
Жүргізуші: Қарақшы атай. (мән бермейді) Біз жаңа жыл мейрамын тойлап жатырмыз тимеңіз шыршаға. (қарақшы сөзге мән бермейді терін сүртіп қойып, сөзін айтады да, шығып кетеді қалтасынан жылтырақ бір таяқша түсіп қалады)
Жүргізуші: Балалар, мынау қарақшы не істеп кетті өзі? Шыршамыздың сәнін бұзып. Қане тұрмайық, шырша жырын жырлайық. Аяз ата кешікті ғой балалар. Мүмкін адасып кеткен болар. Қане балалар аяз ата мен ақшақарды шақырайық.
(Балалар шақырыды)
Есіктің артынан дыбыстар естіледі. Залға аяз ата мен ақшақар кіреді. Өз сөздерін айтады. Балалар амандасады)
Ақшақар: Менің жылтырауық пішінді, жүрекке ұқсайтын таяқшамды көрмедіңдер ме?
Жүргізуші: Жаңа мұнда қарақшы болған, ол жүгіріп бара жатып қалтасынан бір жылтырағын түсіріп алды, сол емес пе екен?
Жүргізуші таяқты береді.
Ән: «Жаңа жыл» (орындарында тұрып айтады)
Ақшақар:
О жараңдар қараңдар
Қызықтарын санаңдар
Келді бізге қонаққа
Ормандағы бар аңдар
Қане балалар келіңдер
Тақпақ айтып беріңдер
(Балалар тақпақтарын айтады)
Ақшақар: Жарайсыңдар, балалар мен сендерге әкелген бір биім бәріміз бірге билейік.
Би: «Оң жаққа бір….»
Аяз ата: Ой бәрекелді балалар. Өнерлі екенсіңдер!
Жүргізуші: Енді аяз ата ақшақар балаларымыздың орындауында
«Жастар биі»
Жүргізуші: Аяз ата, біздің балалар ән айтып, би биледі, өнерлерін көрсетті. Ал сіз не ұмыттыңыз?
Балалар: Сыйлықты.
Аяз ата: Ақшақар сандықтың кілті қайда?
Жүргізуші: Қандай кілт сұрап тұрсыз? Бағанағы шыршада ілініп тұрған кілт пе?
Аяз ата: Ия,сол шығар.
Жүргізуші: Ая ата ол кілтті қарақшы алып кетті. Ол тіпті шыршамызды да алып кеткісі келген.
Аяз ата: Қап, әттеген ай!
(осы кезде музыкамен қарақшы кіреді)
(өздерінің сөздерін айтады)
Аяз ата: Сау болыңдар балалар! (шығып кетеді)
Жүргізуші: Қүрметті қонақтар,балалар 2011-ші жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет. Жаңа жыл құтты болсын. Отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!

Саламатсыздар?! Мереке кутты болсын!
Арине, мунын барлыгы дурыс-ау, бирак осы 31 желтоксанды «Жана Жыл» мерекеси ретинде тойлаудын, манызын арттыра3-4 кун демалыс берудин жони бар ма екен?!.. Ол казактын кай атасынан мура болып калып еди жане кандай гылыми далелдемелери бар?
Менин ойымша, «Жана Жыл» алдагы уакытта «Наурыз» меркесинде тойланып, казак ушин биршама жакын осы меркенин ман-манызын дариптеп, осип келе жаткан урпакта сондай улттык салт-дастурге негизделген тусиник к4алыптастыруга умтылганымыз жон!..
Ал 31 желтоксанга келер болсак, конил котерер, куаныш сыйлар меркенин артыктыгы болар ма, оны да тойлайык, бирак мемлекеттик денгейде емес, жалпы дуниежузилик «Гажайыптар мен ертеги кейипкерлери» мерекеси ретинде тойласа жаксы болар еди?!…
Айтар ойдын туйини, мектеп окушыларынан бастап казак ушин жана жылдын «Наурыздан» басталатындыгы туралы озиндик улттык тусиник калыптастыру!..