Без рубрики

Жол ережесін білейік аман-есен журейік

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы
А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі
Байзенова Сандуғаш Қайратқызы

Тақырыбы: «Жол ережесін білейік аман-есен журейік»

Сабақтың мақсаты:Оқушылардың оқушылардың жолда жүру ережесін меңгеру дағдысын қалыптастыру және іс жүзінде жол ережесін сақтауға үйрету,сақтыққа үйрету.

Сабақтың көрнекіліктері:бағдаршам макеті,жол белгілерінің суреттері,

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

-Құрметті ұстаздар,оқушылар және қонақтар!

Бүгінгі : «Жол ережесін білейік аман-есен журейік» атты тәрбие сағатын тамашалауға қош келдіңіздер! Жол ережесін білу өмірімізді жазымнан сақтандырады.Оның сырын біліп,жол ережесін орындау баршамызға керек.

1-оқушы.

Көшеде жүру тәртібін орындамау көліктердің жүріп тұруына кедергі келтіреді,жұмысшылар жұмысқа,оқушылар сабаққа, басқа да баратын жерлеріне дер кезінде жетпеуі мүмкін.

2-оқушы.

Мектепке келе жатқанда өзіңе қауіпсіз болатын жолмен жүр,көшеде тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт.

3-оқушы.

Көшеде бағдаршам болмаса,

Кісі жоқ жөн сілтер өзіңе,

Кідірме,абыржып онда аса

Сенгейсің өзіңе көзіңе.

4-оқушы.

Көшеде ортаға жеткенше

Әуелі көзің сал сол жаққа.

Балақай,ортадан өткен соң,

Мойның салсол жақтан оң жаққа.

5-оқушы.

Мен білемін,бәрін мен деме,

Отырған жоқсың бөлмеде.

Машина өтіп кеткесін,

Жолаушы алға беттесін.

Шағын көрніс.Бірнеше оқушы көлік жүретін жолда бір-бірін қуып ,велосипед теуіп ойнап жүреді,кенеттен машина келіп біреуін қағып кете жаздайды.

Мұғалім.-Балалар,кездейсоқ қазаға көбіне адамдар жол ережесін білмегеннен кейін тап болады. Сондықтан жол ережесін білуіміз және ережені сақтауымыз керек.

Оқушылардан көшедегі «тілсіз» көрсеткіштерді қалай ұғынатындарын айтқызу,жол белгілері туралы білімдерін тексеру.

а)Жаяулар өтнтін жер

ә)Жаяулар өтуге болмайтын жер

б)велосипедпен өтуге болмайтын жер

в) велосипедпен өтуге болатын жер

г)жолдар қиылысы

Осы сұрақтарға жауап алу кезінде «тілсіз» көрсеткіштердің бояу түстерін ажырату дағдысын жетілдіру.

1-оқушы.

Қызыл жарық жанғанда

Қалт тоқтай қал табанда.

2-оқушы.

Сары шамы жағылса,

Сақ ,абай бол барынша.

3-оқушы.

Жасыл жарық -жол ашық ,

Зымырай бер ,бел асып.

Бағдаршам:

Бейғам кісі-бейбақ,

Балбыр,бейғам болма.

Бас аяқтыойлап,

Бол ұқыпты жолда.

Оқушылар саз әуенімен ортаға жиналады,хормен: «Жол ережесін білейік аман-есен журейік»деп аяқтайды.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.