Без рубрики

Жасыл дәріхана

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы
А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі
Байзенова Сандуғаш Қайратқызы

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.
Білім көздері: Экология негіздері.
Тақырыбы:Жасыл дәріхана.

Мақсаты:1. Жасыл дәріхан және оның қажеттілігі жөнінде түсінік беру.

2. Емдік қасиеті бар өсімдіктермен таныстыру, оларды қажетті мөлшерде ғана жинап, өзге өсімдіктерге зиян келтірмеу жағын ескеруге үйрету.

3. Табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: итмұрын, жолжелкен, түймедақ және т.б.

Іс –әрекет

бөлімдері

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді ояту.

Жылулық шеңберін ұйымдастыру. Қолдарындағы әдемі жүректі бір-біріне беріп тұрып, тілектерін айтады. Жылы сөздер айту арқылы амандасады.

Ізденістер.

Ұйымдастыру.

 

М. Жаманбалиновтың «Итмұрын тергенде» өлеңін мәнерлеп оқып беру.

 

Балалармен жасыл дәріханаға серуен ұйымдастыру. Дәрілік өсімдіктермен таныстыру. Неге «дәрілік» өсімдіктер деп аталатынын түсіндіру.

 

Балаларға дәрілік өсімдіктердің түрлерін көрсетіп, қай өсімдікті қандай ауруға пайдаланатыны туралы түсіндіру.

Мысалы: Түймедағы гүлін тамақты шайқауға пайдаланады.

 

Дәрілік өсімдіктерді белгілі бір мерзімде жинау керек екендігі және оны жинау кезінде басқа өсімдіктерге зиян келтірмей белгілі мөлшерде ғана жинау керектігін түсіндіру. Балаларды дәрілік өсімдіктерге қамқор болуға тәрбиелеу.

 

Сергіту жаттығуын өткізу.

Қане, қане, тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Тұрсақ енді шеңберге,

Алақанды ұрайық.

Бишілерше бұралып,

Дөңгелене тұрайық.

 

Әліппе-дәптермен жұмыс. Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Дәрілік өсімдіктердің тағы қандай түрлерін білесіңдер?

  2. Өздерің тұратын жерде өсетін дәрілік өсімдіктердің түрін атаңдар.

  3. Жолжелкеннің қандай пайдасы бар?

  4. Суреттегі өсімдіктерді бояту.

 

Балалар өлеңді мұқият зейін қойып тыңдайды.

 

Дәрілік өсімдіктерді зер сала қарап көреді, түсінеді.

 

 

 

Қолдарымен ұстап көріп есте сақтайды.

 

 

 

 

Дәрілік өсімдіктердің жинау мерзімін біледі.

 

 

 

 

 

Өлең жолдарын қайталап, дене жаттығуларын жасайды.

 

 

 

 

 

 

Тапсырмаларды дұрыс орындау үшін әрекет жасайды.

Қорытындылау

Мадақтау

Оқу іс-әрекетті бекіту үшін қойылатын сұрақтар:

Тамақ ауырғанда қандай шөптер пайдалану керек?

Дәрілік өсімдіктерді қалай жинайды екен?

Балалар сұрақтарға дұрыс жауап беруге тырысады.

 

Күтілетін нәтиже:дәрілік өсімдіктердің пайдасы мен зиянын ажырата алу.

Білуі тиіс:емдік қасиеттері бар өсімдікдердің пайдасын білу.

Көрсете білуі:берілген сұрақтарға дұрыс жауап беру .

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.