Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы
А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі
Байзенова Сандуғаш Қайратқызы
Білім беру саласы: Қатынас.
Білім көздері: Көркем әдебиет.
Тақырыбы: Ауылда.
Мақсаты: 1.Ауыл қала туралы түсінік алады.
2.Әңгімені түсіндіру барысында сөздік қорларын,сөйлеу мәдениетін,ойлау қабілетін дамыту.
3.Үлкенді сыйлай білуге тәрбиелеу.
Іс –әрекет бөлімдері |
Педагогтың іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру. Сезімді ояту. |
Жылулық шеңберін ұйымдастыру. Қолдарындағы әдемі жүректі бір-біріне беріп тұрып, тілектерін айтады. | Жылы сөздер айту арқылы амандасады. |
Ізденістер. Ұйымдастыру.
|
-Бүгін ауа райы қандай? -Айналада қандай өзгерістер бар? -Жылдың қай мезгілі? -Жазғы демалысты қайда өткіздіңдер? -Ауыл,(қала)сендерге несімен ұнайды? -Балалардың жауаптары тыңдалады. Тыныштық сәті: Балалар үнтаспадан табиғат дауыстарын тыңдайды және көз алдарына елестетеді. Көздерін жұмады. -Дала табиғат қандай тамаша!Айнала жап-жасыл ,тамаша ауа.Сайраған құстардың үні,өзеннің сарқыраған дауысы естіледі.Таза ауаны терең жұтайық. Көзімізді ашайық. Дәптермен жұмыс.Н.Қадырбаевтың «Ауылда »әңгімесімен таныстыру. Сергіту сәті: Атамның алып күрегін, Ауланың қарын күредім, Әжеме құдықтан су әкеліп беремін, Еденді де жуамын,шаң тозаңды қуамын. Дидактикалық ойын: «Айырмашылығын тап» Қаланың және ауылдың суреті берілген.Суретке қарап айырмашылығын табады. |
Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді.
Үнтаспадан табиғат дауыстарын тыңдайды,көз алдарына ауылды елестетеді.
.
Балалар әңгімені зейін қойып тыңдайды.
Сергіту сәтін орындайды.
Тапсырмаларды дұрыс орындау үшін әрекет жасайды. |
Қорытындылау Мадақтау |
Оқу іс-әрекетті бекіту үшін қойылатын сұрақтар: -Балалар сендер ауылға қонаққа барасыңдарма? -Ауыл сендерге ұнай ма? -Несімен ұнайды? |
Балалар сұрақтарға дұрыс жауап беруге тырысады. Өз ойларын ортаға салады. |
Күтілетін нәтиже:
Білім: Ауыл,қала туралы түсінік алады.
Білік: Ауылға деген қызығушылығы артады.
Дағды: Ойын еркін жеткізуге дағдыланады.