Без рубрики

Я дыбысы мен әрп

Ақтөбе облысы
№6 Хромтау гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі
Кысырауова Шынар Андебековна
Пәні: сауат ашу
1 сынып

Тақырыбы. Я дыбысы мен әрпі.

Мақсаты. Я дыбысы мен әрпін таныту.

1.Оқушыларға я дыбысы арқылы берілген сөздерді дұрыс оқып, жаза білуге үйрету. «Ұя» атты өлеңді мәнерлеп оқуға  машықтандыру.

2.Я дыбысы қатысты жаңа сөздерді білдіру арқылы оқушылардың жалпы ой-өрісін,тілін,танымын дамыту .

3.Оқушылардың құстарға деген сүйіспеншілігін арттыру және оны қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекті құралдар: қима әліппе,я әрпінің баспа және жазба түрі, қияр,

шаян, қоян,тақия, пияз суреттері;текшелер.

Сабақтың түрі: жаңа ұғымды түсіндіру.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,ауызша,жазбаша,талдау әдісі,жұмбақ шешу,өзін-өзі тексеру, мәнерлеп оқу, ойын.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушылардың пәнге қатысты оқу-құралдарының даярлығын қадағалау;

ә) Психологиялық даярлық.

Орнымыздан тұрайық

Жан-жағымызға қарайық.

Қандай сабақ болса да

Оқып оны талдайық.

2. Өткенді пысықтау.

-Балалар, өткен сабақта біз қандай дыбыспен таныстық?

-Г дыбысы мен әрпі.

-Г дыбысы қандай дыбыс?

— Г дауыссыз дыбыс екенін текше арқылы көрсетеді.

— Г дыбысына қатысты қандай өлеңмен таныстық?

— «Ақ көгершін» әні. Әнді айтқызу.

3. Қызығушылығын ояту.

Жұмбақ шешейік. Жесең ащы,

Көзіңнен шығарар жасты.

Жауабы: пияз.

-Балалар,пияз сөзінің ішінен өздеріңе таныс емес дыбысты атайық.Ол қандай дыбыс?

Білетіндерің болса айта қоялық.

-Я дыбысы.

-Сонымен,бүгінгі өтетін тақырыбымыз қалай аталады екен?

-Я дыбысы мен әрпі.

-Олай болса,өтілетін жұмыстардың барлығы я дыбысына қатысты болады.Сондықтан да

сабақты мұқият оқып,талддап,меңгеріп алуға ат салысайық.

4.Жаңа мағынаны талдау.

а)Я дыбысының баспа және жазба түрімен таныстыру.

Яя-жазба. Яя-баспа

Я- дауысты дыбыс.

Я дыбысын хормен айтқызу.

Қолымызға қалам алып,я дыбысын ауада жазып көрейік.

1-інші жазғанда неге ұқсады?

2-інші жазғанда қандай әріпті таңбаладың?

3-інші жазғанда қандай әріпті жаздың?

Оқушыларға я әрпінің жазылу элементтерін бірнеше рет жазып көрсету.

 

Я дыбысының артикуляциясын меңгерту.

-Я дыбысы й+а дыбыстарының қосындысынан тұратындығын, оның осы екі дыбыстың қосарлана айтылуынан жасалғанымен, бір әріппен ғана таңбаланатынын ұғындыру.

Пияз сөзіне дыбыстық талдау жасату.

5.Сөздік жұмыс.

Баған түрінде берілген сөздерді оқушыларға оқыта отырып, әр сөзге түсінектеме беру.

Аяқ-дене мүшесі.

Таяқ-сүйеніш құралы.

Қоян-аң.

Шаян-жәндік.

Қияр-көкөніс.

Пияз-көкөніс.

Аяз-табиғат-құбылысы.

Тақия-бас киім.

6.Өз мүмкіндігіңді пайдалан.

1.Берілген сөздерді топпен оқыту.

2.Жеке оқыту.3.тізбектеп оқыта отырып, әр сөзде неше буын және я әрпі сөздің қай бөлігінде кездесіп тұрғанын айтқызу.

7.Сергіту сәті.

-Балалар қоянның баласы қалай аталады?

-Көжек.

-Олай болса, көжек болып сергіп алайық.

Ал, кәнекей,лөжектей

Ырғып-ырғып алайық.

Шөпке тойған көжектей

Танаудан дем алайық.

9.Оқулықпен жұмыс.

1) Жұмбақ шешу.

Тал басында

Тамаша үй.(Ұя)

2)Қазір енді «Ұя» атты өлеңмен танысамыз.

1.Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқып беру.

2.Мазмұнын ашу,әңгімелеу.

3.Жартылай дауыста өлеңді өз бетінше оқыту мәнерлеп оқөуға машықтану.

4.Тізбектеп оқыту.

10.Дәптермен жұмыс.

Дәптерде берілген үлгіні әдемі етіп жазуды тапсыру.

11.Суретпен жұмыс.

Сурет бойынша әңгіме құрайық.

Нұрлан тақтайдан ұя жасады. Ұяны талға іліп қойды. Құстар ұяға мекендеді.т.б.

12.Көру диктанты.

Ұя, қоян, пияз. (Өзін-өзі тексеру)

13. «Кім шапшаң?» ойыны.

Берілген дыбыстардан сөз құрастырып айту. (з, а, р, и, я, п.).

14.Қорытындылау.

-Қане балалар!

Өлең айттық, жұмбақ шештік.

Сонымен сабақта

Нені оқып үйрендік?

15. Мадақтау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.