Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы,
«№34 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ,
Жоғары санатты химия пәнінің мұғалімі
Зиадина Ақмарал Тәттібекқызы
Сабақтың тақырыбы: Біратомды қаныққан спирттер
Сабақтың мақсаты: Оқушылар біратомды қаныққан спирттер тақырыбын қорытындылау.
Дамытушылық мәні: Оқушылар ұжымдасып жұмыс істеу, басқаларды тыңдау, өз көзқарасын дәлелдеп қорғай білу біліктілігін дамыту.
Тәрбиелік мәні: Салауатты өмір салтын насихаттау, жат қылықтан аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дебат
Сабақтың көрнекілігі: таратпа материал, сематикалық карта, графикалық диктант, кесте
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Ортаға дебатқа қатысатын оқушыларды шақырамын.
І топ Жақтаушы Спирт- дән суы
ІІ топ Даттаушы Спирт- наркотик
1 оқушы таим киппер (уакыт- регламенттін бақылайды)
ІІІ. Қорытындылау (Таратпа материалмен жұмыс)
IV. Бағалау
V. Үйге тапсырма
Спирт өндіру керек пе, жоқ па?
Адамдар өте ерте кезден- ақ XVI ғасырда алхимиктер арақ жасап, дәріханада дәр ретінде сақтаған. Алғашқы кезде оны сирек пайдаланған. Бірте- бірте балсыра(5-7º) болатын ішімдік ретінде, кейін сүйікті көңілдендіргіш сусынына айналған. Спирт ішімдігі адамның қас жауы, ол адам организмдегі барлық мүшелердің қызметін бұзады. Адам не істегенінде байқамайды, қылмысқа итермелейді. Адамды су қараңғы соқыр етеді. CH3OH 30 мл адамды өлтіріп жібереді.
І топ Жақтаушы
1 спикер
Тақырыбы: Спирт дән суы
Мақсаты- спирттердің пайдалануын жан- жақты қолданысқа енгізу
Аргументі: Спирт- дән суы
Фактілер- Медицинада қолданылуы, шығу тарихы, күнделікті тұрмыста қолданылуы
Қорытындылайды.
ІІ топ Даттаушы
-
Ребатыл— Сөйлеген сөзге тиісіп шығады
-
Өз аргументтін келтіріп басқа мысалдар айтады
-
Қорытындылайды.
3 спикер
Өз спикерлерін мақтайды. Даттаушымен салыстырады.
Жақтаушы топ
І спикер
1. Амандасу: Армысыздар ағайын, жиналған жамағат, әділ- қазы алқасы, уақыт төрешісі және менің қарсы абонентім.
2. Таныстыру:
1 спикер- Жарасбаева А.
2 спикер- Бердікенова С.
3 спикер- Рахымбаева А.
3. Тақырыбымыз: Бір атомдық қаныққан спирттердің қарапайым өкілі- Этил спирті.
4. Резалюция: «Спирт- дән суы»
5. Т.анықтама
Бір атомды қаныққан спирттер— түссіз сұйықтар, суда ериді. Ең қарапайымы метанол CH3OH.
Қайнар көзі- органикалық химия 99 бет.
Спирттер— молекуларында көмірсутек радикалымен байланысқан бір немесе бірнеше функционалдық гидроксил топтары бар органикалық заттарды атайды.
Өкіл- ол белгілі бір жүйедегі бір заттың мүшесі.
Қайнар көзі- биология 6 кл. 60 бет.
Этил спирті- C2H6O өзіне тән иісі бар түссіз сұйықтық, судан жеңіл(оның ρ=0,8 г/см3), 78,3 ºC қайнау температурасы, суда жақсы еритін бейорганикалық және органикалық заттардың еріткіші.
6. Мақсат
Химияның ертеңгі болашағын айқындайтын түссіз судың құдіреті. Алғашында XV ғ. Этиль спиртіне “алкоголь” деген ат берген неміс ғалымы Теорфаст Тарауельс. Араб тілінен аударғанда “Жіпше ұнтақ” деген мағынаны береді. Бүгінгі осы химиялық қоспа ертең біздің өнеркәсіпте, әсіресе медицинада өз үлесін қосары айқын. “Ауырғанда жан тәтті” дегендей спирттсіз өтпейтін кемде кем операция жоқ. Ел іргесінің ертеңі биік болсын ағайын.
7. Аргументтер
-
«Спирт- сұлулық айнасы» — қазіргі заманда қолданып жатқан хош иісті заттар, бояулар, парфюмерия заттарды жасау үшін спирт қолданылады. Кез келген парфюмерия затын алып, оның құрамына қарасақ, онда әрқашан да спирт өнімдері болады. Мысалы: хош иісті сулар(духи, қолға жағатын крем).
-
«Экономиканың қарқынды сатысы»- елдің экспортқа тауарларды шығару, елдің экономикасын көтереді. Осы тауарлардың ішінде спирттен өндіретін заттар кездеседі. Мысалы: франция өзінің хош иісті заттар суларымен дүние жүзіне әйгілі. 1980 жылы Италия дүние жүзілік экспорттан бірінші орын алды. Неге? Себебі оның басты өнімі жүзімді өңдеп, шарап жасаған.
-
«Глицерин- қопарғыш зат». Глицерин қопарғыш заттар жасау үшін қолданылады. Ал қопарғыш заттар пайдалы қазбаларды алу үшін өте қолайлы. Мысалы: көмірді алу үшін шахталар қазады. Бұл шахталар қопарғыш заттар арқылы қазылады.
Даттаушы топ
Тақырыбы: Бір атомды қаныққан спирттер
Тобымыз: Метанол
Таныстыру:
1-ші спикер: Арай
2- ші спикер: Назым
3- ші спикер: Балжан
Резалюциямыз: Спирт- наркотик
Анықтама: Молекулаларында көмірсутек радикалымен байланысқан бір немесе бірнеше функционалдық гидроксил топтары органикалық заттар- спирттер деп аталады.
(Қазақ сөздігі С тобы 236 бет).
Мақсат: Спиртті пайдалану- адам өміріне балта шабу.(Кіріспе жасау).
-
Аргумент
Аз пайдаланып, көпке тәуелді болу
-
Аргумент
Жұмысқа жарамсыз жастар – артта қалған экономика.(Факт)
Қорытынды сөз.
Сұрақ Жауап
Кіріспе: Спирт- ол наркотик. Оны пайдаланған адам, оғпн тәуелді болады. Ол алкоголизм дертіне әкеп соқтырады. Ал алкоголизм адамдардың соры, адам өміріне балта шабады.
1 аргументке факт: (СПИРТ XX ғасырдың басында товар ретінде пайдаланды). Егемен Қазақстан 2001 жыл, 5 маусым, 4 бет. Қазіргі заманда ол жаман әдеттерге енген адамзаттың сроры: Адам ағзасына әсер етеді. 1) медициналық жағынан қарастырғанда (мишық- іс- әрекет бұзылады, орталық ми сыңарлары, тепе- тьеңдік бұзылады), 2) психологиялық тұрғыдан қарағанда(қарым- қатынас, жанұя), 3) қоршаған орта(транспорт, әлеуметтік зардап). 1 рет пайдаланған алкоголь адам ағзасында 1 апта қанның құрамында болады(Жалпы биология 133 бет).
2 аргуметке факт: Дүние жүзінде алкоголизм дертіне жылына 1 млн 658 мың адам қайтыс болады. (Егемен Қазақстан 16 сәуір 2001 жыл, 6 бет). Қазіргі таңда жасөспірімдердің 65 % алкоголизмді пайдаланады немесе дәмін тартып көрген. (Егемен Қазақстан 7 қараша 2002 жыл, 3 бет). Адам ағзасы нашарлайды жұмысқа жарамсыз жастар көбейеді. Экономика артта қалады.
Ұсыныс: әр адам 30 жасқа дейін темекі тартпай, арақ ішпей өмір кешсе, ұрпақ дүниеге әкелсе, 30- дан кейін спиртті пайдаланса. Онда экономикада тұрлаулы, ұрпақтың да дені сау болар еді!
Критерий: 1. Шараптың құрамында спирт болады деп.
2. Қопарғыш заттар
Таратпа материалмен жұмыс
-
Кестені толықтырыңыз:
Агрегаттық күйі Зат |
Газ |
Сұйық |
Қатты |
C2 H5OH |
|
|
|
C2H4(OH)2
|
|
|
|
C6H5OH
|
|
|
|
2.
№ |
Зат Жалпы сипаттама |
Этанол |
Этандиол |
Фенол |
1 |
Молекулалық формуласы |
|
|
|
2 |
Құрылымдық формуласы |
|
|
|
3 |
Байланыстардың түзілуі |
|
|
|
4 |
Алынуы а) өндірісте ә) зертханада |
|
|
|
5 |
Физикалық қасиеті |
|
|
|
6 |
Химиялық қасиеті |
|
|
|
7 |
Қолданылуы |
|
|
|
-
Графикалық диктант: C2 H5OH, C6H5OH, CH2— CH2
׀ ׀
OH OH
Дұрыс жауапқа «-», қате жауапқа «^» белгісін қойып график сыз.
-
Спирттер класын құрайды
-
Еріткіш
-
Түссіз кристалды зат
-
Антифриз
-
Натриймен әрекеттеседі
-
Ылғал тартады
-
Дегидраттанады
-
Тез балқиды
-
Ашық көгілдір түсті мыс глицератын түзеді
-
Медицинада наркоз ретінде қолданылатын зат түзеді
-
Қопарғыш зат- нитроглицерин
-
Операция жасалатны жерді жансыздандыратын хлорэтан алады
-
Дезинфекциялауда пайдаланады
-
Пластмасса алады
-
Майлар жасау үшін қолданылады
Бағалау: Сабаққа қатысушы мұғалімдер дауысты этанол тобына берді. Метанол тобы «жақсы» деген баға, Этанол тобы «өте жақсы» деген баға алды.
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
«Адамға зиян тигізбей,
Ғаріптің көңілін күйгізбей,
Шайтанға беттен сүйгізбей
Жүрегіңді нұрмен жу!»
Шәкәрім атамыз айтпақшы, жүрегіміз таза, нұрлы болсын!
Үйге: § 25- 28 қайталау.