Без рубрики

Интеллектуалды ойын сабағы

Ихсанова Айсамал Гайнуллаевна
1 кәсіптік колледж

қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы

16 – желтоқсан күні Қазақстан өзінің төл мерекесі – тәуелсіздік күнін тойлады. Бұл біздің ата – бабаларымыздың үш жүз жыл бойы аңсаған арманы, қуанышы, үміті. Бұл арманның, бұл жеңістің қызығын бүгінгі күні сендер көріп отырсыңдар. Сендер бақытты, тәуелсіз, егеменді мемлекеттің азаматтарысыңдар. Бұрын Қазақстанды, қазақтарды ешкім біле бермейтін. Қазір тәуелсіздігіміздің арқасында бізді бүгін бүкіл ел біледі. Сендер тәуелсіз елде 16 жыл өмір сүріп жатырсыңдар. Сондықтан ел, жер тарихы туралы білесіздер. Олай болса, бүгінгі сабақта біздер «Қазақстан» тақырыбына тоқталамыз. Ең алдымен 3 топқа бөлінеміз.

І топ – «Болашақ»

ІІ топ – «Бәйтерек»

ІІІ топ – «Астана» деп аталады.

 

Сайыстың бөлімдері:

І. «Ассоциация құру»

ІІ. «Дұрыс па, бұрыс па?»

ІІІ. «Мың бір мақал»

ІY. «Әнді тап»

Y. «Менің есімім»

YІ. «Түбір мен қосымша»

Әр бөлімге әділқазылар 10 ұпайдан беріп отырады.

 

І. «Ассоциация құру» деп аталады. Мұнда біздер Қазақстанға тән сөздерге тоқталамыз. Мысалы, Америка дегенде сіздердің естеріңе доллар, хот-дог, кол т.б сөздер түседі. Ал, Қазақстан дегенде қандай сөздерді мысалға келтірер едіңдер. (Әр топ өздерінің сөздерін қағаз бетіне топ болып жазады)

 

ІІ. «Дұрыс па, бұрыс па?» деп аталады. Мен өз ойымды айтамын, дұрыс болса сендер қол шапалақтайсыңдар, бұрыс болса аяқтарыңды тарсылдатасыңдар. Сонымен бастайық.

  1. Бәйгі – қазақтың ұлттық ойыны.

  2. Бешбармақ – француздардың ұлттық тағамы.

  3. Наурыз – шығыс халықтарының мейрамы.

  4. Хачапури – қазақтың ұлттық тағамы.

  5. Илья Муромец – қазақтың батыры.

  6. Масленица мейрамында орыстар бауырсақтар пісіреді.

  7. Түйелер тікенекті сүйсініп жейді.

  8. Қымызды сиыр сүтынен жасайды.

  9. Наурыз айы күз айында басталады.

  10. Мектепте біз дұрыс жазуға үйренеміз.

  11. Әлібек Дінішев – Италия әншісі.

  12. Семей жері Абай, Шәкәрім, Мұхтар Отаны.

  13. Абай – орыстың ұлы ақыны.

  14. Қазақстанның астанасы – Алматы.

  15. Қазақстан – біздің Отанымыз.

 

Келесі ІІІ байқау «Мың бір мақал» деп аталады. Әр халықтың өзіне тән мақалы бар. Қазір мен сіздерге орыс халқының мақалын айтамыз, сендер осыған ұқсас қазақтың мақалдарын айтыңдар.

  1. Заставь дурака богу молиться, он и лоб расшибет. (Шаш ал десе, бас алады).

  2. Ласковое слово и кошке приятно. (Жылы жылы сөйлесең, жылан інінен шығады).

  3. Слово не воробей, вылетит, не поймаешь. (Айтылған сөз – атылған оқпен тең).

  4. Нет дыма без огня. (Жел болмаса, шөптің басы қимылдамайды).

  5. Словом и убыть можно. (Жыланның уы тісінде, адамның уы тілінде).

  6. Не рой яму другому, сам в нее попадешь. (Біреуге ор қазсаң өзің түсерсің).

 

ІY. «Әнді тап» деп аталады. Оқушылар, бәрімізде ән айтқанды жақсы көреміз. Олай болса, мен қазір қазақша ән айтамын, сіздер орысша соған ұқсас әнді айтуларың керек.

  1. Жел теңізден соқты, Жел теңізден соқты. Сен маған айттың Сен маған айттың Енді келмеймін, Енді келмеймін. («Ветер с моря дул»)

  2. Шөпте шегіртке отыр, Шөпте шегіртке отыр. Тіпті қияр сияқты Жап – жасыл ол болады. («Кузнечик»)

  3. Орманда шырша туды, Орманда ол өсті. Қыста да, жазда да шыршамыз, Жап-жасыл ол болады. («Елочка»)

  4. Айтады жолың болмайды, Қара мысық оны кессе, Ал, әзірге керісінше, Тек мысықтың жолы болмайды. («Черный кот»)

  5. Мені өзіңмен бірге шақыр, Қатал қара түнмен келем. Мен сенің соңыннан барам, Жолда қиындық кездессе де. («Позови меня собой»)

  6. Мен деген сен, сен деген мен. Енді бізге ешкімнің керегі жоқ. Қазір өзімде бардың бәрін, Мен тек жалғыз саған берем. («Я – это ты, Ты – это я»).

 

Келесі Y бөлім «Менің есімім» деп аталады. Әр адамның есімі нені білдіреді, оның шығу тарихы неге байланысты болғанын әркім біледі. Олай болса, мен сендерге орысша сөз тіркестерін айтамын, сіздер олардың қазақша баламасын табасыңдар.

  1. Красивая как луна –

  2. Лунная душа –

  3. Торжество –

  4. Ласточка –

  5. Надежда –

  6. Утренняя звезда –

  7. Жемчуг –

  8. Красивая – Любовь –

  9. Мужественная душа –

  10. Гранат –

  11. Глаза как у верблюда –

  12. Гражданин –

 

Соңғы бөлім «Түбір мен қосымша» деп аталады. Қазақтың есімдері бірнеше қосымшалар қосылу арқылы жасалады. Олай болса мен сіздерге үш түрлі түбір сөз беремін сіздер соған байланысты адам аттарын жазыңдар.

І топ – Ай

ІІ топ – Гүл

ІІІ топ – Ер

Байқау аяқталған соң жеңімпаз топ анықталып, марапатталады.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.