Без рубрики

Америкада оқығың келсе…

Ихсанова Айсамал Гайнуллаевна
1 кәсіптік колледж

Қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы

Сабақтың тақырыбы: Америкада оқығың келсе…
Сабақтың граматикалық тақырыбы: Бастауыштан кейін қойылатын сызықша.

Сабақтың мақсаты: Тарих табыстырған, тағдыр тоғыстырған Америка Құрама Штатымен ынтымақтастығымыздың маңызын дәріптеу; Тілді үйрену белсенділігін арттыруға түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жағдай жасау, сөздік қорларын, ой — өрістерін дамыту, шығармашылыққа баулу, жаңа сөздерді меңгерту; Елін, жерін сүюге, патриоттық сезімге тәрбиелеп, адами қасиеттерге, оқу-білімге үндеу; Қазақстанның болашағы – сауатты, білімді жастар екенін ұғындыру.

 

Сабақтың түрі:

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, талдау, салыстыру, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Қазақстан, АҚШ-тары туралы презентация, карта, топшамалар, оқулық.

Пәнаралық байланыс: Орыс тілі, шет тілі, география, музыка, тарих, информатика.

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен амандасып, түгендеп, сабаққа дайындықтарын байқап, жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру;

а) – Саламатсыздар ма?

— Көңіл – күйлеріңіз қалай?

— Сыныпта кім кезекші? Сабақта кім жоқ?

— Қазір жылдың қай мезгілі?

— Бүгін аптаның қай күні?

 

ә) — Әрбір адам?

— Туысым, досым, жұрағат.

— Әрбір ісім?

— Тірлік, тірек, адамдық.

— Әрбір сабақ?

— Үйрену, ұғу, ұлағат.

 

Үй тапсырмасын тексеру: АҚШ пен Қазақстанның қарым – қатынасы тақырыбы бойынша оқушылардың информатика пәнінде дайындап келген презентацияларын тыңдау.

  1. Америка Құрама Штатттары.

How do you do dear Kazakh people!

I shall tell you about the United states of America.

— Армысыздар, құрметті қазақстандықтар! Мен сіздерге бүгін алыстағы Америка Құрама Штаттары туралы әңгімелеймін.

Америка Құрама Штаттары — әлемдегі ең үлкен мемлекеттердің бірі. Ол жерінің ауданы жөнінен Ресей, Канада, Қытайдан кейін төртінші орын алады. АҚШ аумағының негізгі бөлігі Солтүстік Америкада орналасқан.

Халқы – 290 адам.

Астанасы – Вашингтон.

Мемлекет басшысы – Президент, яғни Джордж Буш.

Мемлекеттік тілі – ағылшын тілі.

Ұлттық валютасы – америка доллары.

Мемлекеттік құрылымы жөнінен АҚШ 50 штаттан тұратын федерациялық республика. Экономикасы туралы айтатын болсақ, жаңа технологиялар, электрондық және компьтерлік техника, автомобиль және ұшақ жасау тағы басқа салалар бойынша әлемдегі ең үздік ел. АҚШ – та білім беру саласы да өте жақсы дамыған. Мұнда 3500-ден астам университет пен колледж бар, оларда 450 мың шетелдік студенттер білім алады.

Халқының 66,4 пайызының жеке баспанасы бар. Әрбір отбасының орташа жылдық табысы 37 мың долларды құрайды.

Қорыта келе айтарымыз, Сіздерді және Қазақстан халқын өткен наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Қазақстан соңғы он бес жылдағы табыстарымен мақтануы тиіс. Сол сияқты Сіздердің мемлекетіңіздің өркендеп дамуы кезінде Америка тарапынан Қазақстанның еркіндігіне, қауіпсіздігіне, тұрақтылығы мен егемендігіне қолдау көрсетілетінін қуаттаймыз. Құрама Штаттар мен Қазақстанның арасындағы қатынастар нығая беретініне сенімдіміз.

Американ халқының атынан Сіздерге және Қазақстан халқына алдағы жылдарда да қазіргідей қауіпсіздік, бейбітшілік және гүлдену тілейміз.

 

2. Қазақстан Республикасы:

Қазақстан – азат ел. Бірақ бұл азаттық қазақ халқына оңайлықпен келген жоқ. Азаттық жолындағы күрес тарихының тамыры тереңде.

Жұбан Молдағалиев айтқан екен:

«Мен қазақпын. Өз елімді мақтан тұтамын. Маған оның қым – қуыт тарихы, одан да гөрі бүгінгі күні қымбат»

Бүгінгі күні еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Тәуелсіздікке жету жолында көп қиыншылықтарды бастан кешірсек те, соның бәрін жеңе білдік.

Қазақстан Республикасының территориясы бес мемлекетпен шектесіп жатыр (Ресей, Қытай, Қырғыстан, Өзбекстан, Түркіменстан).

Халқы – 16 млн.

Астанасы – Астана қаласы.

Мемлекет басшысы – Президент, яғни Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Мемлекеттік тілі – қазақ тілі.

Ұлттық валютасы – теңге.

Аумақтық құрылымы – унитарлы мемлекет.

Қазақстан өз мемлекеттігін құру жолында өз рәміздерін қабылдады. 1992 жылы маусымда Туы, Елтаңбасы бекітілді. Өз әнұраны жарияланды. 1993 жылы 28 қаңтарда тұңғыш Конституциясы қабылданды. Республика президенті жастардың білім алуына көп көңіл бөлуде. Әсіресе Қазақстан Республикасы үшін АҚШ пен ынтымақтастық аса маңызды, олардан республика экономикасына көптеген инвестициялар алынды. АҚШ Қазақстанға мәдениет пен білімді дамыту саласында үлкен қолдау көрсетті. «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде Қазақстан студенттері АҚШ, Франция, Германия оқу орындарында оқуға мүмкіндік алды.

«Болашақ – білімді жастардың қолында» — деп Н.Ә.Назарбаев айтқандай, біз болашақтың тұтқасымыз.

Қорыта айтсақ, Сіздерді «Ұлыстың ұлы мерекесі — Наурыз» мерекесімен құттықтаймыз. Бейбітшілік сүйгіш саясаттың арқасында достығымыз нығая берсін.

Алға Қазақстан, гүлдене бер Қазақстан!

 

— Сонымен, балалар біз сіздер дайындап келген презентацияларыңнан біршама нәрсені аңғардық. Бірақ екі мемлекетті салыстыруға болмайды. Өйткені АҚШ әлемдегі ең үлкен мемлекеттердің бірі, оның тәуелсіздік алғанына да 200 жылдан астам уақыт өтті. Ал біздің мемлекетіміздің тәуелсіздік алғанына небары 17 – ақ жыл болады. Сондықтан да Мұхтар Омарханұлы Әуезов айтқандай: «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе — білім» деген пікірімен келісуге болады. Осы жерде Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің көрегендігімен тағы бір көзге түсті. Ол 1993 жылы әлемдегі ең үздік университтерге жастарды жіберу туралы шешім қабылдады. Осы негізде ол «Болашақ» бағдарламасын құрды. Және де қателеспеді. Олай болса, бүгінгі сабақта біз осы бағдарлама негізінде шет елде білім алып жатырған жастар туралы айтамыз. Сол себепті де сабағымыздың тақырыбы «Америкада оқығың келсе…» деп аталады.

— Сіздердің алыстағы шет елдерде оқығыларың келе ме?

 

«Болашақ» бағдарламасы:

Мақсаты: талантты жастарға шет елде сапалы білім беру;

Құрылған уақыты: 5 қараша, 1993 жыл.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша үміткерлер 32 мемлекетте білімдерін жетілдіре алады. 2005 жылға дейін оның саны небары 13 еді. 1114 үміткерлердің ішінен қазіргі кезде 325 адам мемлекеттік органдарда, ұлттық компанияларда жұмыс істейді. Жалпы алғанда шет елдерде 20 мыңнан астам қазақстандықтар оқиды. Сол сияқты 15 мыңдай қазақстандықтар Ресей елінде білім алуда. Олардың бәрі де біздің мемлекетіміздің болашақ білікті мамандары.

1994 – 2004 жылдары аралығында «Болашақ» бағдарламасы негізінде 800-дей стипендия тағайындалды.

2005 жылдан бастап «Болашақ» стипендиясына халықаралық конкурс жарияланды, оған «Халықаралық бағдарламалар орталығы» («Центр международных программ») демеущі болды. «Болашақ» бағдарламасы бойынша жастар АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Ресей, Австралия, Австрия, Венгрия, Дания, Испания, Италия, Канада, Қытай, Франция, Чехия, Швеция, Швейцария, Жапония т.б. шет елдерде оқи алады.

 

 

 

«Болашақ» бағдарламасы бойынша конкурстың өту ережесі:

І тур – «Болашақ» бағдарламасы бойынша тест, тілді білуі туралы кеңес өткізу, және психологиялық кеңес өткізу;

ІІ тур – «Болашақ» бағдарламасы бойынша қорытындыны шет елдегі республикалық комиссия мүшелері дайындайды, және үміткерлердің тізімін бекітеді.

 

— Мінеки, осындай тамаша бағдарлама негізінде Сіздерде шет елдерде білім ала аласыз. Олай болса, оқулықтарыңның 94 бетіндегі «Америкада оқығың келсе…» мәтініне назар аударайық. (Мәтін оқылып, талданады, оқушылар өздері оқиды)

 

Америкада оқығың келсе…

Азаматтарымыздың алыс шет мемлекеттерге барып, білім алуы таңғаларлық жаңалық емес. Еліміздің кейбір жоғары оқу орындарының шетелдік жоғары оқу орындарымен өзара екі жаққа да тиімді келісімшарттар жасау арқылы студенттер алмасу жақсы дамып келеді.

Сондай-ақ елшіліктер арқылы шет мемлекеттерде оқығысы келетін талапкерлер арасында ашық конкурс ұйымдастыру да импорттық білімге төте жол салып отыр. Дәл осындай ашық конкурс Алматыдағы АҚШ елшілігінде болды.

2002-2003 оқу жылына арналған тоғыз білім бағдарламасы бойынша ұйымдастырылып отырған бұл ашық конкурсқа әрбір үміткер қатыса алады. Оқытудың барлық шығынын АҚШ үкіметі көтеріп отыр. Берілген квота бойынша конкурс қорытындысында 140 адам жеңімпаз деп танылуы қажет.

Мұнда талапкерлер құжаттарын тікелей өздері алып келеді. Оған ешқандай мекеменің де, мемлекеттің де мінездемесі немесе кепілдеме-жолдамасы қажет емес. Оларға қойылатын шарттардың бірі – тілге деген білімнің деңгейі. Оны арнайы стандартталған тест жүйесі арқылы анықтайды.

Тест жауаптарын есептеу Қазақстанда емес алыстағы Нидерландыда жүргізіледі. Бұл тест нәтижелеріне сырт адамның ықпал етуіне жол берілмейді.

 

Мәтін бойынша сұрақтар:

— Мәтінде не туралы айтылған? (жастардың шетелдерде қалай білім алуға болатындығы туралы),,

-Талапкерлер арасындағы ашық конкурс қай қалада өтті? (Алматы қаласындағы АҚШ елшілігінде)

— Берілген квота бойынша конкурс қорытындысында неше адам жеңімпаз болып танылуы қажет? (140 адам)

— Тест жауаптарын есептеу қай қалада жүргізіледі? (Нидерландыда)

 

 

 

 

Сөздікпен жұмыс:

Төте жол – короткий путь

Жеңімпаз – победитель

Құжат – документ

Жол берілмейді – не допускается

 

Берілген жаңа сөздермен сөйлем құру.

Төте жол – білім.

Сержан – жеңімпаз.

Қылмысқа – жол берілмейді.

Конституция заңды – құжат.

 

Бастауыштан кейін қойылатын сызықша: (ережесіне тоқталу)

  1. Бастауыш та, баяндауыш та атау септігі тұлғалы зат есімнен болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады. Мысалы: Асан – студент.

  2. Бастауыш та, баяндауыш та сан есімнен болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады. Мысалы: Бес жердегі бес – жиырма бес.

  3. Бастауыш жіктеу есімдігінің ІІІ жағынан болып, баяндауыш зат есімнен болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады. Мысалы: Бұл – үлкен. Ол – үлгілі оқушы.

Диалог:

1. Андрей мен Қадыржан:

  • Салем, Андрей!

  • Салем, Қадыржан!

  • Қалың қалай?

  • Рахмет жақсы.

  • Сен қайда оқисың?

  • Мен №1 Кәсіптік мектепте оқимын.

  • Мамандығың қандай?

  • «Байланысшы»

  • Оқуыңды бітірген соң не істейсің?

  • Жұмыс істеймін. Ал, сен ше?

  • Мен қазір «Болашақ» бағдарламасы бойынша шет елде оқу үшін құжат жинап жүрмін.

  • Ол үшін қандай құжаттар керек?

  • Ол туралы мына журналдан оқи аласыз.

  • Рахмет. Сау бол!

  • Сау бол!

  •  

2. Тимур мен Ержан:

— Саламатсыз ба?

— Саламатсыз ба!

— Мен оқуға түсу үшін құжаттарымды алып келіп едім.

— Қайда тапсырасыз?

— «Болашақ» бағдарламасы бойынша шет елде білім алғым келеді.

— Қай елде оқығыңыз келеді?

— Америка Құрама Штаттарында.

— Жақсы. Құжаттарыңызды маған беріңіз.

— Тест қай күні өтеді?

— Оның барлығын мына пакеттен табасыз.

— Рахмет. Сау болыңыз!

— Сау болыңыз! Сәттілік тілеймін!

 

Ән: «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» (Қадыр Мырза Әли)

Орындайтын: Головков Владимир

 

Қорытынды:

— Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген – деп Жұбан Молдағалиев жырлаған халықпыз. Сол халықтың жастары да осал болмауы тиіс. Ол үшін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Біз бүгінімізбен ғана өмір сүрмей, келешегіміз үшін де қызмет ете білуіміз керек. Қазіргі жағдайда тек қана білімді ел озады, жақсы өмір сүреді» деген ойын алға тарта отырып, «Қазақстанның болашағы – білімді, сауатты, салауатты, жастардың қолында»- деген болатын. Яғни сіздердің қолдарыңызда.

Өз Отанымызда алған білімді дүниежүзіндегі төрт құбыласын түгендеген мемлекеттерде толықтыруға, өркениет үрдісінен үйренуге, тәжірибеден өтіп, кіндік қаны тамған атажұртқа қызмет ету міндеттерің.

«Кісі елінде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол» деген сөздердің астарында да байлық пен баққа қызықпа, елің еңсе көтерді, ұлтың ұйысып отыр, сенде еліңе қызмет қыл, еңбек ет деген мағына жатыр.

Қалай болғанда да, елдің еңсесін, мемлекеттің мәртебесін көтеретін бүгінгі білімді жас, ертеңгі білгір маман сендерсіңдер!

Олай болса, таңдау өз қолдарыңда!

 

Үйге тапсырма: Кесте толтыру. 95 беттегі 1.4 – тапсырма.

 

Білдім

Білемін

Білгім келеді

 

 

 

 

Бағалау.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.