Без рубрики

Жастар және ғылыми – техникалық прогресс

Баяндамашы: № 1 кәсіптік колледж
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
Ихсанова Айсамал Ғайноллақызы

Бұл әлемде ең бастысы – біздің қай жерде тұрғанымыз емес,

қандай бағытта жылжып барамыз – міне сонда.

И. Кант

Құрметті, ханымдар мен мырзалар!

Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы күннен бастап сіздер мен біздер барлық қажыр-қайратымызды жұмсап, еңсесін асқақтатқан Жаңа Қазақстан барған сайын нық сеніммен алға басып келеді. Дамуын өзі таңдаған даңғылға түскен еліміздің атағы шартарапқа таралып, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы абыройы да жылдан – жылға артып отыр. Біз экономикамыз бен мемлекеттігіміздің берік іргетасын қаладық.

.

«Алдыңда не күтіп тұр, соны ойла, игі мақсатқа тура жүрген жетеді». Осыдан он жыл бұрын Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел халқына Жолдауымен шығып, онда қоғам болашағы және мемлекеттің алға қойған ауқымды міндеттерін барша қазақстандықтармен бөліскен болатын. Ол стратегиялық бағдарламада еліміздің бақытты болашағының бағыт-бағдары айқындалып, мемлекеттің тыныс-тіршілігінің барлық жақтары, яғни ұлттық қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім, негізгі экономикалық реформалар, денсаулық сақтау саласы, білім беру, ғылым мен халықтың әл-ауқатының көтерілуі сияқты өзекті мәселелерді қамтитын қазақстандық даму жолының жасампаз моделі әзірленген еді.

Па, шіркін уақыт не деген жүйрік десеңші. Көзді ашып- жұмғанша желпіген желмен жылыстап, сынаптай сырғып он жыл уақытта өте шығыпты. Міне, арада он жыл өткенде еліміздің баянды болашағы үшін Елбасының өзі бас болып әзірлеген бас құжаттың әрбір тарауы мен әрбір тақырыбы өмір шындығымен үйлесіп, қазақстандықтардың экономикалық және әлеуметтік жағдайының күрт көтерілуіне жеткізгеніне куә болып отырмыз.

Индустриялдық-инновациялық стратегия он жылдан астам уақытқа белгіленген. Негізгі міндеті — бәсекеге қабілетті 50 — елдердің қатарынан орын алу. Ол үшін ең алдымен индустрияны дамытуға бағытталған кластерлер дайындау қажет. Кластер – бұл бәсекеге қабілетті салалар жиынтығы. Сондықтан да ғылыми техникалық прогресс қай салада да болмасын алға жылжуды талап етеді және ол ұлттың бәсекелестік қабілетінен көрінеді.

Облыста «Жұмысшы кадрларды кәсіптік дайындаудағы модернизациялық жүйе» аймақтық бағдарламасы қабылданды. Облыс экономикасы қарқынды дамуда, сондықтан машина жасау кадрларына, мұнай –газ, құрылыс кадрларына сұраныс өсіп отыр. Қарашығанақ газ конденсаты кен орнының әрі қарай дамуы және жанғыруына байланысты жаңа жұмысшы орындарының ашылуы күтүлуде. Соған байланысты білікті жұмысшы кадрларды дайындау рөлі өсіп отыр.

Осы сұраныстың негізінде біздің №1 Кәсіптік мектеп 2004 жылдан бастап облыстың өнеркәсіп орындарына мұнай-газ машина жасау мамандарын және ұлттық кадрларды дайындайтын негізгі мектептің біріне айналды. Содан бері мектебіміз күрделі жөндеуден өтіп, жаңа заманға сай техника, оқу-ақпараттық және бағдарламалық құралдармен жабдықталды. Нәтижесінде соңғы екі жылда материалдық – техникалық база модернизацияланған болатын:

  • Жонғыш – фрезерші өндірістік оқыту шеберханасында сандық бағдарламамен басқарылатын станоктар. Бұл станоктарда осыған дейін он адам жасаса, енді бір ғана адам жасайтын деңгейге көтерілді. Бұл ғылыми –техникалық прогрестің дамуының көрсеткіші. Біздің өндіріс шеберханамыз – шағын зауыт.

  • Байланыс шеберханасына электрондық шкафтар қондырылды. Батыс аймағы бойынша «Қазақтелеком» үшін байланыс мамандарын дайындайтын негізгі мектеп. Жаңа ағымдағы технологияда жұмыс істей білетін мамандар тек біздің мектепте. Жаңа ғылымның жетістіктерін қолдану үшін мектепте талшықтарды микроскопиялық жалғау бойынша лабаратория ашылу жоспарлануда. Бұндай ерекше құрылғы Қазақтелекомда және біздің мектепте.

 

  • Оқыту шеберханасында алты түрлі дәнекерлеу аппараттары бар:

— Қолмен-доғалы дәнекерлеу

— Газбен дәнекерлеу

— Аргонды дәнекерлеу және т.б.

Міне, осы құрал -жабдықтардың арқасында мұнай- газ саласына мамандар дайындау үшін аргон орталығы ашылуда. Бұл кадрлардың Батыс аймағы үшін маңызы зор.

  • Электр монтаждау өндірістік оқыту шеберханасы жаңа электрондық құрал –жабдықтармен жабдықталған.

Теориялық оқыту мен өндірістік машықтану бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан арнайы технология кабинеттерінде жаңа үлгідегі мультимедиа құрылғысы, интерактивті тақта, интернетке қосылған компьютерлер, кодоскоп, телевизорлар және жаңа оқу құралдарымен жабдықталған. Сондықтан теориялық оқытудың және өндірістік машықтанудың арқасында біздің оқушыларымыз ғылыми -техникалық прогрестің дамуымен бірге келеді.

Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз. Ел Президенті Қазақстан халқына жасаған Жолдауында: «-Біз неден бастадық, қайда бара жатырмыз?» – деген сұрақтарға жауап бере отырып, Қазақстанның жеделдетілген экономикалық және әлеуметтік прогресінің негізінде инновациялық экономика, шикізаттық емес сектордың дамуы, ХХІ ғасыр деңгейінде білім беру және кәсіптік даярлау деп айтқанды.

Бұл №1 Кәсіптік мектеп тарихына көз жіберер болсақ, мектеп ашылғаннан бері 13500-ден астам білікті мамандар даярлап шығарды. Қырқыншы жылдары өзендік флотқа мамандар дайындаса, ал қазіргі кезде мектебімізде күрделі техникалық мамандықтар бойынша он түрлі маман кадрларды дайындайды. Осындай толассыз білім беру жүйесі негізінде оқушылардың бір бөлігі колледж бен жоғарғы оқу орындарында оқуларын жалғастырса, енді бір бөлігі өндіріс орындарына жұмысқа орналаса алады. Оқыту тек қана мектеп қабырғасымен шектеліп қана қоймайды, жаңа технологиямен жұмыс істей біле отырып, жастарға өз білімін арттыруға қолайлы жағдайлар жасайды. Яғни бізде сатылап оқыту жүйесі дамыған. Батыс Қазақстан инженерлік – технологиялық колледжбен жеделдетілген бағдарлама негізінде келісім – шарт құрылып, ол келісім – шарт бойынша «Өндіріс электро жабдықтарын күту және жөндеу электромонтеры» мамандығы бойынша біздің түлектеріміз оқуын жалғастыруда. Сондай – ақ басқа да өнеркәсіп орындарымен келісім – шарт жасалған, оның негізінде №1 Кәсіптік мектеп оқушылары сол өнеркәсіп орындарында өндірістік практикадан өтіп, түлектеріміздің жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар.

1 Кәсіптік мектеп облысымыздағы 70- тен астам өнеркәсіп орындарымен серіктестік шартқа отырған. Олар: ААҚ «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы», ААҚ «Орал – Зенит зауыты », АҚ «Омега», АҚ «Береке», АҚ «Ремзавод», АҚ «Қазақтелеком» т.б. Мектептің токарь, фрезеровщик, ұста, электромонтер мамандықтарын меңгерген түлектеріміз қазіргі уақытта осы аты аталған зауыттарда жұмыс жасайды. Тұрмыстық қызмет саласында да біздің түлектеріміз өз шеберліктерін көрсетуде. Білікті газ-электрмен дәнекерлеуші мамандары облыстың барлық өнеркәсіп орындарына даярланады. Біз үшін , әсіресе , ААҚ «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясының» орны ерекше. Өйткені бұл кәсіпорын 30 жылғы машина жасау тәжірибесімен және қазіргі заманға сай жоғары технологиялық мұнай – газ жабдықтарын дайындаудағы жетістіктерімен Қазақстандағы жетекші өнеркәсіптердің бірі саналады. «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» сапа менеджментін енгізген, халықаралық стандартқа қол жеткізген, өнімдері жоғарғы сұранысқа ие компаниялардың бірі. Бұл кәсіпорын мұнай және газ өндіру, тасымалдау, энергетикалық жабдықтар, күрделі темір конструкцияларымен құрылыс, ауылшаруашылық машиналары мен жабдықтарын дайындап шығаруда Қазақстан бойынша алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың бірі саналады. Өнеркәсіптің жоғарғы білікті мамандары өздерінің жұмыс тәжірибелерімен біздің мектептің оқу-өндіріс шеберлеріне өз шеберліктерін жетілдіруге көмектесуде. Зауыт цехтарында мектеп оқушылары жұмыс жасауда. Олар үшін зауыт тегін тамақтануды ұйымдастырған. Мектептің бітіруші түлектеріне наряд бойынша жұмыс жасағандары үшін ақы төленеді. Жыл сайын зауыт өкілдері емтихандық комиссия құрамына енеді. Осындай емтихан және диплом жобаларын қорғау кезінде зауыт өкілдері өз өнеркәсіптері үшін болашақ мамандарды таңдап алады. Сонымен қатар компания әкімшілігі мектепшілік шараларға демеушілік көрсетеді.

Батыс Қазақстан облысындағы АҚ «Зенит» зауытында да біздің түлектеріміз өз үлестерін қосуда және оның болашағы іспетті. Біз өз түлектерімізге біріншіден, оқу – ілім берсек, екіншіден , өміріне қажетті , қазіргі заман ағымына сай керекті мамандық береміз. Мамандық болмайынша ғылыми – техникалық прогресс болмайды. Мұның барлығы ғылыми – техникалық прогрестің дамуының көрсеткіші.

Менеджмент білім сапасын енгізіп, Республикалық орталық мамандық бойынша мемлекеттік бақылау ретінде тест өткізеді. Мысалы: 2006-2007 оқу жылында біздің түлектеріміз «Жоңғыш» және «Газэлектрдәнекерлеуші» мамандықтары бойынша тәуелсіз баға сапасын (НОК) анықтау тестіне қатысты. Республикалық тесттің нәтижесінде ең жоғарғы балл 84 пайыз болды. Осындай нәтижелердің арқасында біздің оқушыларымыз вице – министрдің өзі қол қойған сертификатқа ие болып, осымен олар шетелдік компанияларда және Қарашығанақ мұнай – газ кенішінде жұмыс жасауға мүмкіндік алды. Бұл жетістік жаңа технологиямен жұмыс істей алатындығын дәлелдеді.

Қарашығанақ мұнай – газ кеніші Батыс Қазақстан облысында 2004 жылы шілдеде «инновациялық қызметтің инфрақұрылымын дамыту үшін» құрылған «Алгоритм» технопаркімен тығыз байланысты. «Алгоритм» технопаркі негізінен көлік және құрал – жабдықтар, табиғат қорғау технологиясы бағытында жұмыс жасайды. Алға қойып отырған мақсаттарының бірі – көптеген инновациялық фирмалардың озық технологияларды жүзеге асыра отырып, өмір ағымына жағдай жасау, зауыттардың жоғары технологиялық өндіріске қол жеткізуіне мүмкіндік беру. Қазірдің өзінде инновациялық қызметтер мен инновациялық инфрақұрылымдарды қолдап, қаржыландыру, қалыптастыру жолында біраз жұмыстар жүргізіп отыр. Оқушылардың мұндай жетістіктерге жетуінің басты себебі оқыту үрдісінде инновациялық – педагогикалық жаңа технологияларды үздіксіз қолдану болып табылады.

Елбасымыздың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Жолдауында: «Біз болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауға тиіспіз» дегенді. Мектебіміздің оқытушылары мен оқу — өндіріс шеберлері облыстық конкурстардың жеңімпаздары саналады:

  • Кәсіби шеберлер сайысында

бірінші орынға ие болған ұстаздар: Герасимова С.Н. – оқу — өндіріс шебері.

Үшінші орынға ие болған ұстаздар: Джумина М. Ш. – жоғарғы санатты математика пәнінің оқытушысы, Матаева А.Т. – педагог – психолог, Омарова Ә.Т. — оқу — өндіріс шебері. Жалпы мектеп ұстаздары мен оқу- өндіріс шеберлері озық технологияларды пайдалануда ұлы жетістіктерге жетіп отыр. Осындай жетістіктерге жету арқылы біз Елбасы Жолдауына өз үлесіміздің бір бөлігін қосып отырмыз.

Әрине, ғылым мен инновациялық іс – қызметтерге білім мен білікті мамандар даярлау қажет. «Ел мен үшін не істей алады деп сұрамаңыз, ел үшін өзім не істей алам деп сұраңыз» деп Джон Кеннеди айтқандай, осы стратегияны жүзеге асыру мақсатында қандай жетістіктерге жеттік, біз не істей алдық? Осы бағытта біздің жастар жетістіктерге жетіп отыр.

  • Жастар өз білімдері мен іскерлік шеберліктерімен халықаралық аренаға шықты. Түлектеріміз халықаралық сайысқа қатысып, үлкен жетістіктерге жетті. Республикалық сайыстың жеңімпазы атанған Сұлтанғалиев Азамат жаңа әртүрлі дәнекерлеу аппараттарында жұмыс істей білетіндігін көрсете білді.

  • Саратов қаласының №51 Кәсіптік училищесі мен Орал қаласындағы №1 Кәсіптік мектебі келісім – шартқа отырды. Екі оқу орнының жан-жақты серіктестігі облысымызда бес жыл бойына машина жасау өндірісінде білікті мамандар мен жұмысшылар дайындауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл серіктестік педагогикалық ұжым мен оқушылардың конкурстарға, жәрмеңкелерге, көрмелерге, олимпиадаларға, мәдени шараларға қатысуына, сол сияқты оқу-әдістемелік құралдармен алмасуға, біріккен семинарлар, конференциялар тағы басқа біріккен шараларды өткізуге мүмкіндік береді.

  • Осы келісім – шарт негізінде Саратов қаласының №51 Кәсіптік училищесі мен біздің мектептің жастары арасында кәсіпкерлік шеберліктерін таныту мақсатында «Ең үздік дәнекерлеуші» атты сайыс болып өтті. Бұл сайыста біздің оқушыларымыз алты түрлі дәнекерлеу аппараттарында жұмыс істей білетіндігін дәлелдеді. Бұнда теориялық, өндірістік шеберханаларда және өнеркәсіпте машықтанудан алған білімдерінің, іскерлік қабілеттіліктерінің арқасында сайыста біздің командамыз бірінші орынды иеленді. Біздің жастардың арасынан Жандыбаев Ерболат өте жақсы нәтиже көрсетті.

Сонымен қатар біздің жастарымыз Саратов қаласында «Ең үздік станокшы» атты сайысқа қатысты. Экономиканың болашағы жастардікі екеніне сөз жоқ. Сондықтан да бұл сайыста жастарымыз жаңа техника мен жаңа технологияларда жұмыс істей білетіндігін көрсетуге тырысты. Бұл сайыста Қазақстан мектебінің оқытушыларының іс тәжірибесінің мол екендігін көрсетті. Нарықтық экономикада білімді де білгір маман ғана алға ғана жете алады. Бұл сайыста біздің жастарымыз ең үздік станокшылар екендігін дәлелдеді. Біздің мектептің оқушысы Хасенов Әділбек теориялық бөлім бойынша «ең үздік» болса, Хайранов Нұрлыбек практикалық бөлім бойынша «үздік» деп танылды. Сайыстың қорытындысы бойынша №1 Кәсіптік мектептің оқушылары жүлделі бірінші орынға ие болды. Қорыта айтқанда, «Қазақстан-2030» Стратегиясының алғашқы он жылдық белесі біз үшін осындай қуанышты жетістіктермен аяқталып отыр. «Адамның өмірінде шарықтау сәті бар, ол, егер, дұрыс пайдалана білсе, табысқа жеткізеді». Біздің қазіргі кездегі шарықтау шегіміз осындай жетістіктерімізден көрініп отыр. Мұнымен шектеліп қана қоймай не істегеніміз, нені істемегеніміз және неліктен істемегеніміз жайында есеп беріп отырғанымыз дұрыс. Әйтпесе, алдымызда тұрған қиындықтардың көптігіне қарап, бұл жоспарларды байыпсыздық санар көптеген күмәншілдер де табылар. Бәз біреулер біздің мұратымыз бен стратегиямызды бос сөзге балар. Қазақтың халық мақалы «Шапшаң жүргенге шаң жұқпас» дейді. Сондықтан да бізге – уақыт төреші. Мұратына жүрген жетеді. ХХІ- ғасырда қол создырып, көз жүгірткізген стратегиялық жоспардан біздің алар межеміз – «Қазақстан — 2030» бағдарламасын келешекке жол сілтейтін тарихи құжат деп бағалауға болады. Бұл құжат ғылыми – техникалық прогресті дамытуды көздегендіктен , біз алдағы уақытта да өз үлесімізді қосуға әрқашан дайынбыз. Алда атқаратын жұмыстар әлі де көп. Біздің материалдық – техникалық базамыз одан сайын жаңа ағымға сай технологиямен жаңғыртылса , елдің жоғарғы мәртебеге ие болуына сеніміміз мол. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді . Сондықтан бәріміз бірігіп еңбек етейік.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.