Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылы
М.Б.Ықсанов атындағы орта жалпы білім беретін мектеп- балабақша
Кажалаева Ақтоты Ержановна
Бастауыш класс мұғалімі
ІІ санатты ұстаз
Сабақтың тақырыбы: «Төрле, төрле, Жаңа жыл!»
Тәрбиеші: Ерте, ерте, ертеде ешкі жүні бөртеде, елі төрт түлікке бай, өңірі кенге толы, суы мөлдір, ауасы таза, табиғаты жанға дауа Қазақстан деген ұлан-байтақ шаһар болған екен. Сол шаһардың ішін кезіп жүріп жастары білімге құштар, үлкендері ұлағатты халқының ынтымағы жарасқан, жақсы жетістіктерімен танымал болған бір ауылға кезіктім. Ол өздеріңіз куә болып отырған- Жақсыбай елді мекені. Ал біз осы елді мекендегі аудан бойынша өзіндік ерекшелігі бар «Білімнен асқан жақұт жоқ, Ұстаздықтан асқан бақыт жоқ» дегендей бар ғұмырын бала тәрбиесіне сарп еткен, білім нәрін сепкен ұлағатты әз жүрек асыл жандары бар Білім ордасына келіп қалған екенбіз.
-
Олай болса, қасиетті Жақсыбайдың барша халқы мен қонақтарын, ұстаздары мен білімпаз оқушыларын келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз!
Жаңа жыл туындаған жаңа армандар,
Жаңа жыл шуылдаған жаңа ормандар.
Ол мынау мәңгі бақи жаңа дүние,
О, сәлем, Жаңа жылда жаңарғандар.
Ал, енді біз бүгін мына керемет Жаңа жыл тойын осы бір әсем шыршасы бар, сұлу безендірілген қасиетті қара шаңырақта тойлағалы отырмыз ғой. Осы шаңырақтың патшасын ортаға салтанатпен шақырып жүздессек қайтеді.
-
Олай болса, шаңырақтың патшасы Мейірбек Жұмабекұлын қошеметтеп ортаға шақырайық.
(Мектеп директоры сөз алады)
Ерасыл: Жаңа жылың құтты болсын, жас ұрпақ,
Келген жылға қарамаңдар тосырқап.
Үлкенге ізет, кішіге көмек көрсетіп,
Жақсы істермен көңіліңнің досын тап.
Жайнар: Жаңа жылың құтты болсын, аталар,
Сергек ұрпақ өздеріңнен от алар.
Қара нарлар, көтеріңдер жыл жүгін,
Соңдарыңнан ере берсін боталар.
Нұрсая: Жаңа жылың құтты болсын, аналар,
Бүлдіршіндер өздеріңнен нәр алар.
Сендер барда дүниеге келеді,
Ұлы ақындар, дүр ғалымдар, даналар.
Серіжан: Жаңа жылың құтты болсын, бауырлар,
Жарқырай бер, жас қалалар, ауылдар.
Кемелді елге кереметін табыстап,
Тереңдерге кетіп жатқан тамырлар.
Ранида: Жаңа жылың құтты болсын әпкелер,
Сендерге еріп әрбір үйге бақ келер.
Сендерге еріп жақсылыққа серік боп,
Сендерге еріп іні, сіңлі тапты өнер.
Дарын: Жаңа жылың құтты болсын, байтақ ел,
Жүректерге сөзін бүгін айтады ер.
Бір-бір жасқа бәрімізді үлкейтіп,
12 айдан кейін бізге қайта кел.
Тәрбиеші: Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Енді Жаңа жыл ертеңгілігімізді бастауға болады.
Түлкі: Тоқтаңдар, тоқтаңдар! Аяз ата қайда? Аяз ата да жоқ. Ақшақар да жоқ. Оларсыз қалай Жаңа жылды қарсы аламыз?
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыз. Олай болса, оларды шақырайық.
Аяз ата! Ақшақар! А-у, а-у.
(Әдемі әуен естіледі. Аяз ата мен Ақшақар, қоян келеді)
Тәрбиеші: (Аяз ата мен Ақшақар, қоян келе жатқанда оқылады)
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келеді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Қалып едік сағынып
Күтіп алдық жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп.
-
Аяз ата, Ақшақар келіңіз, қызықты бізбен көріңіз.
(Аяз ата мен Ақшақарға сөз беріледі)
Тәрбиеші: Кешіміз көңілді әнмен, бимен басталып та кеткен сияқты. Бізбен бір жыл бойы бірге болып, бар қызықты бірге өткізген, бірге қуанып, бірге ренжіген, біз үшін үлкен қуаныш болған қоян жылына сөз берейік.
(Ескі жылға сөз беріледі)
Тәрбиеші: Қоян жылын шығарып,
Ұлу жылын қарсы алар.
Кәне, менің достарым
Әсем бимен ырғалар.
Би: Антошка
Серіжан: Көңілде жұбаныш Бағдат: Ақ таяғын таянып,
Тасысын береке. Таңмен бірге оянып.
Жаңа жыл – қуаныш, Аяз ата келіп тұр,
Жаңа жыл – мереке. Ақ күпіге оранып.
Айкерім: О, Жаңа жыл, құтты жыл Аяулым: Қараңыз мына шыршаларға,
Жаңа бақыт, несібем. Неткен әсем, көрікті.
Жаңа жылдың қып-қызыл Жаңа жылдық мерекеге,
Қоштастық біз кешімен. Барлығы да келіпті.
Гүлсезім: Жарқырайды жыл шамы
Жыл келгенін тосамыз. Роман: Жасыл желек жамылған
Шыр айналып шыршаны Асыл моншақ тағынған.
Әнге біздер басамыз. Міне әсем шыршамыз,
Көптен күтіп сағынған.
Көрініс: «Жыл басына таласқан хайуанаттар»
Тәрбиеші: Балалар, 1-2 күннен жаңа жыл келеді. Ал кім айтады, келер жыл қандай жыл?
-
Дұрыс айтасыңдар, балалар. Жаңа 2012 жыл Ұлу жылы екен. Ендеше сөз кезегін ұлу жылына берелік.
Тәрбиеші: Жаңа жылым бірлік берсін еліме,
Береке мен ырыс келсін жеріме.
Аяулым: Келді жылым-бақытым,
Кемелденді уақытым.
Сәлем саған, Жаңа жыл,
Жаңа бақыт, жаңа жыр!
Гүлсезім: Әкелді жыл ырыс-құт,
Елімде той тыныштық.
Жарқын өмір жаңаша,
Жаңа жылым тамаша.
Нұрсая: Жаңа жылым тамаша,
Біз тойлайық жаңаша.
Ұлу жылы тоқшылық,
Шынайы достық, денсаулық,
Жаңалық пен игі істер
Келе берсін баршаға.
Перизат: Тамаша сый алып
Келді Аяз атамыз.
Шаттанып, қуанып,
Шырқап ән айтамыз.
Айкерім: Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген.
Қандай жақсы шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз.
Жайнар: Атамызбен бірге ойнап
Жаңа жылды бірге тойлап.
Би биледік, ән салдық
Жаңа жылды қарсы алдық
Ранида: Жаңа жыл Аяз атаны
Мектепке әкеп кіргізді
Қоржын толы сыйлығымен
Қуантады біздерді.
Би: «Батырлар биі»
Ерасыл: Жаңа жылда жаңа табыс әркімге,
Бақыт болсын таусылмайтын әркімде.
Отан аман, заман тыныш, бейбіт күн
Тыйылмасын сәби, бөбек күлкің де.
Дарын: Аппақ бүгін қыр-далам,
Ақ дастарқан жапқандай.
Халық біткен қарбалас
Қонақ күтіп жатқандай.
Көңілде көп қуаныш
Әр көңілде жақсылық
Кеткен жылға мың алғыс
Әкелген көп жақсылық.
Иман: Жаңа жылда алдағы,
Көңіл өсіп кеңейсін.
Ортақ ойы, арманы
Жаңа дәстүр көбейсін.
Роман: Этот день мы ждали долго
С нетерпением целый год.
Запевай, звени под елкой,
Новогодний хоровод.
Би: «Домбыра биі»
Тәрбиеші: Балалар, Аяз ата бармаған әлі талай асулар бар. Сендер сияқты балалар күтіп отыр. Соңғы рет Аяз ата, Ақшақар бәріміз бір билеп атамызбен қоштасайық.
(Аяз ата мен Ақшақар кетеді)
Барлығы: Сау болыңыздар, Аяз ата, Ақшақар.
Тәрбиеші: Мерекеміз Жаңа жыл
Тойында қызық думан бар!
Жаңа жыл-бұл Жаңа өмір
Сайранда туыс-туғандар.
Бақытты болып жыл сайын
Осылай басты қосайық.
Ашық боп аспан әрдайым
Тыныштық тойын жасайық.
Жаңа жылда жақсылық болсын,
Әр үйге құт, береке қонсын! Бүгінгі шырша тойымызды осымен аяқтаймыз.