Без рубрики

Мәтін

Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылы
М.Б.Ықсанов атындағы орта жалпы білім беретін мектеп- балабақша
Кажалаева Ақтоты Ержановна
Бастауыш класс мұғалімі
ІІ санатты ұстаз

Сабақ тақырыбы: Мәтін.

Сабақ мақсаты: 1. Оқушыларды логикалық мағынасын бұзбай мәтін құрастыруға, мазмұнына лайық ат қоюға үйрету, мәтін түрлерін білуге дағдыландыру, құстардың түрі, тіршілігі туралы білімдерін кеңейту.

2.Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту,

сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға баулу.

3.Құстарды қорғауға, қамқоршы болуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ

Әдісі: СТО стратегиялары, ой қозғау, танымдық сұрақтар

Көрнекілігі: құстардың суреттері, слайд

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Тірек сөздер бойынша мәтін жазу.

Тақырыбы: Көше тәртібі.

Тірек сөздер: көше қиылысы, көлік, бағдаршам, оң жақ, сол жақ, жаяулар жүретін жол.

Екі топтан екі оқушыға оқытамын.

Қызығушылықты ояту.

  • Балалар, қазақ тілі сабағында нені оқимыз ?

(дыбыс, әріп, буын, сөз, сөйлем, мәтін)

  • Мәтін туралы не білесіңдер ?

 

І топ ІІ топ

Мәтін деген не ? Мәтіннің түрлері ?

Мәтіндегі сөйлемнің орнын Мәтіннің бөліктері.

ауыстыруға бола ма ?

 

Оқушылардың жауаптары ауызша тыңдалады.

«Топтастыру» стратегиясын қолданып, сабақтың мақсатымен таныстыру.

Дүниетану Қазақ тілі

Ауа райы Құстар Мәтін

Бүгінгі қазақ тілі сабағы дүниетану сабағымен байланыса өтеді. Дүниетану сабағында табиғат, ауа райы, құстардың тіршілігі туралы алған білімдеріңді қазақ тілі сабағында әр түрлі мәтін құрастырып, көрсете аласыңдар.

ІІІ. Жаңа сабақ.

  • Балалар,қазір жылдың қай мезгілі ?

  • Қыс мезгілі

Суреттегі қыс көрінісін сұрау.

Шығармашылық жұмыс.

  • Қыс келді. Қыста ауа райы қандай ? Өз ойларыңнан жалғастырып мәтін жазыңдар.

Тірек сөздер: күн, қар, айнала, аппақ, құстар.

Мәтінді жазған кезде әдемі жазу керек.

Тексеру

  • Мәтіннің қай түрі ?

  • Әңгімелеу

  • Дәлелде

  • Себебі әңгімелеп айтылды.

Мәтін бойынша дүниетану сабағымен байланыстыру.

Танымдық сұрақтар.

  • Құстар жылы жаққа ұшып кетті. Жылы жақ қайда екенін білесіңдер ме ?

  • Африка, Үндістан, Жерорта теңізінің жағалауына.

(картадан көрсетемін)

  • Жылы жаққа ұшып кететін құстарды қалай атайды ?

  • Жыл құстары.

  • Қыстап қалатын құстар ше ?

  • Отырықшы құстар.

Ойын: «Кім тапқыр ?»

Құстардың суреттерінің ішінен қыстап қалатын құстарды көрсетіп, атау.

«Құр» құсы туралы мағлұмат беру.

Құрдың басқа құстардан ерекшелігі, бірден көзге түседі. Құйрығына көңіл аударыңдар. Қайқиып тұрған қалың қауырсынды құр алысқа ұша алмайды. Аязды күндері қар астына кіріп, сонда түнейді. Күн көзі шыққан кезде ғана қардан шығып, жемін іздейді.

Жұмбақ ойын. «Бұл қай құс ?» Сипаттама.

Топпен жұмыс

Конвертте құстардың суреттері, сөздер жазылған карточкалар. Бір топ екінші топқа құстарды сипаттайды. Екінші топ жауабын айтады.

Мысалы, сөздер: ұсақ, ірі, ала, қара, сары, шағын, ақ, жауырыны.

Құстар туралы тақпақ айтады.

Құстар әртүрлі болады. Бірақ олардың ұқсастығы: ұшады, қанаттары, мамықтары, тұмсықтары бар, жұмыртқалайды.

Пайдасы: бау-бақшаларды, егінді, ағаштарды қорғайды.

Оқулықпен жұмыс.

165 жаттығу.

Жоспар бойынша мәтін құрастыру.

Торғай, тоқылдақ, қарға, көгершін – қыстап қалатын құстар. Оларды суықтан мамығы мен қауырсыны сақтайды. Қыста азық табу қиын, сондықтан құстар қыс кезінде адамға жақын жүреді. Құстарға жем шашуды ұмытпаңдар.

(Тақтаға, дәптерлеріне жазу.)

Топтық жұмыс

І топ ІІ топ

Сурет бойынша ауызша мәтін құрастыру. Дайын мәтін беру.

А) Ат қою А) Бөлімге бөлу.

Ә) Мәтіннің қай түрі Ә) Ат қою.

ІV. Қорытынды

Сонымен, балалар, біз түрлі мәтін құрастырып, жазып, олардың түрін ажыратуға үйрендік. Балалар, сендер құстар туралы көп нәрсе біледі екенсіңдер. Ендеше құстарды қорғап, қамқор болып жүрейік.

V. Үйге тапсырма.

166 жаттығу.

«Тоқылдақ – пайдалы құс» тақырыбына мәтін құрастыр.

VІ Бағалау.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.