Без рубрики

Алтын күз

Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылы
М.Б.Ықсанов атындағы орта жалпы білім беретін мектеп- балабақша
Кажалаева Ақтоты Ержановна
Бастауыш класс мұғалімі
ІІ санатты ұстаз

Алтын күз

Мақсаты: Күз мезгілі жайында оқушылардың білімін кеңейту, күз мезгілінің

ерекшеліктерін есте сақтауға үйрету.

Оқушы өзін еркін ұстауға, өз ойын толық жеткізе білуге дағдыландыру,

шығармашылықпен жұмыс істеуін дамыту.

Өз беттерінше ерінбей еңбек етуге үйрету және өз еңбегін бағалай білуге

тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Табиғи заттардан қол өнер көрмесі, «Күз» тақырыбы бойынша сурет көрмесі,

табиғи жапырақтар.

Өту барысы.

Құрметті ата-аналар, ұстаздар бүгінгі «Алтын күз» ертеңгілігіне қош келдіңіздер.

Қош келдіңіз, көрермен

«Алтын күз» ертеңгілігіне.

Отырыңыз қол соғып,

Шат күлкіге бөлене.

Өрік, алма,

Жидек, жүзім піседі.

Қауын, қарбыз,

Қияр, сәбіз

Дүкендерге толады,

Бөбектерім айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады? (күз)

  • Балалар, сендер күз туралы осы уақытқа дейін көп оқып білдіңдер. Ендеше, күз дегеніміз не?

Балалар күз мезгілі туралы білетіндерін әңгімелейді.

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан,- деп Абай атамыз айтқандай, біздің де балаларымыз осы күз мерекесіне арнап тақпақтарын айтып береді.

Дарын: Көк аспаның мөлдіреп,

Алтын күзім елжіреп.

Асыр салып жүре бер,

Сары көйлегің желбіреп.

Иман: Жаздай күткен бәріміз,

Сары алтын, сары күз.

Алтын ұя бақшада,

Сабақ бастар шағымыз.

Бағдат: Күз жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.

Ерасыл: Көбейді құт-береке,

Астық толы қоймамыз.

Құтты болсын мереке,

«Алтын күзді» тойлаймыз.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар.

Әдемі әнмен «Алтын күз» зал ішіне кіреді.

  • Балалар бізге қонақ келе жатыр. Бұл кім екен?

Күз: Сәлеметсіңдер ме балалар? Бүгін сіздерде мереке болып жатыр екен. Дастарқандарыңыз жеміс-жидектен мол болсын. Мен құр келген жоқпын, өзіммен бірге жұмбақтар алып келдім.

Жұмбақ жасыру

  1. Үстіне тігіп көк шатыр,

Астында қызғылт дәу жатыр. (қызанақ)

  1. Отыз көйлек киген, Бір түйме жоқ ілген. (қырыққабат)

  2. Көк ала киім киеді, күннің көзін сүйеді. (қарбыз)

  3. Қалың киімді ұнатады, Шешіндірсең жылатады. (пияз)

  4. Аласа тауда алуан алма, Алқызыл болмай аузыңа салма. (қызанақ)

  5. Жер астында жер қазық, Жеуге болар ас қазық. (сәбіз)

  6. Көктемде ақ гүлге оранады, Күзде қолға доп боп оралады. (алма)

Күз ханшайымы: Сәлем, өрен достарым!

Сәлем ерен достарым!

Ән айтыңдар бақытты!

Молайтыңдар шаттықты!

Себет ішіндегі сары алтын жапырақтарды шашу ретінде айналаға шашады.

Тәрбиеші: Күз ханшайымы, біз сізге ризамыз. Біздің оқушылар сізге арнап көптеген өнер әзірледі, отырып тамашалаңыз.

Көрініс: Салат жасау.

Ән: Бұл қай кезде болады?

Тәрбиеші: Балалар бізге көптеген жеміс түрлері келіп отыр екен сөз кезегін соларға берейік.

Ән: Жемістер жыры.

Жұмбақ жасыру

Ұзын мұртты сарылар,

Қойнында наны бар. (бидай)

Тәрбиеші: Қымбатты балалар, халқымыз үшін нан қашанда қастерлі. «Нан – ел ырысы, өмір азығы» Елдің дәулеті дастарқанымен өлшенеді. Ал дастарқан сәні наннан басталады. Міне, осы дастарқан сәні, тіршіліктің нәрі туралы біздің балаларымыздың дайындаған көрінісін тамашалауға шақырамын.

Көрініс.

Тәрбиеші: Балалар айналаға көз жіберіңдерші, күз табиғаттың ең бір тамаша, көрікті кезі емес пе? Ал сол мезгілдің үш кезеңін кім айтады?

  • Ерте күз, алтын күз, қара күз.

Ерте күз – күздің басталуы.

Алтын күз – айнала сары алтынға боялады.

Қара күз – ағаштардың жапырақтары түсіп, шөптер қурап, жер қарайады.

Дарын: «Сары жапырақтар жауғанда»

Күзде жауын. Бұлт. Тұман.

Сары жапырақ жауады.

Сары құйын ұйытқыған,

Сапырады ауаны.

Тапталады табанға,

Судыр-судыр жапырақ.

Өрттей сары бояуға,

Малынғандай атырап.

Перизат: Алтын, сары, кызыл, көк

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап.

Күзгі вальс: Ерасыл-Нұрсая, Серіжан-Ранида.

Ән: Жас дәуірдің түлегіміз

Күз ханшайымы: Рахмет, балалар, өнеріңе,

Ризамын, өнершіл өреніме.

Қорытынды

Міне, құрметті ата-аналар, ұстаздар «Алтын күз» мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.

Қосып білім – нұрға нұр,

Біздерде міне жарқынбыз.

Рақмет саған мың да бір,

Рақмет саған, Алтын күз!

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.