Эпос жыры

Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылы
М.Б.Ықсанов атындағы мектеп – балабақша
Сарсенғалиева Жаннагүл Ануарқызы
Музыка пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Эпос жыры.

«Алпамыс батыр» жыры.

«Ән үйренеміз» әні. Әні: Б.Жүсіпалиев.

«Қазақстан» әні. Әні: С.Мұқамеджанов.

Сабақтың мақсаты:

а) «Алпамыс батыр» жырындағы кейіпкердің сипаты мен жыр жолының мазмұнына көңіл аудару. Ноталардың орналасу тәртібін ойларына сақтау. «Қазақстан» әнін өз мәнерінде орындатқызу.

ә) Оқушы бойына музыкалық тәрбиемен қатар елін, жерін, ата-анасы, достарын сүюге тәрбиелеу.

б) Оқушылардың іскерлігін, ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас, қайталау, қорытындылау.

Сабақ әдісі: Ынтымақтаса оқыту технологиясы ішкі саралау.

Сабақтың көрнекілігі: Әннің сөзі жазылған плакат, аспап, маг-н, нота, мақал-мәтел, сөзжұмбақ, батыр бейнесі.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, бейнелеу, математика.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру бөлімі.

  1. А. Эпостық жырлар деп қалай атаймыз?

Ә. «Алпамыс батыр» жырынан өзге тағы қандай батырлар жырын білеміз?

Б. Жырды орындайтын адамды қалай атаймыз?

  1. Оқушылар «Алпамыс батыр» жырын қорытындылап, өткенді қайталаймыз. Ол үшін жыр шумақтарын, әуенін есімізге түсірейік. Мен шумақтың басын айтамын қалған жолын қол көтеріп жалғастаруларын керек. Сабаққа дайындықтарын мына жұлдызшалар арқылы бағаланады. 5 жұлдызша алсаныздар 5 деген баға, 4 жұлдызша 4 деген баға, 3 жұлдызша 3 деген баға.

Мұғалім: 1. Бұрынғы өткен заманда

Дін мұсылман… Оқушы жалғастырады.

Көмекші оқушы жұлдызшаны бекітеді.

Мұғалім: Хормен әенімен айтқызамын.

Мұғалім: 2. Байбөрі сөйтіп жылап жүргенде немере ағасы Құлтайдан бала асырап алады.

Оқушы:

Мұғалім: 3. Ұлтан ер жеткен соң ата-анасына күн бермейді. Байбөрінің түсіне кім енеді.

Мұғалім: 4. Ошақтай бар жауыры

Тартылып қалған бауыры. Оқушы:

Мұғалім: 5. Байбөрі жылқысын Тайшық хан шауып әкетеді.

Оқушы:

Мұғалім: 6. «Сонда Алпамыс сөйлейді» Оқушы:

Мұғалім: 7. Алпамыс жолға шыққан түні Тайшық жаман түс көреді? Оқушы:

Мұғалім: Қабағы қатып тырысқан кім бұл?…

Мұғалім: 8. Алпамыс зынданда жатып қандай аспап жасайды? Еліне қандай

кейіппен келеді? Оқушы:

Мұғалім: 9. Ұлтанның сақтау әйелі Бадалша мен Алпамыстың айтысы: Оқушы:

Мұғалім: 10. Алпамыс Ұлтаннан кегін алып, елімен қосылады. Жырды кім

айтады?

Оқушы:

Көмекші оқушының неше жұлдызша алғаның айтып өтеді.

Крассвордты шеш.

Егер сұрақтарға жауап берсең «Алпамыс» сөзі шығады.

1.Алпамыс батырдың мінген аты. (Байшұбар)

2.Алпамыс батырдың қалыңдығы. (Гүлбаршын)

3.Жүйірік аты қалай аталады. (Тұлпар)

4.Алпамыс еліне шабуыл жасаған хан. (Тайшық)

5.Жағымсыз кейіпкер. (Мыстан)

6.Жырды орындаушы. (Жыршы)

7.Алпамыс жасаған музыкалық аспап. (Сырнай)

Орташа қаблетті балалармен жұмыс:

Құпия хат.

Музыка сауаттылығы: Нота әлеміне саяхат!

Оқушылар! Музыкада неше нота бар. Оқушы

Мұғалім: Жұмбақ қойылады. Кім қандай нота екенін тауып алу керек. Және өз орнына орналастыру керек. Ол үшін жұмбақты шешпестен бұрын миымызды демалтып, өткен сабақта әнді қайталайық.

 

Біздің ән

1.Үйренсең нотаны

Ән де саласың

Барлығын оп-оңай

Жаттап аласын

Қайырмасы:

Сенде қосыл жасқанба

Әнің жетсін аспанға

Сенде қосыл жасөанба

Әнің жетсін аспанға.

Нота үйренеміз:

1.Мұғалім. Күй сандықты ашайық

Оқушы, до, до, до.

Мұғалім: Жайлап әнге саламыз

Оқушы: до, до, до,

Барлығы; До, ре, ми, фа, соль, ля, си, до.

До, си, ля, соль, ми, ре, до.

2.Мұғаліп: Шалқып шығар сонда күй

Оқушы: до, до, до.

Мұғалім: Бәрі до-дан басталар

Оқушы: до, до, до.

Мұғалім: до-ны қоштар басқалар.

Оқушы: до, до, до.

Қазақстан.

1.Қарт Алатау Менің жерім

Бұлтты құшқан Туған елім

Көгінде тез Күн сәулелі Қазақстан

Зулап ұшқан

Үйге тапсырма:

І-қ. Байшұбардың суретін салу.

ІІ-қ, «Эпос» деген сөзге сөзжұмбақ құрастыру

ІІІ-қ. Ұйқас өлең құрастыру

боламын,

жанамын

өскенде

арманым.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше