Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылы
М.Б.Ықсанов атындағы мектеп – балабақша
Сарсенғалиева Жаннагүл Ануарқызы
І санатты музыка пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан музыка өнерінің
қайраткерлері.
Мақсаты: а) Өнер қайраткерлерінің шығармашылық жолымен таныстыру. Қазақ халқының музыкалық бай мұраларын бала бойына жүйелі түрде ұғындыру.
ә) оқушыларды топтық жұмысқа баулу арқылы, әртүрлі әдістер негізінде олардың қабілеттерін, жан-жақтылығын қалыптастыру.
б) халық өнерінің эстетикалық тұстарын тереңірек талдау арқылы балалардың ұлттық көзқарасы мен санасын ояту.
Сабақтың көрнекілігі: Өнер қайраткерлердің суреттері, интерактивті тақтамен жұмыс, семантикалық карта, тест.
Сабақтың әдісі: түрі: аралас, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, оларды түгендеп сабаққа бейімдеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Сұрақ-жауап арқылы дайындықтарын қарау.
-
Б.Төлегенованың халық жүрегінен орын алып орындаған әндері?
-
Әлібек Дінешев қандай дауыста ән салады?
-
В.В.Великанов 1958 жылы қандай құрметті атаққа ие болды?
-
«Қазақ халқының 1000 әні, қазақтың 500 әні мен күйлері» атты құнды жинақтың авторы?
-
Жамбыл атамыздың өлеңдеріне елуден астам ән жазған орыс композиторы?
«Семантикалық карта» Интерактивті тақтамен жұмыс.
Шығарма |
«Менің атым Қожа» |
«Чин-Томур» балеті. |
«Құрманғазы» радио-операсы |
«Қазақ вальсі» |
композитор |
||||
А.Жұбанов |
|
|
|
|
Л.Хамиди |
|
|
|
|
Қ.Қожамияров |
|
|
|
|
Ғ.Жұбанова |
|
|
|
|
Н.Тілендиев |
|
|
|
|
Ұлты |
Қазақ |
татар |
орыс |
ұйғыр |
ІІІ. Жаңа сабақ.
Бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыздың аты: Қазақстан музыка өнерінің қайраткерлері.
Қазіргі таңда жасы сексен сегізге келіп жарты ғасырдан астам уақыт ғұмыр кешкен Қазақстан мәдениетінің ірі қайраткері Роза Бағланова.
Қызылорда мемлекеттік педагогикалық институтында оқып, Ташкент қаласында әншілік қызметін атқарды. Қан майданның ортасында жауынгерлерге арнап концерттер қойды. Әншінің ерек шелігі-қазақша, орысша, татарша, өзбекше басқа да ұлттардың тілінде ән айтқан.
Ш.Қалдаяқов ән жанрына аты шыққан дарынды компазитор. «Қазақ вальсі королі» деген атаққа ие болған. Шәмші туралы көптеген әңгімелер естеліктер қалды. Көзі тірісін көптеген атақ-даңқтан құр қалсада, оның әндері халық жүрегінде мәңгілік сақтаулы.
1991 жылы қаңтар айында «Қайран Шәмші» фильмнің алғашқы кадрлары түсіріліп, 1991 жылы отызыншы желтоқсанда өмірінің соңғы кадрларымен аяқталды. 1992 ж. Ақпан айында дүниеден озды.
Айман Қожабекқызы Мұсақожаева 1958 жылы дүниеге келген. К.Байсейітова атындағы музыкалық мектеп-интернатты, Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясын бітірді. Қазіргі таңда Астана қаласындағы музыка академиясының ректоры.
18 жасында Белградта өткен халықаралық байқауда ұш бірдей сыйлыққа ие болған.
Жәния Яхияқызы Әубәкірова пионинашы. 1979 жылы Мәскеу консерваториясын, 1981 жылы аспирантурасын бітірген. Қазіргі уақытта Алматы Мемлекеттік консерваториясының ректоры, профессор. Оның репертуарында Ғ.Жұбанованың, Рахманниновтың, Моцарт, Бах, Меңдіғалиев, Қажығалиевтің шығармалары бар.
Қайрат Байбосынов /1950/ Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданында өмірге келген. Әкесі қобызшы, домбырашы болса, анасы танымал әнші болған. 1976 жылы Алматы эстрада-цирк студиясына оқуға түсіп, Жүсіпбек Елебековтен дәріс алады. Қ.Байбосыновтың орындауында Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Ақан сері, Балуан Шолақ, Майра, Естайдың әндері бар.
1-тапсырма.
Әр қатардың екі оқушысына сұрақ беріледі. Өзара ақылдасып жауап береді.
-
Пионинашы Ж.Әубәкірова қазақ музыкасы мен әлем музыкасында алатын орны жайлыайтыңыз?
-
Қ.Байбосынов қандай халық әндерін орындап жүр?
-
Скрипкашы А.Мұсақажаеваның шығармашылығы жайлы баяндаңыз?
-
Ш.Қалдаяқовтың әндерін қандай әншілер орындап жүр?
-
Халық әртісі Р.Бағланованың өнер жолы туралы айтыңыз?
2-тапсырма. Тестпен жұмыс.
1.Қ.Байбосынов қай жылы дүниеге келді?
А) 1951ж.
Б) 1950ж.
В)1954ж.
2. Н.Тілендиев қандай фильмдерге музыка жазды?
А) Махамбет
Б) Менің атым-Қожа
В) Құрманғазы
3. ҚБайбосынов қандай әнші?
А) Эстрада әншісі
Б) Опера әншісі
В) Дәстүрлі әнші
4. А.Мұсақажаева қандай аспапта орындайды?
А)пионинада
Б)флейтада
В)скрипкада
5. Ж.Әубәкіроваға 1990 жылы қандай атақ берілді?
А) КСРО халық әртісі
Б) халық қахарманы
В)ұлттық
6. А.Жұбановтың басқарған оркестрі қандай атпен аталады?
А) Отырар
Б) Құрманғазы
В) Ұлттық
7. Соғыс кезінде жауынгерлерге өнер көрсетіп, ән орындаған әнші?
А)Р.Бағланова
Б) Б.Төлегенова
В) Р.Жаманова
8. 1979 жылы Мәскеу консерваториясында оқып бітірген өнер қайраткері.
А) Р.Бағланова
Б) Ғ.Жұбанова
В) Ж.Әубәкірова
9.Н.Тілендиевтің Күйлерін ата?
А) Ата толғауы, Аңсау, Аққу.
Б) Адай, Кісен ашқан
В) Ерке сылқым, Арнау
10. «Қазақ вальсі, Бұлбұл, Отан» әндерінің авторы кім?
А)Ғ.Жұбанова
Б) Л.Хамиди
В) М.Төлебаев
Бағалау кестесі
№ |
а |
б |
в |
Балы |
1 |
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
6 |
|
|
|
|
7 |
|
|
|
|
8 |
|
|
|
|
9 |
|
|
|
|
10 |
|
|
|
|
3-тапсырма.
Жаяу Мұсаның «Ақ сиса» әнін Қ.Байбосыновтың орындауында тыңдау және талдау.
ІV. Қорытындылау.
V. Үйге тапсырма.
VI. Бағалау.