«Мен Қазақпын» ертеңгілік сценариі

Дәрібаева Айгерім Тарасқызы.
Ақтөбе қаласы. № 15 «Жидек» мектепке дейінгі ұйымының тәрбиешісі.

Тәуелсіздік Күніне арналған «Мен Қазақпын» ертеңгілік сценариі
(даярлық тобы)
1.Балалар ән ырғағымен залға кіреді.
Жүргізуші: Ал, құрметті қонақтар хош келдіңіздер!
Бүгін біз Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алған күнін тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мейрам құтты болсын!!! Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің отанымызды әлем таныды. Осы сәтте Отан туралы еріксіз ойға берілесің. Бұл ұғымның аясы кең. Отан – далаң, орман, тауың, ауылың мен астанаң.
Отан әр жұмыр басты пенденің киелі мекені, жер басып жүрген әр тіршілік иесінің шексіз байлығы. Тәй-тәй басқан нәресте де, еңкейген қария да оның бір мүшесі.
Қабанбай, Кенесары, Райымбек, кешегі Бауыржан, Әлия, Мәншүк, Қайрат, Ләззат, сияқты батыр аға апаларымыз ел үшін, жер үшін қанын төкті. Абай, Ахмет, Міржақып, сияқты данышпан аталарымыз халықтың мұңын жырлады. Біз елімізді сүюді сондай ұлы тұлғалардан үйренеміз, үлгі аламыз деп айтқым келеді. Енді құрметті қонақтар «Балапан» тобының ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер.
– Балалар, сонымен бүгін біз қандай мейрамды тойлағалы отырмыз?
– Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған күнін
– Біздің елбасшымыз кім?
– Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы
– Қазақстан Республикасының рәміздері қандай?
– Ту, елтаңба, әнұран.
Енді балалардың тәуелсіздік мейрамына жаттаған тақпақтарын тыңдайық. (балалар тақпақтарын айтады)
Әнұран айтылады.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, енді біздің Отанымыздың жас мүшелері өздерінің тақпақтарын айтып берсін. ( балалар тақпақ айтады)
Жүргізуші: Балалар, өте тамаша, енді барлығымыз орнымыздан тұрып «Елтаңбасы елімнің» әнін айтайық. ( Ән айтылып болғасын Жамбыл ата келеді) Жамбыл ата хош келдіңіз, сіз біздің ауылда мейрам болып жатқанын біліп келгенсіз ғой.
Жамбылдың сөзі.
Жүргізуші: Жамбыл ата бізде де сіздің ізіңізден ерген ақын балаларымыз бар, олар өз өлеңдерін оқып берсін. ( Балалар оқиды)
Ән: «Жігіттер»
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Жамбыл ата біздің қыздарымыз да өз өнерлерін көрсетсін. Тамашалаңыз.
Би: «Киіз басу»
Жүргізуші: Биді де биледік, ән де айттық, енді бір ойын ойнап жіберейік.
Ойын: «Көкпар»
Жамбылдың сөзі: Асық ойнаған азар
Доп ойнаған тозар
Ал оқу оқыған тозар- демекші балалар тағы қандай өнерлерің бар?
Жүргізуші: Жамбыл ата біздің балалар сізге маржан сөздер оқып береді.
(балалар оқиды)
Жүргізуші: Жамбыл ата, біздің балаларымыздың білімін сынадық, енді күшін сынап көрейік.
Ойын: «Күш сынасу»
Жүргізуші: Жамбыл ата, біздің балаларымыз ән, тақпақ қана айтып қана қоймайды, олар жаңа заманымызға сай байланысты жаңаша жастар биін билеп берсін.
Би: «Жастар биі»
Жүргізуші: Жамбыл ата, сізге балаларға қарап меніңде ел туралы, Отан туралы өлең оқығым келіп кетті.
«Болса екен қазақ баласы»
Ертеңі өсіп елімнің
Сабырлысы болса екен
Ар-ұятты айбатты
Азулысы болса екен
Батыл, берік орнықты
Байсалдысы болса екен
Алғыр, зерек, мейрімді
Ақылдысы болса екен
Тапқыр, шешен талапты
Өнерлісі болса екен
Ойшыл, өткір, дарынды
Білімдісі болса екен
Сергек, іскер, сезімтал
Саналысы болса екен
Парасатты намысты
Отаншылы болса екен
Болса екен қазақ баласы
Ел ішінде өсетін
«Қайсарлығы қалтқысыз Махамбет қой» – десетін
Ізгіліккке леп едім
Жақсылыққа сеп едім
Тәуелсіз елдің ертеңін
Осылай көрсем деп едім-деп осындай отаншыл бүлдіршіндеріміз аман – есен өсе берсін. Олай болса балалар бір шаңырақтың астында тұрып
« Отан үшін» әнін бірге шырқайық.
Ән: «Отан үшін»
Жамбылдың және балалардың тілегі.
Жүргізуші: Ал құрметті қонақтар осындай әдемі тілектермен, бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Сіздерге тағыда мейрамдарыңыз құтты болсын. Аспанымыз ашық болып, Қазақстанымыз гүлдене берсін!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше