Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылы
М.Б.Ықсанов атындағы орта жалпы білім беретін
мектеп- балабақшаның бастауыш класс мұғалімі
Бисенова Рис Ибрагимовна
І санатты ұстаз
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жекеше және көпше түрі.
Сабақтың мақсаты:
1. Зат есімнің жекеше және көпше түрінің айтылуы мен жазылуын меңгерту
2. Сауатты, көркем жазуға үйрету.
3. Экологиялық тәрбие беру, танымдық қабілеттерін арттыру.
4. Жан – жануарларды қорғауға, табиғатты сүюге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, плакаттар, карточкалар.
Сабақтың әдісі: Аралас сабақ (Дінтану пәнімен байланыстыру).
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Оқу құралдарын даярлап, сабаққа назарын аудару.
ІІ. Өткенді пысықтау, үй тапсырмасын тексеру.
(«Қызыл кітап» бойынша саяхат, ондағы жануарлардың бізге әкелген тапсырмалар)
1 – сурет
Тапсырма: 1. Зат есім дегеніміз не?
2. Жалқы есім деген не?
3. Жалпы есім деген не? (жауабы, мысалдар келтіру)
2 – сурет
Мәтін оқу. Зат есім болып тұрған сөздерді теріп жазу.
Біздің «Қызыл кітапқа» бүркіт, қоқиқаз, аққу, дуадақ сияқты жануарлар енгізілген. Табиғатты қорғау туралы заңды үлкендер де, балалар да сақтауға тиіс.
3 – сурет
Жекелеген суреттерді пайдалану. Суреттермен жұмыс. Оларға сұрақтар қойғызу.
Не? Нелер? Кім? Кімдер?
ІІІ. Жаңа сабақ. Сабақтың тақырыбын ашу.
-
Оқулықпен жұмыс. 322 – жаттығу.
Суретке қарап салыстыру, айырмашылығын анықтау.
Әр суреттегі заттардың санын анықтау.
Балапан — балапандар
Қоян – қояндар
Терек – теректер
Жануар – жануарлар
Балапан деген сөз «бір балапан» деген, балапандар деген сөз «көп балапан» деген ұғымды білдіреді. Яғни зат есім жекеше, көпше түрі туралы толық түсінік беріп кету.
Сергіту сәті: Тап – таза тұнық суда,
Балық жүзіп ойнауда.
Біресе керіледі,
Біресе жиырылады.
Ал енді бірде құмға тығылады.
4 – сурет
323 – жаттығу. (Қарамен жазылған сөздерді көшіріп, сөз құрап, талдау).
Ағалар, апалар.
5 – сурет
Тақтамен жұмыс. 324 – жаттығуды орындау.
Жекеше Көпше
Кім? Не? Кімдер? Нелер?
Инелік, тал, шырша, Көбелектер, қарлығаштар, қайыңдар,
ақын, ұшқы. оқушылар, суретшілер.
Сұрақ қойып жалғауларды ажырату.
-
лар, — лер, — дар, — дер, — тар, — тер.
Ережені дауыстап 2 рет оқытып шығу.
6 – сурет
Өзіндік жұмыс. 325 – жаттығу.
Көптік жалғауын жалғап, зат есім көпше түрін жасау.
7 – сурет
Өлең құрастыра білеміз бе?
Көктем (не?) келіп. Өлең құру
Құстар (нелер?) оранды.
Балалар (кімдер?) қуанып.
Ұялар (нелер?) жасады
Сұрақ қойыңдар зат есімге. Зат есім көпше түріндегі көптік жалғауын атаңдар.
8 – сурет
«Кім жылдам?» ойыны. Қай топ көп жазса, сол топ ұтады.
І қатар ІІ қатар ІІІ қатар
Аналар Әкелер Балалар
Апалар Әжелер Борлар
А Ағалар Ә Әндер Б Бәтеңкелер
Аңдар Әншілер Барыстар
Аттар Әйнектер т.б.
ІҮ.
1) Біз бүгін қай кітап бойынша саяхат жасадық?
2) Зат есімнің неше түрі болады?
3) Зат есімнің көпше түрі қандай қосымша жалғану арқылы жасалынады?
Қазақстан Республикасының Заңында әрбір адам өзінің туған жерінің табиғатын, лонда мекендейтін жан – жануарларды, аң – құстарды, өсімдіктерді қорғау керектігі көрсетілген.
Осы бағытта сіздер қандай үлес қоса алар едіңіздер?
(Ұя жасау, тал егу, ауыл, су тазалығын сақтау, аңдарға қамқорлық, т.б.)
Ү. Үйге: 325 – жаттығу. Ереже жаттау.
ҮІІ. Бағалау.