Без рубрики

Ү дыбысы мен әрпі

Батыс Қазақстан облысы,

Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылы

М.Б.Ықсанов атындағы орта жалпы білім беретін

мектеп- балабақшаның бастауыш класс мұғалімі

Бакаева Гүлсім Каримовна

І санатты мұғалім

Сабақтың тақырыбы: Ү дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты.Білімділік:Ү дыбысы мен әрпін таныту.Ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуды үйрету.Оның жіңішке дауысты дыбыс екенін айту. Ү әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру.Мәтінмен жұмыс жасау.

Дамытушылық: Ү дыбысына байланысты жаңа сөздермен таныстыру арқылы оқушылардың ой-өрісін,тілін дамыту.Мәтінді түсініп оқуы,түсінігін айтып беруі,дүниетанымын кеңейту.

Тәрбиелік:Адамгершілікке,еңбексүйгіштікке,сауатты,әдемі,көркем жазуға тәрбиелеу,жазу каллиграфиясына қатаң көңіл бөлу.

Сабақтың көрнекілігі:кеспе әріптер,буындар,буклеттер,суреттер интерактивті тақта,электронды оқулық.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Пәнаралық байланыс: Математика

Сабақтың әдіс-тәсілі: жұптық,жекелей,суретпен жұмыс,салыстыру,логикалық,ойын.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық.

ІІ.Өткенді пысықтау.

-Ендеше,бүгінгі қонақтарға, өз білімімізді көрсетейік.Сабаққа жақсы қатысып отырмын оқушыға жұлдызша таратып отырамын,кім жұлдызшаны көп жинайды,сол бала жақсы мадақтама сөздермен бағаланады.

Кіріспе.-Биыл тәуелсіздігімізге неше жыл?-Еліміздің президенті кім?-Қандай рәміздеріміз бар?-Еліміздің астанасы қай қала?-Барып көрдік пе?-Несімен ұнайды?

Буклет көрсету:Көрікті жас қала,

Бой көтер астана.

 

 

-Әліппе кітабынан не үйренеміз?

-Дыбысты не істейміз?

-Әріпті не істейміз?

-Дыбыстардан сөз құралады.

-Өткен сабақта біз қандай дыбыспен таныстық?

-Жуан ба,жіңішке ме?

Слайд (1)

1.Тақтамен жұмыс. Үшбұрыштың астындағы жасырулы сөздерді оқу.

Бұзау,ұшақ,ұн,бұлт,құс,ұршық сөздерін буынға бөліп талдау.

Слайд (2)

2. Дауысты дыбыстардың астын сыздыру.

А,Р,Л,Ә,М,Ө,К,Ы,Т,О.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Жаңа сабағымызды сиқырлы сөзжұмбақтан бастайық. (Слайд )

Сөз жұмбақты шешу үшін бізге математика керек.

2+2 Т қандай сөз шықты?

2+1 Ү

3+3 Л

1+1 К

1+0 І

 

1.Түлкіге тоқталу.

-Түлкі қандай аң?

Түлкі туралы не білеміз?

Түлкі дегенде өздеріңе таныс емес дыбысты табыңдар.

-Ү деп дыбыстату. Хормен айту.

-Қалай дыбысталады?

-Қандай дыбысқа жатқызамыз?

-Сөздің қай жерінде тұр?

-Неше буын,неше дауысты дабыс?

Баспа,жазба түрімен таныстыру.

Ү дыбысына ұқсас заттар бар ма?

-Бәріміз екі қолымызды қосып ұя салайық.

Электронды оқулықпен жұмыс.

-Ал,Балалар бәріміз бейнетаспаға қарайықшы,қазір сендер Үәрпінен келетін бірнеше суреттерді көресіңдер,сендер естеріңе сақтап қалуға тырысыңдар.

-Қандай дыбысқа ұқсайды? Ұ

Сергіту сәті.

-Бүгін түлкі сендерден көмек сұрай келіпті.Сіздерге арнап хат жібетіпті.Хатты оқу.

Хат.

Құрметті оқушылар. Мен ормандағы аңдарды алдап едім,олар мені үйіме баратын жолмен өткізбей жатыр.Маған көмек беріп жолдан өткізсеңдер,енді ешкімді алдамаймын деп уәде беремін дейді.

Хат иесі:Түлкішек.

-Қу түлкі ормандағы барлық аңдарды алдап кеткен екен,үйіне барайын десе барлық аңдар жолына тұрып алыпты.

-Бір жолға оған көмек береміз бе?

-Ол үшін мына жолда тұрған аңдардың тапсырмаларын орындау керек.

1. “Аң патшасы-арыстан”тапсырмасы

Мәтінмен жұмыс Ормандағы аңдар.

1.Тұтас оқу.

2.Сұрақ жауап арқылы мазмұнын ашу.

-Түлкі қайда өмір сүреді?

— Терісінен қандай киімдер тігіледі?

3.Тізбектей оқу(Жақсы қатысқан оқушыға жұлдызша тарату.)

2.“Қорбаңбай аю”тапсырмасы:

Дәптермен жұмыс.

Тақтада ү әрпінің жазылу жолдарын түсіндіріп,ауада жаздыру.Жеке оқушыларды тақтаға жаздырып жұмыс жасау.(жұлдызша тарату).

3.“Қоян”тапсырмасы:

Доп лақтыру ”ойыны.

Шарты:Тақтаға екі оқушы шығып, бір-біріне доп лақтыра отырып,ү дыбысына сөздер айтады.Кім көп сөз айтады сол жеңеді.

(Жеңген оқушыға жұлдызша беру).

4. “Қасқыр” тапсырмасы:

Бағандағы ұ-ү дыбыстарын салыстыру.

(жуан,жіңішке айтылуын салыстыру.)

Ұн құн құз құндыз құрақ.

Үн күн күз күндіз күрек.

5. “Бұғы” тапсырмасы:

Сабаққа қорытынды:Не үйрендік?

Қандай дыбыспен таныстық?

-Қалай айтылады?

Ұ-Ү салыстыру.

Ұқсастығы:екеуі де дауысты дыбыс.

Айырмашылығы;жуан,жіңішке айтылуы.

Үйге:“Ормандағы аңдар” мәтінді оқу.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.