Сын есім
Батыс Қазақстан облысы,
Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылы
М.Б.Ықсанов атындағы орта жалпы білім беретін
мектеп- балабақшаның бастауыш класс мұғалімі
Закарина Марзия Хабдолқызы
І санатты мұғалім
Сабақтың тақырыбы: Сын есім
Сабақтың мақсаты:
1. Сын есім туралы алған білімдерін толықтыру, пысықтау. Сын есімді сөйлем ішінен тауып, қай сөзбен байланысып тұрғанын және дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету, сауатты, таза жазуға дағдыландыру.
2. Ұйымшылдыққа, адамгершілікке, бір бірін сыйлай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдіс -тәсілдері: Сұрақ -жауап, жұппен жұмыс, топпен жұмыс, топтастыру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушыларды екі топқа бөлу, әр топ өз білімін ортаға салу үшін сабаққа жақсы қатысу керектігін айтамын.
І топ – Алғырлар
ІІ топ – Тапқырлар
Әр топтың жетекшісі тағайындалып өз тобында сабаққа жауап беріп отырған оқушылардың білімін өздері бағалайды.
Сабаққа қызығушылығын ояту.
Бақыт, Бақыт.
Бақыт менде бақыт сенде,
Бақыт барлық жерде.
Тыныштық, тыныштық,
Тыныштық сенде, тыныштық менде.
Бейбітшілік, Бейбітшілік,
Бейбітшілік менде, бейбітшілік сенде
Бейбітшілік барлық жерде болсын.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен сабақты пысықтау.
Қазақ тілінде неше сөз табы бар? (9)
Нешеуімен біз таныспыз? (4)
І топ:
1. Жап, сыпыр, жазып отыр сөздері қай сөз табына жатады?
2. Етістік нені білдіреді?
3. Етістіктің қандай түрі болады?
А) (дара, күрделі)
Ә) ашық, тұйық
Б) жекеше, көпше
4. Өздері сөйлем мүшесі болмайтын, бірақ сөйлемде айтылған ойдың сөйлеушінің түрліше көзқарасын білдіретін қандай сөз табы? (қыстырма)
5. Іс – әрекеттің алдағы уақытта болатын қай шақ білдіреді.
6. Тұрлаулы мүшенің бір түрі.
ІІ топ:
1. Етістіктің сұрақтары қандай?
2. Күлме, ілме, ойнама. Бұлар етістіктің қай түріне жататынын айт.
3. Екі түбірден жасалған сөздер.
4. Іс – әрекеттің қазір болып жатқанын білдіретін қай шақ. табы? (қыстырма)
5. Кімнен? Неден? Қай септіктің жалғауы? (шығыс септігінің)
Сұрақ – жауап арқылы өткен сабақтарды қайталау.
– Етістік дегеніміз не?
– Етістіктің болымсыз түрі қалай жасалады?
– Осы шақ, келер шақ, өткен шақ нені білдіреді?
ІІІ. Жаңа сабақ. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Сын есім». Яғни, заттың белгілерін байқап, сындық ерекшеліктерімекн танысамыз. Сын есім туралы не білетіндеріңді топтастырайық.
Зат қандай? Қай?
түсін Сын есім түрін
дәмін сапасын көлемін
Ережені оқушыларға шығартып, айтқызу.
А) Оқулықпен жұмыс: 430-жаттығуды орындау.
І топ- Сын есімдерті тауып, астын сызу
ІІ топ- Сын есімнің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсету.
(Бір оқушы тақтаға орындап, талдайды.)
431-жаттығу. Тақтамен жұмыс
Мәтінді көшіріп жазу. Сын есімдердің не үшін қажет екенін түсіндір.
Ой шақыру:
Туынды сын есім дегеніміз не?
Ешбір жұрнақсыз түбір күйінде айтылатын сын есімді негізгі сын есім дейміз. Мысалы: ақ, аласа.
Жұрнақ арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім дейміз. Мысалы: Жалпақ, сусыз.
(Екі топтан оқушылар бір бірлеп тақтаға шығып бірнеше сөздер жазады.)
Негізгі сын есім Туынды сын есім
Қара, терең, таза Өнерлі, көтеріңкі, балалы.
Жақсы, үлкен, аласа
432-жаттығу.
І топ берілген зат есімдерден сын есім жасап жазу.
ІІ топ берілген етістіктерден сын есім жасап жазу.
435-жаттығу.
Ауызша орындалады. Сын есімдерді тап. Негізгі, туынды екенін айт.
Жұппен жұмыс.
Әр оқушы өз жұбының есімі бойынша бастапқы әрпінен бастап оның бойындағы жақсы қасиеттерді жазады.
Мысалы:
М – мәдениетті Р – рақымшыл
а – ақылды у – уайымшыл
д – дарынды с – сабырлы
и – инабатты л – лайықты
н – нәзік а – алғыр
а – ашық н – намысшыл
Венн диаграммасы
Жаман қасиет Жақсы қасиет
ІV. Қорытындылау.
Сын есім дегеніміз не?
Сын есімнің түрлері?
Ойын «Сен қандайсың?»
Шарты:
Мұғалім әр оқушыға аты қандай әріптен басталса, сол әріптен басталатын сын есімді оқушының атының алдына қойып мінездеме береді.
Дарынды Дастан
Ұқыпты Ұлмекен
Мәдениетті Мәдина
Байсалды Баянсұлу
Елгезек Еламан
Жомарт Жұмагүл
Мейірімді Мейрам
Тәртіпті Тұрсынай
Ержүрек Ердан
Ақылды Ақбота
Ризашыл Руслан
Гүлдей Гүлназ, дей отырып бәріңізге бақыт тілеймін.
V.Бағалау. Әр топтың жетекшісі оқушыларға баға береді.
VI.Үйге тапсырма. 434- жаттығу. Заттың түсін, көлемін, дәмін білдіретін сын есім тауып жазу.
